Қ азақстан республикасының ауыл шаруашылығы министірлігі жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық


Қара бидайдың ұн тартуға жарамдылығы, талаптары



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі48,2 Kb.
#82878
1   2   3   4
Байланысты:
Есмагулов
әлеумет, әлеумет, әлеумет, Акад жазылым, Акад жазылым
Қара бидайдың ұн тартуға жарамдылығы, талаптары.
Ұн өндірісіндегі басты шикізаттардың бірі ол бидай және қара бидай болып табылады: шамамен 80% ұнды бидайдан, ал 8% қара бидайдан алады.
Бидайды ұнға тартқан кезде мынадай өнімдер алынады: бидай→ұн→обойлы→сортты→манный →ٓжармасы→ٓٓٓмакарондықٓ→наубайханалық өнім→кондитерлік→жоғарғы, бірінші, екінші сорт ұндары алынады.
Ал қара бидайдан алынатын өнімдер бидайға қарағанда азырақ. Оларға: қара бидай→ұн→обойлы→сортты ұндар→наубайханалық өнім→обдирлік.\
Бидай мен қара бидайдың беретін ең басты өнімі- ұн. Сондықтан оның ұн тартуға жарамдылығы деп оның шикізат пен (астықпен) энергияны аз жұмсап, көбірек және сапалы ұн беру қабілетін айтады.
Бидайдың ұнтартылғыш қабілеті екі түрлі себепке байланысты: біріншіден- оның ұнтақталғыш қасиеті; екінші- ұн тартылғыш құндылығы.
Бидайдың ұнтақталғыштығы деп диірмендегі бидайдың әртүрлі әрекеттерге ұшырағандағы тұрақтылығы, сонымен қатар ұнтақтала білуі, оған керекті энергия мөлшері, ұнға, кебекке бөліне білу қабілеті және ұнның шығымдылығы сияқты астықтың физикалық қасиеттерін алсақ, ал ұн тартылғыш құндылығы деп- астықты ұн тартуға дайындаудан бастап, одан түскен ұнның сапасына дейін қамтитын комплексті айтады. Бұған бидайды сулауға қанша су керек, суды сіңіру үшін қанша уақыт керек, қанша дунстар, қиыршықталған заттар пайда болады, оларды ұнтақтауға қанша уақыт кетеді, қанша ұн шығады, ондағы клейковинаның мөлшері мен сапасы қандай болады, ұнның ірілігі, күл беретін заттардың мөлшері, ұнның түсі- түгі т.б толып жатқан көрсеткішткрдің комплекісін айтады.
Бидайдың ұн беру қабілетін осындай екі түрлі мағынада анықтау барлық елдерде жүргізіледі. Ол екеуі бірмен бірі тығыз байланысты, бірін бірі толықтырады. Бидайдың ұн тарту қабілетін бір партиядағы бидайды түгел тартып болған соң ғана толық анықтау мүмкін болады. Бірақ одан ұн тарту үшін алдын ала оның мүмкіншілігін тексерген жөн. Ол үшін 5-10 кг бидайды лабораториялық диірмендерде тартып, жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді түгел анықтайды. Оның ішінде мына 4 көрсеткішті анықтаудың маңызы өте зор. Олар: ұнның шығымдылығы, сапасы- түсі- түгі, күлділігі және қышқылдылығы, ұн тартуға кететін уақыттың және оған жұмсалатын энергияның мөлшері. Бұл көрсетілген көрсеткіштер тура анықтау тобына жатады.
Бидай мен қара бидайдың ұндарының тағы да бір көрсеткішіне келетін болсақ, наубайхана өндірісінде ең басты назар аударатыны ол бидай мен қара бидай наны, оның дәмімен, хош иісімен, пішінімен, көлемімен, түсімен, сыртқы қыртысымен, көтерілуімен, кеуектілігінің түзілуімен және пішінін ұстап тұруымен анықталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет