Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс.
Үлгерімі төмен оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше білім алып, жазуға оқуға ынталандыру мұғалімнің алдына қойған басты міндеті және мақсаты болып табылады.
Мектепке дейінгі балалармен оқу - тәрбие жұмысын жүргізу сапалы білімге, олардың сезімдеріне бағытталуы керек. Көп назарды балалардың сөйлеу қабілетін дамытуға, олардың сөздік қорын белсенді байытуға назар аудару керек. Сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта ырықты зейін мен ырықты есте сақтауды дамыту қажет. Осы мақсатпен әртүрлі дидактикалық және рөлдік ойында қолдануға болады. Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстары көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді. Ата - аналар мен мұғалімдерге үлгерімі төмен немесе артта қалушы оқушы деген түсінікті анықтап алып, сосын оқушының үлгерімінің төмендеу факторлары мен негізгі себептері қандай екенін анықтап алу қажет. Білім стандартын меңгеруде оқушының үлгермеуінің келесі белгілері мынандай : Оқушы мәтін бойынша сұрақтарға жауап бере алмайды, сонымен қатар мәтіннің мазмұнын әңгімелеп бере алмайды. Берілген тапсырманың қиындығы неде екенін білмейді және айта алмайды. Оның орындалу жолдарын және өз бетімен тапсырманы орындай алмайды. Мұғалім ұсынған қосымша әдебиеттерді оқымайды және оқығанын айтып бере алмайды. Өзінің жетістігі мен сәтсіздігіне мән бермейді, өзін-өзі бақылай алмайды. Өзі орындап отырған жаттығудың мақсатын түсіндіре алмайды, ережені орындамайды, әрекеттер ретін ауыстырып алады және алынған нәтижесін де тексере алмайды, өз ойын толық жеткізіп, ойын дәлелдей алмайды. Осы мәселені зерттеуші ғалымдар оқу үлгерімінің төмендеуіне әсер етуші факторлар мен себептерді әртүрлі жіктейді. Л.С. Славина үлгерімі төмен оқушылар түрлерін артта қалушылықтың басым себептері бойынша бөледі:
Оқуға теріс көзқарасы қалыптасқан оқушылар. Оқушы оқудағы қиындықтарды жеңіп, өзіне жүктелген міндеттерді және сабақты жақсы оқуға талпынуы үшін оның бойында оқуға деген тұлғалық және қоғамдық мотивтері болуы қажет. Демек белгілі бір себептерге байланысты осындай мотивтердің болмауы оқушылардың үлгерімінің төмендеуіне әкеп соғады. Үлгерімнің төмендеуінің екінші бір себебі оқу материалдарын меңгерудегі кездесетін қиындықтарды жеңуі интеллектуалдық пассивтілікпен сипатталады;
Үлгерімнің төмендеуінің басты себебінің бірі оқушылардағы оқу жұмысы әдістерінің дұрыс қалыптаспағандығы болуы мүмкін. Оқушы оқу материалын жаттай алмайды және өз жұмысының жоспарын құра алмайды, кесте, карталарды қолдана білмейді, есептерді дұрыс шеше алмайды.
Мұндай артта қалудың алдын алу үшін жұмыс балалардың ақыл-ой әрекетін белсендіруге, сөйлеу қабілетін дамытуға, практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталуы керек.
Қазіргі мектептерде сөз-логикалық ойлауға үлкен талап қоюда. Ән, сурет, спорт пәндері арқылы көрнекі амалды, нақтылы-бейнелі және практикалық ойлауға сүйенуді талап ету оқудағы артта қалу мәселелерін шешудің бір жолы болып табылады.
Үлгермеушілік сабақ барысында қалыптасады және оның алдын алуға, күресуге болады. Бұлардың ішіндегі негізгілері мыналар:
- жекелеген мұғалімдер сабақтарының сапасындағы, жаңа материалды
тиісінше түсіндіре алмауы, бекіту жұмысының әлсіз жүруі, оқушы білімін
есепке алудың болмауы, мұғалімнің тиісті дәрежеде талап етпеуі;
- үй тапсырмасын орындау жұмысын дұрыс ойластырмау және
тыңғылықты тексерудің болмауы;
- мұғалімдердің өз оқушыларын дұрыс білмеуі;
- жеке жұмыстың болмауы, танымдық қызығуын дамыта алмауы;
- мектепте үлгермеушіліктің алдын алу жөнінде жүйелі жұмыстың
болмауы, мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілерінің, әлеуметтік ортақ
жұмыс жүргізбеуі;
- тәрбие жұмысындағы олқылықтар, оқушылардың сабақтағы нашар
тәртібі, өз міндеттерін саналы түрде түсінбеуі, мектеп әкімшілігі
тарапынан тәртіп бұзушыларға уақтылы және тиісті шара қолданбауы;
- бағалаудағы біржақтылық ;
Ең алдымен мұғалім мен сынып жетекшісінің жұмысымен танысуы керек (үлгермеу себептерін айқындау, біліміндегі олқылықтардың сипаты). Оқушылардың үлгермеушілігінің себептерін зерттеу мақсатында мектепте педагогикалық семинарлар, коучинг семинарлар, тренингтер өткізуі тиіс.
Оларға төмендегі тақырыптарды қарастыруға болады:
Нашар үлгеретін және үлгермейтін оқушыларға білім беру үрдісін белсендіру, үлгермеушілікті болдырмау және алдын алу жөніндегі педұжымның іс - әрекеті. Бұл шараларда оқушыны зерттеудің жалпы бағдарламасы қарастырылып пікірлер тыңдалып, үлгермеушілік себептері айқындалуы және жеке оқушыны оқытумен тәрбиелеуді жетілдіру шаралары қарастырылуы қажет.
Қазіргі кезеңде сабаққа қойылатын талаптарға байланысты сабақты тек оқытумен ғана шектеп қоймай, сонымен бірге тәрбиелеу, дүниетану, әрбір сабақ барысында оқушыны өздігінен еңбектеніп, қорытынды жасай білуге баулу арқылы бірте-бірте ғылым негізіне саналылықпен қарайтын азамат етіп тәрбиелеуге болады.
Сонымен қатар, мектеп оқушыларының үлгермеушілігін болдырмау әр отбасындағы тәрбиеге, ата-ананың жауапкершілігіне де байланысты.
Қорыта келгенде, мен өз жұмысымды жазу нәтижесінде төмендегідей ұсыныстарды ұсынып отырмын: Ата-ана үнемі сынып жетекшісімен қарым-қатынаста болу керек. Үлгермеуші оқушылармен жұмыс жүргізуге арналған әдістемелік құралдарға сүйеніп, электронды оқулықтар мен интербелсенді тақтаны да қолданған жөн.
Жумасанова Айгуль Бариевна Қ. Оспанова атындағы № 3 ЖОББМ
бастауыш сынып мұғалімі
Достарыңызбен бөлісу: |