Үлгілер альбомы кодтық белгіленуі: 05/12–14 атауы: іс-әрекет


Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі



бет131/143
Дата11.04.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200753
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   143
Байланысты:
Алгоритм мейірбике

Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
1. Алдағы зерттеудің маңызы туралы негізгі хабарламаны түсінікті түрде науқасқа жасырын жағдайда беріңіз.
2. Зерртеуді жүргізуге науқастың келісімін алыңыз.
3. Зерттеуге дейін 3 күн бойы тамақ рационынан жел (газ) болдыратын тағамдарды (көкеністер, жеміс-жидектер, сүт, дрожыдан жасалған тамақтар, қара нан, жемістен жасалған соктар) қолданбайды.
4. Іш кепкенде науқас 3 күн бойы дәрігер тағайындаған препораттарды қабылдайды.
5. Бір күн бұрын кеште (22 сағатта) және таңертең 1,5-2 сағат зертеуге дейін науқасқа тазарту клизмасын «таза су» нәтижесі болғанша құйыңыз.
6. Зерттеуді ашқарында жүргізу қажеттілігі туралы науқасқа ескертіңіз (соңғы тамақты қабылдау зерттеуге дейін 18-20 сағат бұрын). Таңертең зерттеу алдында тамақты, сұйықтықты, дәрілерді қабылдамау керек, темекі шегуге болмайды, инъекциялар және басқа да емшаралар жасалмайды.
7. Зерттеуге 1-2 сағат қалғанда контрасты заттарға сезімталдық байқауын жасаңыз t-370 С дейін жылытылған, 1,0 мл контрасты затты көк тамырға енгізеді.
8. Тура зерттеу жүргізер алдында науқастан қуығын босатуын сұраңыз.
9. Тағайындалған сағатқа науқасты ауру тарихымен рентген кабинетіне ілестіріп апарыңыз.
Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа шолу суреттері жасалады, осы уақытта мейірбике рентген кабинетінен шығады.
2. Дәрігердің тағайындауы бойынша науқасқа t-370 С дейін жылытылған 20-50 мл контрасты затты 8-10 минут бойы ақырын науқастың көк тамырына енгізіңіз.
3. Анықталған аралық уақыт арқылы науқасқа суреттер сериясы орындалады.
4. Суреттерді жасағанда мейірбике рентген кабинетінен шығады.
5. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз. Науқасқа бақылау мен тыныштықты қамтамасыз етіңіз.

ХV. СҮҢГІЛІ МАНИПУЛЯЦИЯЛАР
АСҚАЗАНДЫ ЖУУ
Мақсаты: диагностикалық: емдік, өңеш арқылы асқазан ішіндегі затты шығару.
Қолдану көрсетілімдері: сапасы төмен тамақпен, дәрі-дәрмектермен, ішкілікпен, саңырауқұлақпен, иісті газбен уланғанда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет