Үлгілер альбомы кодтық белгіленуі: 05/12–14 атауы: іс-әрекет



бет34/143
Дата11.04.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200753
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   143
Байланысты:
Алгоритм мейірбике

ҚАСАҒАДАҒЫ ШАШТЫ ҚЫРУ
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, қасағадағы шашты қыру.
Қолдану көрсетілімдері: операция жасар алдында.
Дайындаңыз: жаққышты, сұйық сабынды, қыруға арналған станокты, жеке ұстараны, қолғаптарды, сүрткілерді, суды, Эсмарх крушкасын, судноны.


Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.
3. Науқасқа суднаны беріңіз.
4. Жаққыштың көмегімен сұйық сабынды қасаға аймағына жағыңыз.
5. Қасаға аймағындағы шашты қыруға арналған станоктың көмегімен абайлап, шаштың өсу бағытына қарай қырыңыз.
6. Науқастың астын жуыңыз.
7. Қасаға аймағының терісін сүрткілермен құрғатыңыз.
8. Судноны жинап алыңыз.
9. Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
ЕР АДАМНЫҢ ЖЫНЫС МҮШЕСІН ЖУУ
Мақсаты: жыныс мүшелері аймағы тазалығын сақтау, науқастың жеке бас тазалығын сақтау, зәр шығару жолдарының төменнен жоғары көтерілетін жұқпалы аурулардың алдын алу.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың халі ауыр жағдайында
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокты, корнцангті, сүрткілерді, қолғаптарды, клеенканы, жаялықты, сабынды, судноны, ішінде суы бар құмыраны (судың t-37-380 С) немесе Эсмарх крушкасын.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқаспен тілектестік, құпия сақтайтын сенімділік қарым-қатынасты орнатыңыз.
2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
3. Халі ауыр науқастың сегіз көзі астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеп, судноны қойыңыз.
4. Науқастан аяқтарын тізесінен бүгуін сұрап, аяқтарын аздап екі жаққа ажыратыңыз.
5. Науқастың оң жағынан тұрыңыз.
6. Сүрткіні жылы суда ылғалдатып, оны сығыңыз.
7. Бір қолыңызбен жыныс мүшесін ұстап, оның артық терісін жыныс мүшесінің басынан жылжытыңыз.
8. Жыныс мүшесінің басын зәр шығару каналынан бастап, қасаға аймағына қарай бағытта айналмалы қозғалыспен сүрткілерді ауыстыра отырып, құрғатыңыз.
9. Жыныс мүшесінің артық терісін табиғи қалпына қайтарыңыз.
10. Жыныс мүшесінің қалған бөліктерін, ұманың терісін, аналь тесігін мұқият тазалаңыз, шайқаңыз және кептіріңіз.
11. Судноны, клеенканы, жаялықты, қолғаптарды, кейін зарарсыздандыру үшін жинаңыз. Сүрткілерді және қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
12. Төсек-орнын реттеп, жазып, науқасты жабыңыз.
13. Кермені жинаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет