Үлгілер альбомы кодтық белгіленуі: 05/12–14 атауы: іс-әрекет



бет13/143
Дата11.04.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200753
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   143
Байланысты:
Алгоритм мейірбике

Іс-әрекет алгоритмі:
1. Дәрі қобдишасынан крафт-пакетін тамызғыштармен және таңғыш материалмен көзді жууға арналған кішкене стаканды алып, латокқа салыңыз.
2. Дәрі қобдишасынан 0,05 % калий перманганат ерітіндісін алыңыз.
3. 0,05% калий перманганат ерітіндісін кішкене стаканға құйыңыз. Басын еңкейтіп, кішкене стаканды ерітіндісімен тығыз бетке қысып, қабақтарымен жыпылдату (қысу) қозғалысын жасап, көзді жуыңыз. Ысқылауға (уқалауға) болмайды!
4. Крафт-пакетіндегі залалсыздандырылған көздің сыртқы бұрышынан мұрынға қозғалыспен, көзді сорғызыңыз. Ысқылауға болмайды!
5. Пайдаланған салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
6. Әкімшілікке хабарлаңыз (өндірістегі төтеннен болған жағдай туралы актті және журналды толтырыңыз).
Ескерту: көз тамызғыштары пайдаланғаннан соң 2% сода ерітіндісінде 15 минуттай немесе дистилденген суда 30 минуттай қайнатылады. Көзді сумен жууға да болады.
НАУҚАСТЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ СҰЙЫҚТЫҒЫ БАЙҚАУСЫЗДА
МҰРЫН ҚУЫСЫНЫҢ СІЛЕМЕЙЛІ ҚАБЫҒЫНА ТҮСКЕНДЕ
ЖАСАЛАТЫН МЕЙІРБИКЕНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ
Мақсаты: ауруханалық жұқпалы аурудың алдын-алу, вирустік және бактериалдық жұқпа жұқтыру қауіп-қатерін алдын-алу.
Қолдану көрсетілімдері: медициналық қызметкердің мұрын қуысының сілемейлі қабығына науқастың биологиялық сұйықтығы түскенде.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған 2 латокты, пинцетті, апаттық дәрі қобдишасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Дәрі қобдишасынан крафт-пакетін таңғыш материалмен алыңыз, латокқа салыңыз.
2. Дәрі қобдишасынан 1% протаргол ерітіндісін алыңыз.
3. Крафт пакетіндегі тамызғышты 1 % протаргол ерітіндісінің флаконына салыңыз.
4. Қолыңызға лотокты алыңыз.
5. 1% протаргол ерітіндісін мұрынға тамызыңыз, басын төмен түсіріңіз, ішіндегі зат латокқа ағады.
6. Протаргол ерітіндісін мұрынға қайталап тамызып, басты төмен түсіріңіз, ішіндегі зат латокқа ағады.
7. Залалсыздандырылған дәке тампонымен мұрынды құрғату.
8. Қолданған дәке тампонын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
9. Әкімшілікке хабарлаңыз (өндірістегі төтеннен болған жағдай туралы актті және журналды толтырыңыз).
Ескерту: латокты қолданғаннан соң регламенттелген залалсыздандыру ерітіндісінде залалсыздандырады, ал көз тамызғышын 2 % сода ерітіндісінде – 15 минут немесе дистилденген суда 15 минут қайнатады.
- мұрын қуысының сілемейлі қабығын тазарту үшін, 0,05 % калий перманганат ерітіндісі, су қолданылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет