Чейн-Стокс тынысы тыныс тереңдігінің біртіндеп үдеуімен сипатталады, біртіндеп барынша көтеріледі, сосын біртіндеп түседі жəне үзіліске ауысады – апноэ (0,5-тен 1-ге дейін). Қанайналым бұзылыстары, миға қан құйылғанда, менингитте, ми ісігінде, химиялық уланудан болған ауыр интоксикацияда жəне басқалары кезінде байқалады. Биот тынысы минутқа дейін созылатын кенеттен болатын үзіліспен сипатталады, тынысы қалыпты типті, тыныс саны жəне үзіліс ұзақтығы арасында тұрақты заңдылық жоқ. Ми ісігінде, менингитте, менингоэнцефалитте, диабеттік комада байқалады. Куссмауль тынысы бірыңғай сирек, шулы жəне терең тыныспен сипатталады. Бұл тыныс типін туғызатын ең негізгі ақау процессі ацидоз болып табылады: диабеттік кома, ацетонемиялық құсу, метаболикалық ацидоз.