Леводопа+++ 202. Вирусты белоктардың «кеш» синтезін тежейтін дәріні белгілеңіз саквинавир+++ 203. Вириондардың «құрастырылуын»


опиодты рецепторларды тітіркендіреді+++



бет12/23
Дата27.11.2023
өлшемі75,3 Kb.
#193749
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
Диас фарм 95 (1)

опиодты рецепторларды тітіркендіреді+++
357.Науқас Х., кеуде қуысын тесіп өтетін жарақат диагнозымен ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Қарап тексергенде: науқаста қан қақыруымен жүретін, тұрақты жөтел анықталды. Науқасқа қандай препарат тағайындалды және препараттың шоққа қарсы әсерінің механизмін түсіндіріңіз… Морфин опиоидты рецепторларды қоздырып, ауырсынуды басады +++
358.Улану белгілері бар науқасты жедел жәрдем көмегімен ауруханаға жеткізді. Қарап тексерген кезде: комалық күйі, сирек тыныс алу, тері мен шырышты қабаттардын цианозы, брадикардия, қарашықтардың қатты тарылуы, дене температурасы төмендеген.Қандай препарат уланудың себебі болып табылады және оның фармакологиялық тобын белгілеңіз…Морфин, опиоидты рецепторлар агонисті+++
359.Науқас И., 35жаста, Улану белгілері бар науқасты жедел жәрдем көмегімен ауруханаға жеткізді. Қарап тексерген кезде: комалық күйі, сирек тыныс алу, тері мен шырышты қабаттардын цианозы, брадикардия, қарашықтардың қатты тарылуы, дене температурасы төмендеген. Препаратты анықтаңыз және тыныс алудың тежелу механизмдерін түсіндіріңіз…Морфин, тыныс алу орталығын тежейді, көмірқышқыл газына және рефлекторлық әсерлерге қозғыштығын төмендетеді+++
360.Науқас Т., 29жаста, Улану белгілері бар науқасты жедел жәрдем көмегімен ауруханаға жеткізілді. Қарап тексерген кезде: комалық күйі, сирек тыныс алу, тері мен шырышты қабаттардын цианозы, брадикардия, қарашықтардың қатты тарылуы, дене температурасы төмендеген. Морфинмен уланған диагнозы қойылды. Морфинмен уланғанда қандай препарат енгізесіз...Налоксон, налтриксон+++
361.Опиоидты мю-рецепторларының агонисті. Ол айқын ауырсынуды басатын әсерге ие, тыныс алуды тежейді. Тері астына немесе бұлшықетке енгізгенде әсер ету ұзақтығы 4-5 сағатты құрайды. Жүйелі қолданған кезде ол дәріге тәуелділікті тудырады. Препаратты анықтаңыз және оның фармакологиялық тобын көрсетіңіз…Морфин; Опиоиды рецепторлардың агонисті+++
362.Ауыруды басатын белсенділігі жағынан морфиннен 100-400 есе асып түседі, аз уақыт әсер етеді (венаға енгізгенде ≥30 минут). Нейролептанальгезия үшін таңдаулы препарат. Препаратты анықтаңыз және оның фармакологиялық тобын көрсетіңіз…фентанил; Опиоиды рецепторлардың агонисті+++
363.Ауырсынуды басатын әсері бойынша морфинмен салыстыруға болады. Морфинге қарағанда ол тыныс алуды және ішек перисталтикасын төмендетеді. Наркогендік потенциалы салыстырмалы түрде төмен. Мю- рецепторларының жартылай агонисті болып табылады. Препаратты анықтаңыз және оның фармакологиялық тобын көрсетіңіз…Бупренорфин, анальгезиялық заттар+++
364.Орталық жүйке жүйесінде ЦОГ-3 тежейді, орталыққа әсер ететін ауырсынуды басатын препарат. Қызуға қарсы белсенділікке ие, қабынуға қарсы әсері жоқ. Асқазанның шырышты қабығына, бүйрек қызметіне аз әсер етеді. Артық дозаланған жағдайда бауырдың зақымдалуы мүмкін. Препаратты анықтаңыз және оның фармакологиялық тобын көрсетіңіз… парацетамол, орталық әсерлі опиодты емес анальгетик+++
365.Препарат Ковид пандемиясы кезінде кеңінен қолданылды. Орталық әсерлі ауырсынуды басатын, қызуды түсіретін белсенділікке ие заттар. Қабынуға қарсы әсері жоқ. Асқазанның шырышты қабығына, бүйрек қызметіне аз әсер етеді. Артық дозаланған жағдайда бауырдың зақымдануы мүмкін. Препаратты анықтаңыз және ауырсынуды басатын әсерінің механизмін түсіндіріңіз.Парацетамол; Орталық жүйке жүйесінде ЦОГ 3ті тежейді+++
366.ОЖЖ дофаминдік рецепторларды тежейді, психоз (сандырақтау, галлюцинация) белгілерін бәсеңдетеді, тыныштандырғыш әсер көрсетеді. Қан қысымын төмендетуі мүмкін. Жанама әсерлері М-холинергиялық рецепторлардың блокадасына байланысты. Экстрапирамидалық бұзылыстарды тудырады. Препаратты анықтаңыз және оның фармакологиялық тобын көрсетіңіз.Аминазин;Фенотиазин туындысы(типті), нейролептик+++
367.ОЖЖ дофаминдік рецепторларды тежейді, психоз (сандырақтау, галлюцинация) белгілерін бәсеңдетеді, тыныштандырғыш әсер көрсетеді. Препарат артериялық қан қысымын төмендетеді. Жанама әсерлері - экстрапирамидалық бұзылыстар, М холинорецепторлардың блокадасына байланысты. Препаратты анықтаңыз және психозға қарсы әсерінің механизмін түсіндіріңіз.Аминазин; постсинапстық дофаминдік D2 рецепторларды тежейді+++
368.Препарат айқын психозға қарсы әсерге ие (бутирофенон туындысы) бірақ аминазинге қарағанда (хлорпромазин) аз, вегетативті функцияларға әсер етеді (адрено-, холиноблокаторлық әсері аздап айқын). Аминазинге қарағанда жиі экстрапирамидалық бұзылыстар тудырады. Препаратты анықтаңыз және оның фармакологиялық тиістілігін көрсетіңіз.Галоперидол;бутирофенон туындысы+++
369.Бутирофенонның туындысы, айқын психозға қарсы әсерге ие, бірақ аминазинге қарағанда аз, вегетативті функцияларға әсер етеді (адрено-, холиноблокаторлық әсері аздап айқын). Аминазинге қарағанда жиі экстрапирамидалық бұзылыстар тудырады. Препараты анықтаңыз және препарттың психозға қарсы әсерінің механизмін түсіндіріңіз.Галоперидол; дофаминдік D2 рецепторларын блоктайды, орталық альфа-адреноблокаторлық әсер,норадреналиннің нейроналды ұсталуының бұзылуымен және қорға жиналуына байланысты+++
370.Препарат ГАМК циклдік туындысы болып табылады. Ақыл есінің дамуы қалыс қалған балалардың оқу процессін жақсартады. Ми жарақатынан, интоксикациядан, инсульттан зардап шеккен жоғары жүйке қызметін жақсартады. Емдік әсері баяу дамиды. Препаратты анықтаңыз және оның фармакологиялық тиістілігін көрсетіңіз. Пирацетам-ноотропты заттар +++
371.Препарат психостимуляциялық қасиетке ие. Сопақша мидың өмірге қажетті орталықтарын ынталандырады, кардиостимуляторлық әсерге ие. Пуринерниялық (аденозиндік) рецепторлардың антагонисті. Препаратты анықтаңыз және оның фармакологиялық тобын көрсетіңіз.Кофеин-метилксантиндер;психостимулятор+++'>Кофеин-метилксантиндер;психостимулятор+++
372.Препарат психостимуляциялық қасиетке ие. Сопақша мидың өмірге қажетті орталықтарын ынталандырады, кардиостимуляторлық әсерге ие. Пуринерниялық (аденозиндік) рецепторлардың антагонисті. Препаратты анықтаңыз және психостимуляторлық әсерінің механизмін түсіндіріңіз.Кофеин (орталық және шеткі аденозиндік рецепторларды блоктайды) ОЖЖ қоздырады+++
373.Серотониннің, норадреналиннің нейроналды ұсталуын таңдамалы емес тежейтін антидепрессант. Айқын тыныштандырғыш қасиетке ие. Жанама әсерлері холино- және адренорецепторлардың тежелуіне байланысты. Препаратты анықтаңыз:Амитриптилин, имизин+++
374.Дофамин рецепторларын тежейтін, психозға қарсы препарат. Қысқа уақыт әсер етеді, нейролептанальгезия үшін қолданылады. Препаратты анықтаңыз және оның фармакологиялық тиістілігін көрсетіңіз. Бутирофенон туындысы дроперидол ;Психозға қарсы.+++
375.Серотониннің нейроналды ұсталуын таңдамалы тежейтін антидеспрессант. Психостимуляторлық әсер тудырады, тыныштандырғыш әсер көрсетпейді. Адренорецепторлық және М-холинорецепторлық әсері жоқ. Препаратты анықтаңыз.Флуоксетин+++
376.Бұл препарат мынадай жанама әсерлерді тудырады: ауыз қуысының құрғауы, аккомодацияның бұзылысы, тахикардия, жүрек аритмиясы, іш қату, зәр шығарудың қиындауы, артериялық қан қысымының төмендеуі. Препаратты анықтаңыз: имизин+++
377.ОЖЖ моноаминдердің нейроналды ұсталуын тежейтін антидепрессант. Психостимуляторлық әсері және салыстырмалы түрде әлсіз тыныштандырғыш әсер көрсетеді. М-холиноблокаторлық белсенділікке ие. Препаратты анықтаңыз. амитритилин+++
378.Қыртыстарда тежелу үрдістерін күшейтетін және шоғырлануға бейім, тыныштандырғыш заттар. Ағзада жинақталуға қабілетті. Бромизм құбылыстарын туғызады. Препаратты анықтаңыз: натрий бромиді+++
379.Метилксантиннің туындысы, аденозиндік рецепторлардың антагонисті. Ақыл-ой және физикалық жұмысқа қабілеттілігін арттырады, уақытша ұйқы қажеттілігін азайтады. Тыныс және тамыр қозғалтқыш орталықтарын ынталандырады. Кезбе жүйке орталықтарын қоздырады. Ішкі ағзаларға және қаңқа бұлшықеттеріне тікелей миотропты және кардиостимуляциялық әсер көрсетеді. Препаратты анықтаңыз:Кофеин++++
380.Оқу мен есте сақтау қабілеті бұзылысын жақсартатын ГАМҚ туындысы. Ми тіндерінің гипоксияға төзімділігі жоғарылайды (гипоксияға қарсы әсері). Терапиялық әсері баяу дамиды. Препаратты анықтаңыз:Пирацетам+++
381.Препарат бензамидтер туындысына жатады. Әсер етуі бойынша «атиптік» нейролептиктерге жатады. Дофаминдік Д2-рецепторды тежеу арқылы психозға қарсы әсер етеді. Препаратты анқтаңыз...Сульпирид+++
382.Препарат «күндізгі» транквилизаторларға жатады. Бензодиазепинді рецепторды қоздырады. Эмоциальды күйдің төмендетеді, қорқыныш, үрейді азайтады. Препаратты анықтаңыз…Медазепам (мезапам)+++
383.Препарат МОА қайтымсыз тежейтін антидепрессанттарға жатады. Писхиканы қуаттандырады. Препаратты ірімшікпен қосып қолдануға болмайды. Препаратты анықтаңыз...Ниаламид+++
384.Бұл топтың препараттарымен уланғанда науқаста айқын көз қарашығының кішіреюі, жұлындық рефлекстер жоғарылаған: басында эйфория, мазасыздық, ауыздың құрғауы; соңынан басының ауруы күшейеді, бас айналуы, ыстық сезімі, жиі несеп шығару, іш аймағында ауырсыну байқалады. Ұйқышылдық есінен тануға дейін әкеледі. Тынысы беткей, минутына 3-5 тыныс соңынан тоқтауы мүмкін (Чейн-Стокс тынысы). Улануды туғызған препараттар тобын анықтаңыз...Морфин, опиодты анальгетиктер+++
385.Бұл затпен уланғанда басында ОЖЖ қозады, сосын тежеледі. Қозу кезінде қозғалтқыш белсенділігі, мазасыздық, құсу пайда болды. Науқастың аузынан алкогольдің иісі шығады. Ауыр улануда терең коматозды жағдай: есінен тану, кеуде мен қол-аяқтарының салқындауы пайда болды және дене қызуы төмендеген, тынысы сиреген, жүрек тоны тұйықталған, пульсі жиілеген, АҚ төмендеген. Көз қарашығы басында кішірейген, соңында кеңейген. Рефлекстер жоғалған. Жұтынуы қиындаған (кейде толығымен жойылған). Метанолмен уланғанда қолданылуы мүмкін. Немен уланғанын анықтаңыз...Этил спирті+++
386.Қосылыс метил спиртімен уланғанда қолданылуы мүмкін, алкогольдегидрогеназаны тежеу арқылы формальдегидтің түзілуін жояды. Қосылысты анықтаңыз...Этил спирті+++
387.Препарат уларды байланыстыратын және организмнен шығуын қамтамасыз ететін антидоттар тобына жатады. Жүрек гликозидтерімен, ауыр металл тұздарымен улануда қолданылады. Сульфгидрильді топтың жетіспеушілігін жояды. Белсенді сульфгидрильді топтары қанда және тінде этил уларымен байланысып, несеппен шығарылатын улы емес кешен түзеді. Антидотты анықтаңыз...Унитиол, калий препараттары+++
388.Препарат фолий қышқылының антиметаболиті болып саналады. Дегидрофолатредуктаза мен тимидилсинтетазаны тежейді, нәтижесінде ДНҚ синтезін тежейді. Лейкозды емдеуде тиімді. АІЖ кілегей қабатын зақымдайды, конъюнктивит туғызады. Препаратты анықтаңыз...Метотрексат+++
389.Препарат нитрозомочевина туындысы болып саналады, айқын цитотоксикалық әсері бар. ДНҚ көлденең байланысуын қамтамасыз етеді. Өкпенің кіші клеткалық обырында және лимфогрануломатозда қолданылады. Препаратты анықтаңыз… ломустин
390.Препараттың құрамында металл бар, тек цис-конфигурация түрінде белсенді. Антиметотикалық әсер етеді, клеткаға еніп ДНҚ байланысады және көлденең байланыстар түзеді. Тек көктамырға енгізеді, гематоэнцефальдық кедергіден нашар өтеді. Препаратты анықтаңыз...Цисплатин+++
391.Асқазанның, тоқ ішектің және сүт безінің обырында қолданылатын қатерлі ісіктерге қарсы дәрі. Тимидилсинтетазаны тежеп, ДНҚ түзілуін тоқтатады. Препаратты көктамырға енгізеді, бауырда жартылай метаболизмге ұшырайды және бүйрек арқылы шығарылады. Жағымсыз әсерлері: қан түзілуінің тежелуі, АІЖ кілегей қабатының жаралануы, шаштың түсуі, тырнақтардың зақымдалуы, дерматиттер. Препаратты анықтаңыз… метотрексат(фторурацил возможно но не точно)+++
392.Науқас қорқыныш, үрей, мазасыздық, күйзеліс шағымдарымен дәрігерге қаралды. Науқасқа диазепам тағайындалды. Препарат қандай фармакологиялық топқа жатады...Эпилепсиялық статусқа қарсы(ұзақ тоқтамайтын үлкен тырысулық ұстамалар) бензодиазепин рецепторларының агонситі, анксиолитик
393.Туберкулезді емдеуге ацетилденуі бауырда жүретін және генетикаға байланысты инактивация жылдамдығы әр адамда әртүрлі болатын туберкулезге қарсы дәрі тағайындалды. Препаратты анықтаңыз...Изониазид+++
394.Науқас несеп пен көз жасының қызғылт түске боялғанына шағымданып, дәрігерге қаралды. Анамнезінен өкпе туберкулезімен ауруына байланысты ем қабылдап жүргені анықталды. Бұл жағдай қандай туберкулезге қарсы дәріні қолдануына байланысты...Рифампицин+++
395.Изониазидті ұзақ қабылдаған науқаста дәрігер полиневрит, парестезия, есте сақтаудың бұзылысы, тырысулардың пайда болғанын байқалды. Препараттың жағымсыз әсерінің даму механизмін көрсетіңіз...коэнзим болып табылатын пиридоксаль (В6) фосфатының синтезін тежеу
396.Аурухананың инфекциялық бөліміне амебалық дизентерия диагнозымен науқас түсті. Қандай препарат тағайындау керек... хингамин, тетрациклин, метринидазол
397.Жүктіліктің птологиясы бар босанушы әйелге босану кезіндегі ауырсынуды жою үшін промедол енгізілді. Бұл препарат қандай фармакологиялық топқа жататынын көрсетіңіз...Опиоиды анальгетиктер(агонист)+++
398.Наркотикалық тәуелділігі бар науқасты емдеуге опиатты рецептордың арнайы антагонисті тағайындалды. Препаратты атаңыз...Налоксон, налтрексон+++
399.42 жастағы ер адамда миокард инфарктысы диагнозы қойылды. Науқасқа нейролептанальгезия жасалынды. Қандай нейролептик қолданылды...дроперидол+++
400.Босанудан кейінгі психозды емдеу үшін психотропты дәрі тағайындалды. Препарат лейкопения, агранулоцитоз, аллергиялық дерматит және экстрапирамидалық бұзылыстар туғызды. Препаратты анықтаңыз. .. аминазин
401.Жедел психозбен ауыратын науқас 2 апта дәрі қабылдады, бірақ та паркинсонизм белгілері дамыды. Осындай асқынуды қандай препарат туғызады...аминазин (нейролептик)+++
402.Периоститпен ауыратын науқасқа грам оң микроорганизмдер, спора түзуші бактериялар, клостридиялар, анаэробтарға сезімтал антибиотик тағайындалды. Препарат сүйек тініне жақсы өтеді. Препаратты анықтаңыз… линкомицин, клиндамицин???????????7
403.Тыныс демікпесімен ауыратын науқасқа бета-адреномиметиктер тобынан препарат тағайындалды. Осы препаратты көрсетіңіз...сальбутамол, фентерол


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет