Үлгілер альбомы кодтық белгіленуі: 05/12–14 атауы: іс-әрекет


ЫЛҒАЛДАТЫЛҒАН ОТТЕГІН МҰРЫН КАТЕТЕРІ АРҚЫЛЫ БЕРУ



бет61/143
Дата11.04.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200753
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   143
Байланысты:
Алгоритм мейірбике

ЫЛҒАЛДАТЫЛҒАН ОТТЕГІН МҰРЫН КАТЕТЕРІ АРҚЫЛЫ БЕРУ
Мақсаты: жүрек-өкпе реанимациясынан кейін, ұлпалардағы гипоксияны азайту, жедел және созылмалы тыныс жетіспеушілігінде, ауыр операциядан кейін, қанды оттегімен қамтамасыз етуді жақсарту.
Қолдану көрсетілімдері: қан айналу және тыныс алу жүйелері ауруларында, ауыр жағдайларда дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылады.
Дайындаңыз: Бобров аппаратын, дистилтенген суды немесе 70% спиртті, залалсыздандырылған: науаны, мұрын катетерін, пинцетті, шпательді, дәке, қолғапты, вазелин майын немесе глицеринді, жабысқыш пластырьды.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Егер мүмкіншілік болса, науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

  2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуыңыз. Заласыздандырылған қолғапты киіңіз.

  3. Науқасқа Фаулер қалпына келтіріңіз.

  4. Бобров аппаратын жұмыс істеуге дайындаңыз.

- Таза шыны ыдыстың 2/3 көлеміне температурасы 30-40 С дистилденген суды, өкпе
ісігенде 70 % спиртті құйыңыз.
- Жалғанған жерлердің саңылаусыздығын тығындыдағы бұранда көмегімен қамтамасыз етіңіз.
- Ұзындығы 60 см артық емес резеңке түтікті Бобров аппаратының шыны түтіктеріне кигізіңіз.

  1. Қатетерді енгізер алдында жоғарғы тыныс алу жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткізіңіз.

  2. Катетерді енгізетін бөлігінің ұзындығы қалқаны глицерин құйыңыз немесе натрий хлорид изотониялық ерітіндісімен немесе дистилденген сумен ылғалдаңыз.

  3. Катетердің енгізілетін ұшын 3-4 см қашықтықта жазатын қабырғасына дейін енгізіңіз.

  4. Катетерді төменгі мұрын жолымен жұтқыншақтың артқы қабырғасына дейін енгізіңіз.

  5. Тілдің түбірін шпательмен басып, жұтқыншақты қараңыз. Катетердің ұшы жұтқыншақтың артқы қабырғасында көрініп тұрғанына көзіңізді жеткізіңіз.

  6. Катетердің сыртқы бөлігін жабысқыш пластырмен науқастың жағына, самайына немесе маңдайына жапсырыңыз.

  7. Енгізілген мұрын катетірінің резеңке түтік арқылы Бобров аппаратының қысқа шыны түтігіне жалғастырамыз.

  8. Бобров аппаратының ұзын шыны түтігін резеңке түтік арқылы орталық жүйеден берілетін оттегі шүмегіне немесе оттегі баллонына жалғастырыңыз.

  9. Оттегі шығатын мүшекті ашыңыз. Оттегі беру жылдамдығын реттеңіз.

  10. Науқастың мұрынның шырышты қабығын қараңыз. Науқастың хал-жағдайын бағалаңыз.

  11. Мұрынның шырышты қабығын қараңыз. Науқастың хал жағдайын бағалаңыз.

  12. Мұрынның шырышты қабығында тітіркену белгілері айқындалса, мұрынға майлы ерітінді тамызыңыз.

  13. Катетердің алып тастаңыз.

  14. Катетерді, шпательді зарарсыздандыру ерітіндісі бас ыдысқа салыңыз.

Ескерту:

  • Катетерді енгізу алдында иімділігінің сақталғанын және оның жарығының болмауын қадағалау қажет.

  • Қауісіздік техникасын сақтау.

  • Ойылудың және мұрын қуысының шырышты қабығының құрғауын алдын ала ескерту мақсатында әрбір 30-60 минут сайын катетердің қалпын ауыстырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет