Өлім үстіндегі жағдайдағы үзіліс-бұл жанталасу басындағы жағдайдан жанталасу жағдайына көшетін жағдай. Соңғы өлім жағдайы қатты жиі дем алыстан кейін (тахипноэ) кенеттен дем алысы тоқталуымен сипатталады.
Соңғы өлім жағдайындағы үзілістің ұзақтығы 5-10 секундттан 3-4 минутқа дейін тербелінеді.
Жанталасу жағдайы-тура өлім алдында болатын организмнің бейімделу реакциясының және реактивті соңғы көріністерінің жиынтығы.
Жанталасу жағдайы ( симптомдар жиынтығы): -тыныс алудың бұзылуы ( Биот, Чейн-Стокс, Куссмауль тыныс алуы, гаспинг).
Әрбір демді ішке алған сайын жаңа шыққалы жатқан зардап шегушінің басы артқа қарай шалқақтайды, ауаны жұтқандай болады (гаспинг);
Клиникалық өлім –бұл қайтарымды жағдай, организмнің бірнеше минут бойы (5-6
мин) өткізетін халі, қан айналымының және тыныс алуының толық тоқтау жағдайында, бас миының үлкен жартышарысы қыртысының өткізетін уақытымен анықталады.
Зат алмасу процесінің сөнуі анықталған тізбектілікпен болады.
Тұп-тура жүрек және өкпенің жұмысы тоқтаған соң, зат алмасу процессі қатты
төмендейді, бірақта анайробты гликолиз механизмі нәтижесінде толық тоқталмайды.