Диабеттік ретинопатия (ДР) – диабетпен ауыратын адамдар арасында жиі кездесетін, торлы қабықтың қантамырлары өзгерістерінен соқырлыққа дейін алып келетін патология.
Диабеттік ретинопатия (ДР) – диабетпен ауыратын адамдар арасында жиі кездесетін, торлы қабықтың қантамырлары өзгерістерінен соқырлыққа дейін алып келетін патология.
Диабеттік (сусамырлық, шыжыңдық) ретинопатия диабет ауруы пайда болғаннан кейін, орташа есеппен 5 жылдан кейін дамиды және де аурулардың 90 %- ын зақымдайды. Сондықтанда, диабет ауруын емдейтін әрбір дәрігер үшін өз науқастарын жіті бақылауда ұстап отыру қажет болады.
Қант диабеті катаракта мен глаукома даму қаупін жоғарылататыны белгілі, бірақ көздің жұмысы үшін тор қабықтын зақымдалуы қауіптірек болып табылады. Көпшілік қант диабетімен 20 жылдан астам уақыт ауыратын науқастарда тор қабығында диабеттік өзгерістер байқалады. Диабет кезіндегі тор қабықтың зақымдалуын – диабеттік ретинопатия деп атаймыз,
Қант диабеті кезінде тор қабық неге зақымдалады?
Көздің тор қабығының зақымдалуының негізгі себебі қант деңгейінің қанда ұзақ жоғары болуы болып табылады .