мектеп басшысына сақтау үшін тапсырылады. Тексеру кезінде қателердің асты сызылады. Жалпы орта білім курсы бойынша эсседе қателердің саны жеке көрсетіледі.
Математика (алгебра) пәні бойынша "2" және "5"деген бағалар қойылған жазбаша жұмыстарға мектеп Комиссиясы пікір жазады. 9 сыныпта жұмыстар балл қою схемасына сәйкес тексеріледі.
9 сынып білім алушыларының пәндер бойынша қорытынды аттестаттау нәтижелері балл түрінде журналға (қағаз/электрондық) қойылады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес емтихан балдарын емтихан бағасына ауыстыру шәкілі бойынша ауыстырылады.
9 сыныпта пән бойынша қорытынды бағаларды шығару кезінде қорытынды баға емтихан нәтижелері (бес балдық шәкіл бойынша) және оқу жылындағы тоқсандық бағалар (бес балдық шәкіл бойынша) 30% - 70% пайыздық арақатынаста қойылады. Қорытынды бағаны дөңгелектеу ең жақын бүтіндікке қарай жүргізіледі.