Рентгенологиялық кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
12. Науқасты сол жақ қырына аяғын ішіне келтіріп жатқызыңыз.
13. Рентген кабинетінде науқасқа клизма көмегімен барий сульфатын 1,5 л дейін (t 36-370С) енгізіңіз.
14. Рентгенологиялық зерттеуді жүргізгенде мейірбике рентген кабинетінен шығады.
15. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.
Ескерту:
ішекте газ пайда болуын азайту мақсатымен зерттеуге 3 күн қалғанда тамақ рационынан: шикі көкөністерді, жеміс-жидектерді, жеміс соктарын, қара бидай наны, сүт және дрожжалық тағамдарды, тәтті тағамдарды алып тастаңыз;
тағайындаңыз: ботқаларды, кисельді, омлетті, пісірілген ет және балық тағамдарын, жұмыртқаны, ірімшікті, сырды, ақ нанды, сорпаны, ақ сухариларды.
НАУҚАСТЫ КӨКТАМЫРЛЫҚ (ЭКСКРЕТОРЛЫҚ)
ПИЕЛОГРАФИЯҒА ДАЙЫНДАУ
Бүйректі және зәр бөліну жолдарын рентгенологиялық зерттеу – контрасты затты (урографин, верографин, триобраст және т.б) парентеральдық жолмен енгізуге негізделген.
Мақсаты:диагностикалық: зәр жүйелері мүшелерінің орналасуын анықтау, бүйректің көлемін және түрін бағалау, функциональды қабілеттілігін анықтау (контрасты заттың жиналуы және бөлінуі бойынша), осы мүшелерде конкременттердің барлығын, зәрағар жолы өткізгіштігін анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: бүйрек және зәр шығару жолдарының барлық аурулары.
Қарсы көрсетілімдері: бүйректің өткір аурулары, геморрогиялық диатездер, йод препараттарына сезімталдығы жоғары, тиреотоксикоз, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі.
Асқынулар: йод препарттарына деген аллергиялық реакция.
Дайындаңыз: дәрігердің тағайындауы бойынша контрасты парентеральды затты, көк тамырға инъекция жасауға арналған лоток құрал-жабдықтарымен, анафилактикалық шокта жедел көмек көрсетуге арналған жиынтық, 30% тиосульфат натрий ерітіндісі (йоды бар контрасты препараттарға арналған арнайы антидот), жолдама бланкісі (зерттеу әдісінің аты, науқастың аты-жөні, жасы, мекен жайы немесе ауру тарихының номері, диагнозы, зерттеу күні көрсетіледі).
Достарыңызбен бөлісу: |