НАУҚАСТЫ ТАСЫМАЛДАУ
Науқастың хал-жағдайына байланысты қабылдау бөлімшесіне мамандандырылған бөлімшеге зембілмен немесе каталкамен, отырғыш каталкамен, қолмен, жаяу тасымалдау әдісін дәрігер анықтайды.
Халі ауыр жағдайдағы науқасты каталкамен
(қол арбамен) тасымалдау
Іс-әрекет алгоритмі:
- Каталканы кушеткаға перпендикулярлы (тік) қояды, оның бас жағы кушетканың аяқ жағында болу керек.
- Үш адам науқастың жанында бір қыр жағынан тұрады: біреуі науқастың басы және жауырын астына, екінші жамбас және санның жоғарғы бөлігі астынан, үшіншісі- санның ортаңғы бөлігі және балтыр астынан қолын жақындатып ұстайды.
- Науқасты көтеріп, онымен бірге каталка жаққа 900 С бұрылады.
- Науқасты каталкаға жатқызады және оны жабады.
- Халі ауыр жағдайдағы науқас бөлімшеге жіберілді деп хабар береді.
- Бөлімшеге науқаспен бірге медициналық картасын жібереді.
Жүруге қабілеті бар науқасты отырғыш-каталкамен тасымалдау
- Мейірбике аяққа арналған тірегішті басып отырғыш-каталканы алға қарай еңкейтеді.
- Аяққа арналған тірегішке науқастың тұруын сұрайды, сосын оны ұстап, отырғышқа отырғызады.
- Отырғыш каталканы түпкі қалпына келтіреді
- Тасымалдағанда қадағалайды. Науқастың қолы отырғыш-каталканың шынтақ сүйектің маңынан шықпауы керек.
ІV. ҚАУІПСІЗ АУРУХАНАЛЫҚ ОРТА
НАУҚАСТЫ ФАУЛЕР ҚАЛПЫНА ЖАТҚЫЗУ
(жартылай жату және жартылай отыру қалпы
аралығындағы жағдай)
Науқасты жатқызу бір мейірбикемен орындалады.
Мақсаты: төсектегі науқасқа жайлы қалыпты жасау.
Қолдану көрсетілімдері: ойылудың даму қауіп-қатерлі, жеке бас тазалығын қамтамасыз ету қажеттілігі, төсекте дәрет сындыру, төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы науқас, науқасты тамақтандыру, тыныс алу және жүрек-қан тамырлар жүйелері аурулары.
Дайындаңыз: жастықтарды, көрпеден жасалған валикті, табанға арналған тіректі, функциональды немесе жәй кереуетті.
Достарыңызбен бөлісу: |