Қ АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТІРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық
университеті
«Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы»
жоғары мектебі
Қара бидайдан сорттық ұн тарту
Орындаған: ТПР-41 топ студенті
Есмагулов.Е.Ж
Тексерген: Сабырова Э.Е
Орал 2020ж
Жоспар:
1. Қара бидайдан ұнтарту жай сызбаларын құрастыру
2. Қара бидайды обойлы ұнға тарту
3. Қара бидайды обдирлі ұнға тарту
қара бидай→ұн→обойлы→сортты ұндар→наубайханалық өнім→обдирлік.
Қара бидай ұнын үш тауарлық сортқа бөледі
-сеяная
-обдирлі
-обойлы
Ұн наубайхана өндірісінің ең негізгі шикізаты болып табылады. Қазіргі кезде наубайханалық бидай ұнының 5 сұрыбы өндіріледі: жармалар, жоғары, I, II және қарапайым; қара бидайдың – үш сұрыбы (сорты): еленген, еленбеген, қарапайым. Сонымен қатар ұнның қарапайым тартылған түрі қара бидай- бидай (60% қара және 40%) және бидай- қара бидай (70% бидай және 30% қара бидай). Ұнның барлық сұрыбының витаминдермен байытылған түрде жіберуге болады.
МЕМСТ 9404-60 "Ұн және ұн кебегін зерттеу әдістерінің " бағасы бойынша ұнның көрсеткіштерін, яғни ылғалдылығын, түсін, иісін, дәмін, қышқылдылығын, зиянкестермен зақымданбағандығын, металл қоспаларының құрамы, күлділігін, тарту ірілігін анықтайды; сонымен қатар, қара бидай үшін- автолитикалық белсенділігін, бидай ұны үшін- желімше мөлшері және оның қасиетін, ұнның картоп ауруымен зақымдануын бақылайды, сонымен қатар лабораториялық сынақ нан пісіру жүргізіледі.
Нан өндірісінің технологиялық процессін дұрыс жүргізу үшін ұнның көрсеткіштерін анықтау кезінде ұнның наубайханалық қасиетін міндетті түрде бағалау керек.
Бидай және қара бидай наны оның дәмімен, хош иісімен, пішінімен, көлемімен, түсімен және сыртқы қыртысымен, көтерілуімен, кеуектілігінің түзілуі мен пішінін ұстап тұруымен анықталады. Бағалауда бидай және қара бидай нанының көрсеткіштері әртүрлі болады. Бидай наны үшін ең негізгі көрсеткіш болып оның сапасы, яғни көлемі, түсі және қыртысының түсі, ішкі күйі(эластикалылығы, кебектілігінің түзілуі, түсі, дәмі және хош иісі). Әртүрлі партиядағы ұннан пісірілген нанда бұл көрсеткіштер үлкен өзгеріске ұшырайды. Қара бидай ұнынан пісірілген нанда аз өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |