Үлгілер альбомы кодтық белгіленуі: 05/12–14 атауы: іс-әрекет


Ескерту: Бүкіл емшараны ұзақтығы 5 минуттан 6 минутқа дейін. ЫЛҒАЛДЫ ҚЫЗДЫРУ ЖӘНЕ ДӘРІЛІК КОМПРЕСТЕРДІ ҚОЮ



бет58/143
Дата11.04.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200753
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   143
Байланысты:
Алгоритм мейірбике

Ескерту: Бүкіл емшараны ұзақтығы 5 минуттан 6 минутқа дейін.

ЫЛҒАЛДЫ ҚЫЗДЫРУ ЖӘНЕ ДӘРІЛІК КОМПРЕСТЕРДІ ҚОЮ


Мақсаты: қан тамырларын ұзақ және біркелкі кеңейту, ұлпадағы қан айналуын жақсарту, ауруын азайту, және сіңіру әсерін жасау.
Қолдану көрсетілімдері: инъекциядан кейінгі инфильтратта бұлшық еттердегі және буындардағы қабыну процестері, мұрын, құлақ аурулары, соғып алғаннан кейінгі 2 тәулікте.
Қарсы көрсетілімдері: қызба, қан құйылу, терідегі іріңді және аллергиялық бөртпелер, тері жамылғысы бүтінжігінің бұзылуы, әртүрлі этиологиялық ісітер, жарақат пен соғып алудың бірінші тәулігінде.
Асқынулар: терінің тітіркенуі, күю.
Дайындаңыз: компрестік матаны немесе 8-10 қабаттап бүктелген дәке салфеткасын, компрестік қағазды, мақтаны, бинтті, 40 % этил спирті немесе дәрілік ерітінділерді, 20-25 % С суды, қайшыны, қолғапты.
Іс әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оны жасауға рұқсатын алыңыз.

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  3. Науқастың компресс қоятын жерінің терісін қараңыз.

  4. Даярланған ерітіндінің біреуіне компрестік матаны немесе дәке салфеткасын ылғалдап, оны аздап қана сығыңыз.

  5. Дененің қажетті учаскесіне компрестік матаны немесе дәке салфетканы қойыңыз. Әсерін тигізетін аймақтан оның көлемі 2 см артық болуы керек.

  6. Компрестік матаның немесе дәке салфеткасының үстіне компрестік қағазды салыңыз. Ол алдыңғы қабаттан 2 см-ге енді болуы қажет.

  7. Компрестік қағаздың үстіне мақтаны қойыңыз.

  8. Қойған компресс денеге тығыз қабыса жататындай болуы керек, бірақ қозғалысты шектемейтіндей етіп, бинтпен байлаңыз.

  9. Компресті 6-12 сағатқа қалдырыңыз

  10. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Қолғапты шешіңіз.

  11. 2 сағаттан кейін компрестің дұрыс салынғанын тексеріңіз. Компрестің астына саусағыңызды сұғыңыз, салфетканың ылғалды, терінің жылы екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.

  12. Компресті алып, теріні жылы сумен сүртіп, сүрткімен құрғатып, құрғақ таңғыш салыңыз. Компресс қойған жерді жылы қымтаңыз.

  13. Өзіңіз қолыңызды жуыңыз.

Ескерту:

  • Егер 2 сағаттан кейін салфетка құрғақ болса, онда компресс дұрыс салынбаған.

  • Спирттік компресстер жылдам кебеді, сондықтан оларды әрбір 4-6 сағат сайын ауыстырады.

  • Компрессті қайталап қоюды, алдыңғы компресті алғаннан кейін 1 сағат соң қайталауға болады.

  • Қоспасыз иіс су немесе спирт қолданғанда тері қабатын күйдіру мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет