Ескерту: оттегі жастықшасын оттегімен толтырғанда қауіпсіздік техникасы сақталу қажет.
Позициялық дренаж (бронхты қақырықтан тазарту) Мақсаты: төсектегі науқастың дене қалпын ауыстыра отыра, қақырықтан бөлінуін қамтамасыз ету.
Іс – әрекет алгоритмі: 1. Төсектегі дренажды қалыпты жасау мақсатын науқасқа түсіндіріңіз (қақырық өз бетімен бөліну үшін).
2. Емшараға науқастын келісімін алыңыз.
3. Түкргішті даярлаңыз, түкіргіштін – 1/3 – ¼ бөлігін зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз (5% хлорамин ерітіндісі), егер де қақырықты зерттеуге жинауға қажеттілігі болмаса).
І – қалып. Квинке дренажды қалпын жасаңыз.
Еден деңгейіннен 20-30 см жоғары кереуеттін аяқ жағын көтеріңіз (орнықты тіректі қолдану)
қалпымен байланысты жағымсыз сезім шағымы пайда болғанда)
ІІ – қалып. Щиттің үстіндегі төсекке науқасты жатқызыңыз. -Жөтел пайда болып, қақырықтың бөлінген соң өз өсіне айнала тұлғаны бұру қажет екенін науқаста түсіндіріңіз. Жөтел пайда болу және қақырық бөліну үшін, терең дем алу және тездетіп дем шығаруын істеу қажет.
- Төсектегі науқастың жағдайын бақылаңыз. Жөтел пайда болғанда қақырықтың көп бөлінуіне көзіңізді жеткізіңіз.
- 10 – 15 минут үзіліспен емшарашы 3 – 5 қайталаңыз.
ІІІ – қалып. Науқасты оң жақ қырымен жатқызыңыз.
Кереует деңгейінен төмен басын және қолын түсіріңіз.
Төсектегі науқастың жағдайын бақылаңыз, жөтел пайда болғанда қақырықтың бөлінуінің көп бөлінуіне көзіңізді жеткізіңіз.