Бидай мен қара бидайдың жалпы сипаттамасы.
Қара бидай- қара бидайды астық алу үшін және мал азығына кеңінен қолданды.
Қара нанның өзіндік ерекшелігі бар. Дәмі қышқыл, иісі жақсы. Қара жұмыс істейтін адамға қара нан көп күш береді. Бұған үйренген халық оны бидай нанынан да жақсы көреді. Бұдан қызыл уыт алады, мал азығы және құрама жемдердің қоспасы ретінде пайдалануға болады.
Қара бидай көбінесе күзде себіліп, ерте көктемде тез өседі. Сондықтан ерте орылып, көк шөп ретінде пайдалануға өте қолайлы. Сабаны малға азық, малдың астына төсеуге, қағаз шығаруға жұмсалады.
Қара бидайдың ең бір қолайсыз қасиеті, күзде дестеде жатып немесе қырманда жауынның астында қалса, тез өніп кетеді. Сондықтан мұның орақтан кейін пісу кезеңі өте қысқа немесе жоқ деп те есептеледі. Екіншіден ол орылмай тұрған кезде жаңбыр көп жауса, жатып та қалады, масақтың ішінде тұрып та өніп кетеді.
Қара бидайдың жер жүзіндегі көлемінің 50%- ға жақыны біздің елде егіледі. Олар солтүстік және орталық аудандарда орналасқан. Қара бидайдың бір жақсы қасиеті, ол тез өсетіндіктен арам шөптерді ерте көктемде өсірмей, тұншықтырып тастайды. Сондықтан оны егістіктер тазалағышы деп те атайды.
Қара бидайдың дәні бидай дәнінен ұзындау, ал ішкі құрылысы бірдей деп айтуға болалды. Сыртқы құрылысы бойынша ұзыны 4,0- 9,8 мм, көлденеңі 1,4- 3,4 мм, қалыңдығы 1,0- 3,4 мм болады. Осы мөлшерінің әр түрлі болғандығына байланысты, оны жіңішке ұзын, жіңішке қысқа, жалпақ ұзын және жалпақ қысқа деп бөледі. Бұл бөлудің астықты сорттауға маңызы бар.
Қара бидайдың түсі көбінесе жасыл- сұр, сары, қоңыр немесе күлгін болады. Бұл түстер қабыршақтары мен алейрон қабатының түстерінен және қабыршақтарының қалыңдығына байланысты болады. Жасыл дәннің алейрон қабатында хлорофилл, антоциан көк және алқызыл пигменттер, ал қабыршақтарында сары каратиноидтар болады. Олардың қоюлығына байланысты түстері де өзгеріп тұрады. Осыған қарамастан жасыл түсті дәннің эндоспермі үлкен және шынылы болады.
Қара бидайдың эндоспермі 73- 77, алейрон қабаты 11-12, ұрығы 3,5-3,7, қабыршақтары 6,9-13,0 процент болып, дәннің толықтығына қарай өзгеріп тұрады.
Химиялық құрамы бойынша орташа 12,0% белок алады. Бидайдың белогына қарағанда, ол суға жақсы ериді. Клейковинасы жуылмағанмен, қамырында ол бар. Қара бидайда крахмал 56-63% болады.
Достарыңызбен бөлісу: |