Үлгілер альбомы кодтық белгіленуі: 05/12–14 атауы: іс-әрекет


Ескерту: едәуір мөлшерде қан көрінсе онда зерттеуді тоқтату қажет. НАУҚАСТЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ҰЛТАБАРҒА СҮҢГІЛЕУДІ ЖҮРГІЗУ



бет135/143
Дата11.04.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200753
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   143
Байланысты:
Алгоритм мейірбике

Ескерту: едәуір мөлшерде қан көрінсе онда зерттеуді тоқтату қажет.

НАУҚАСТЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ҰЛТАБАРҒА СҮҢГІЛЕУДІ ЖҮРГІЗУ


Мақсаты: диагностикалық: 12-елі ішектің және өт қалта ішіндегі өтті лабараториялық зерттеуге алу, қысқарылатын сипатын зерттеу және өт қалтасы қызметінің шоғырландырып сақталуын және қысқыш (айналшық, сфиниктер) жағдайын бағалау; емдік – өт қабының қабынуы әлсіздігінде, холестатикалық гепатитінде), дәрі – дәрмектерді енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: өт қалтасының, бауыр, өт шығару жолдарының аурулары.
Қарсы көрсетілімдері: ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің күйігі және аурулары, өңеш тамырының кеңеюі, порталды гипертензия қатерлі ісіктің қансырауы, асқазан және 12-елі ішек ойық жарасы, өкпе – жүрек жетіспейшілігінде, жедел холецимтит және панкреатит, бронхиалды астма және т.б.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: ұлтабар сүңгісін және шприцін, 20 мл щприцті, лотокті, штативті белгіленген пробикаларымен, қысқышты, сүлгіні, салфеткаларлы, қолғаптарды, жылытқышты, жұмсақ көпшікті, аласа орындықты, өт қабығының қоздырғыштарын - 33% магний сульфат ерітіндісі 30-50 мл немесе 10% натрий хлорид ерітіндісі немесе 40% глюкоза ерітіндісі 40-50 мл немесе өсімдік майы 20-25 мл 40-60оС жылытылған, 8-10 тамшы 0,1% атропин ері тіндісін, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс – әрекет алгоритмі:

  1. Зерттеу таңертең ашқарында жүргізілетінін науқвсқв ескертіңіз.

  2. Науқасқа емшара тәртібі туралытүсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  3. Зерттеу алдында 18 сағаттан кешіктермей кеште науқасқа жеңіл тамақ беріңіз.

  4. Науқасқа ұйықтар алдында 2 таблетка спазмолитиктер немесе балы бар шайды

беріңіз, оң жақ қабырға асты аймағына жылытқышты қойыңыз.

  1. Емшара алдында науқастан алмалы-салмалы протезді тістерін шешуін сұраңыз

(егер де болса)

  1. Науқасты орындыққа дұрыс және ыңғайлы, яғни арқасы орындықтың арқасына

тығыз болуын, науқастан басын сәл алдына қарай еңкейтіп отырғызыңыз.

  1. Науқастың кеудесіне сүлгіні жабыңыз.

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.

  3. Залалсыздандырылған ұлтабар сүңгісін шамшуырмен (пинцетпен) алып, сүңгі

оливасының канюлясына орнықтылау сапасын тексеріңіз (тұрақты).

  1. Науқас жұтатын сүңгінің ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке

дейін –бірінші белгі және науқастың ашылған бір алақанындай арақашықтықты қосыңыз –екінші белгі).

  1. Оң қолға сүңгіні олива жағынан 10-15 см қашықтықта қалам ұштай алып ұстаңыз,

ал сол қолмен оның бос шетін ұстаңыз.

  1. Науқастан аузын ашуын сұрап, ылғалдатылған оливаны тілдің түбіріне салып,

науқасты мұрынмен терең дем алуын сұраңыз, жұту қозғалысын бір мезгілде жасап, сүңгіні бірінші белгіге дейін енгізіңіз (егер де науқас жөтелсе, онда жылдам
сүңгіні шығарып алыңыз). Сүңгінің бос шетін қысқышпен қысыңыз.

  1. Асқазан ішіндегі сұйықтықты шприцпен сорып алу арқылы асқазандағы сүңгінің

қалпын тексеріңіз.

  1. Науқас 10-20 минут бойы бөлмеде ақырын асықпай жүріп, сүңгіні екінші белгіге

дейін ақырындап жұтуын сұраңыз.

  1. Науқастың басына жастық қоймай оң жақ қырына жатқызып оң қолын арқасына

қойып, оған тізесінен аяғын бүгуін сұраңыз, жамбастың астына жұмсақ жастықты салыңыз, осындай жату қалпында оливаның асқазан қақпашығынан өтуін жеңілдетеді , оң жақ қабырға астына жылы жылытқышты салыңыз.

  1. Науқастың бас жағында кушетканың қасындағы аласа орындыққа штативті

пробиркалар қойызыз.

  1. Қысқышты босатып, сүңгінің бос шетін пробиркаға салыңыз.

  2. Асқазан сөл бөлінеді (асқазан ішіндегі лайлы ашық қышқылды қосындысы бар

сөл), сосын 30-60 минуттан кейін пробиркаға ашық- сары сұйықтық, сілтілі қосындысы жиналады ( ұлтабардағы өт «А» үлесі). Сүңгінің ұшына қысқышты салыңыз.

  1. Науқасты арқасына жатқызып, қысқышты алыңыз және шприцімен 30-50 мл жылы

магний сульфат ерітіндісін ( немесе басқа да өт қабырғаның қоздырғыштары ) сүңгі арқылы енгізіп, сүңгінің бос шетін 10-15 минутқа қосып қойыңыз.

  1. Науқасты оң жақ қырына жатқызып, қысқышты босатып алып, сүңгінің бос шетін

пробиркаға салыңызғ бұған қою, қоңыр –зәйтүн түсті сұйықтық өт қабығынан түседі ( өт қабығындағы өт «В» үлесі).

  1. Келесі пробиркаларға сүңгіні салыңыз, мөлдір алтын-сары түсті сұйықтық пайда

болғанда ( бауыр өті «С» үлесі) алынады. Сүңгі арқылы 300 мл жылы газсыз минеральды суды енгізіңіз.

  1. Салфеткамен сүңгіні шығарып алып, зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

  2. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

  3. Қолданылған қолғапты, салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге

салыңыз.

  1. Әрбір үстелді бір пробиркада белгілеп, жолдаманы толтырып, лабораторияға

жіберіңіз.

  1. Науқасты палатаға апарып, тамақтандырыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет