Үлгілер альбомы кодтық белгіленуі: 05/12–14 атауы: іс-әрекет



бет56/143
Дата11.04.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200753
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   143
Байланысты:
Алгоритм мейірбике

Қоятын орындары: желке аумағы, балтыр бұлшық ет аумағы, жүрек аумағы, төс сүйектің жоғарғы бөлігі, жауырын аралығы және жауырын асты аумағы.
Асқынулар: терінің көлбіреп күюі, терінің дақтануы.
Дайындаңыз: қыша қағаздарын, жылы суы бар, науаны, сүлгіні, көрпені, салфетканы, жылы жаялықты.


Іс әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қөолғапты киіңіз.

  3. Қыша қағаздарының жарамдылығын, қолдану мерзімін тексеріңіз

  4. Науқасты ыңғайлы қалыпта жатқызыңыз, қоятын орынды анықтап, терісін қараңыз.

  5. Қышаны жылы суға 5-10 секундтай салып алыңыз аздап қана сілкіңіз және кезекпен қыша жабыстырылған жағын денеге тығыз басыңыз

  6. Науқасты сүлгімен, сосын көрпемен жабыңыз.

  7. 5-10 минуттан кейін қыша қағаздарын алыңыз

  8. Теріден қыша қалдығын алу үшін, жылы сумен суланған салфеткамен теріні сүртіңіз.

  9. Науқастың терісін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

  10. Емшара біткен соң науқасқа 30-40 минуттай төсек тәртібін ұсыныңыз.

  11. Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

Ескерту:

  • қыша қағазын тері бүтін болғанда ғана қояды;

  • қыша қағазын емшек безі үстіне, емшек ұшы аумағына, омыртқа жотасына, туа біткен дақ үстіне қойылмайды.

  • емшектегі нәрестелерге денесі қызарғанға дейін емшараның ұзақтығы 5-7 минут.



АЯҚҚА ҚЫША ВАННАСЫН ЖАСАУ
Мақсаты: аяқтардың қан тамырларын рефлекстік кеңейту.
Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары
Дайындаңыз: 50 г құрғақ қыша 10 л жылы суға емшарадан кейін аяқты жууға арналған жылы суды , сүлгіні, ақ жайманы, аяқты орауға арналған көрпені.
Іс әрекет алгоритмі:

  1. Науқастан қышаны көтере алатынын анықтаңыз. Егер де қышаны көтере алмаса, тек жылы су қолданылады.

  2. Терісін қараңыз қарсы көрсетілімдері жоқтығына көзіңізді жеткізіңіз.

  3. Жылы суда қышаны ерітіп, қыша ваннасын даярлаңыз.

  4. Аяқты тізеге дейін 20-30 минутқа ваннаға салып, табанының терісі қызғанға дейін салыңыз.

  5. Емшарадан кейін аяқты жылы суда жуыңыз, сүлгімен сүртіңіз. Ваннадағы температура тұрақты 40-45 С шамасында болуын қадағалаңыз.

  6. Аяқты ақ жаймамен және көрпемен 30-60 минутқа ораңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет