Үлгілер альбомы кодтық белгіленуі: 05/12–14 атауы: іс-әрекет


ХАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫҢ ШАШЫН КҮТУ



бет30/143
Дата11.04.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200753
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   143
Байланысты:
Алгоритм мейірбике

ХАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫҢ ШАШЫН КҮТУ
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың енжарлық қалпы.
Дайындаңыз: жылы суды (37-380С), сабынды немесе сусабынды, шылапшынды, крушканы, тісі жиі тарақты, сүлгіні 6% сірке суы ерітіндісін, таза бас орамалды (мақта-матадан жасалған) кірлеген іш киімдерді салатын қапшықты.


Іс-әрекет алгоритмі:
1. Халі ауыр науқастың басын төсегінде жуыңыз.
2. Басына көтеріңкі қалып беріңіз, арнайы бастың астына қоятын құралды немесе матрацты валик тәрізді домалақтап, оны науқастың басының астына қарай қатты бұрыңқырап қойыңыз, оның үстіне клеенка төсеңіз.
3. Науқастың басын мойын деңгейінде артқа қарай шалқайтыңыз.
4. Кереуеттің бас жағындағы орындықтың үстіне науқастың мойын деңгейінде ішінде жылы суы бар шылапшынды қойыңыз.
5. Науқастың басын сорғалап аққан сумен ылғалдаңыз, шашын сабындаңыз, бастың терісін мұқият түрде ысқылаңыз.
6. Шашты бастың маңдай бөлігінен артқа қараған бағытта сабынмен немесе сусабынмен жуыңыз.
7. Шашты сумен шайыңыз және оларды сүлгімен сығып құрғатыңыз.
8. Шашты тісі жиі тарақпен күнделікті тараңыз. Қысқа шаштарды шаштың түбірінен ұшына қарай, ал ұзын шаштарды бұрымға бөліп алып, ұшынан түбіріне қарай жайымен тарайды. Оларды жұлмауға тырысыңыз.
9. Басына таза мақта-матадан жасалған орамалды тығыңыз.
10. Бас астындағы құралды орнына түсіріңіз, барлық күтім заттарын жинап алыңыз, матрацты түзетіңіз.
11. Қолданылған күтім заттарын зарарсыздандыратын ерітіндіге салыңыз.
Ескерту: халі ауыр науқастың басын (егер қарсы көрсетілімдері болмаса) аптасына 1 рет жуу керек;
- осы емшараны жүргізу үшін өте ыңғайлы бастың астына қоятын арнайы құрал болып табылады, бірақ кереуеттің арқасы алмалы-салмалы болуы қажет, ол күрделі емшараны жеңілдетеді;
- әйелдің шашын тісі жиі тарақпен күнделікті тарайды;
- ерлердің шаштарын қысқартып алып тастайды;
- 6 % сіркесу ерітіндісімен суландырылған тісі жиі тарақ қайызғақты және шаңды өте жақсы тарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет