Үлгілер альбомы кодтық белгіленуі: 05/12–14 атауы: іс-әрекет


Цистоскопияны дәрігер жасайды , мейірбике көмекші қызметін атқарады



бет128/143
Дата11.04.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200753
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   143
Байланысты:
Алгоритм мейірбике

Цистоскопияны дәрігер жасайды , мейірбике көмекші қызметін атқарады.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа психиологиялық дайындықты жүргізіңіз , зерттеудің мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Зерттеуді ашқарынға жасаңыз.

  3. Таңертең зерттеу алдында науқасқа жыныс мүше аймағын мұқият жуу керек екенін ескертіңіз , оны гигиениялық емшара іс-әрекетіне сыртқы жыныс мүшесін жууды үйретіңіз.

  4. Таңертең зерттеуге дейін 2 сағат бұрын тазарту клизмасын жасаңыз.

  5. Тұп-тура зерттеу жасар алдында науқасқа қуығын босатуды ұсыныңыз.

  6. Белгіленген сағатта науқасты ауру тарихымен эндоскопиятық кабинетіне ерітіп барыңыз.

  7. Зерттеуден кейін науқасты палатаға дейін ертіп апарыңыз.

  8. Зерттеуден кейін 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтау қажет екендігін науқасқа ескертіңіз.


НАУҚАСТЫ УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ДАЙЫНДАУ
іш перде қуыс мүшелері (бауыр, өт, ұйқы безі,талақ) және бүйрек
Мақсаты : зерттеуге науқасты сапалы дайындауын қамтамасыз ету.
Қолдану көрсетілімдері : іш перде қуысы және бүйрек мүшелерінің аурулары.
Дайындаңыз : дәрігер тағайындаған дәрілерді, сүлгіні, ақ жайманы.
Ультрадыбыстық зерттеулерді дәрігер жүргізеді, ал мейірбике науқасты
дайындайды.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп , оның рұқсатын алыңыз.

  2. Дайындау ережесін бұзуының.

  3. Зерттеу ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіп қойыныз.

  4. Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын тамақтану рационынан жел(газ) жинауды болдырмайтын тамақтарды қабылдамайтынын науқасқа түсіндіріңіз (көкөністер , жеміс-жидектер, сүт тағамдары, қара нан , бұршақ тағамдар, жеміс сөктер) , таблеткалы іш айдайтын дәрілер.

  5. Науқас зерттеу қарсаңында дәрігердің тағайындауы бойынша іш кебуді болдырмайтын дәрілерді қабылдамайды.

  6. 8-12 сағат зерттеуге дейін науқас тамақ қабылдауды тоқтатуы керек.

  7. Зерттеу қарсаңында кеште тазарту клизмасын қойыңыз.

  8. Зерттеу алдында темекі шегуге болмайды.

  9. Науқас ультрадыбыстық зерттеуге барғанда өзімен бірге сүлгіні және ақ жайманы алады.

  10. УДЗ кабинетіне науқасты ауру тарихымен ілестіріп апарыңыз.

  11. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.

Кіші жамбас мүшелерін ультрадыбыстық зерттеуге (қуықты, қуық асты безі, жатыр
қосалқылары):

  • науқастың дайындығы іш перде қуысы мүшелерінің УДЗ сияқты жүргізіледі;

  • науқасқа зерттеуге 2-3 сағат қалғанға дейін 1,5 л сұйықтықты (қайнаған су) ішуі қажет екенін ескертіп қойыныз;

  • науқастан зерттеуге дейін кіші дәретке (толық қуық) отырмауын сұраңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет