Жанталасу басындағы жағдай (симптомдар жиынтығы):
мәңгіру;
есі шатасқан;
артериальдық қысым 60 мм с.б. деңгейіне дейін және төмен кенеттен төмендейді;
шеткерлі артериальды тамыр соғудың толысуы (жіп тәріді) азаяды және жиеленеді;
тыныс алуы жие, үстірт;
ентігу ( тахипноэ- тыныс алуы жиі);
терісі және шырышты қабықтары бозарады, көгереді.
Өлім үстіндегі жағдайдағы үзіліс- бұл жанталасу басындағы жағдайдан жанталасу жағдайына көшетін жағдай. Соңғы өлім жағдайы қатты жиі дем алыстан кейін (тахипноэ) кенеттен дем алысы тоқталуымен сипатталады.
Соңғы өлім жағдайындағы үзілістің ұзақтығы 5-10 секундттан 3-4 минутқа дейін тербелінеді.
Жанталасу жағдайы- тура өлім алдында болатын организмнің бейімделу реакциясының және реактивті соңғы көріністерінің жиынтығы.
Жанталасу жағдайы ( симптомдар жиынтығы):
-тыныс алудың бұзылуы ( Биот, Чейн-Стокс, Куссмауль тыныс алуы, гаспинг).
Әрбір демді ішке алған сайын жаңа шыққалы жатқан зардап шегушінің басы артқа қарай шалқақтайды, ауаны жұтқандай болады (гаспинг);
ес түсі жоқ, барлық рефлекстері тежелген, көз қарашығы кеңейген;
жүректің жиырылуы жиіленеді;
артериальды қысым 20-40 мм с.б. деңгейіне дейін төмендейді;
шеткері артерияларда тамыр соғысы жоғалады және ірі артериялары кенеттен әлсірейді;
жалпы тонустық құрысу;
дене қызуы төмендейді;
еріксіз кіші және үлкен дәретке отыру.
Клиникалық өлім – бұл қайтарымды жағдай, организмнің бірнеше минут бойы (5-6
мин) өткізетін халі, қан айналымының және тыныс алуының толық тоқтау жағдайында, бас миының үлкен жартышарысы қыртысының өткізетін уақытымен анықталады.
Зат алмасу процесінің сөнуі анықталған тізбектілікпен болады.
Тұп-тура жүрек және өкпенің жұмысы тоқтаған соң, зат алмасу процессі қатты
төмендейді, бірақта анайробты гликолиз механизмі нәтижесінде толық тоқталмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |