Қолдану көрсетілімдері: ас қорыту жолының ауыз қуыс-асқазан учаскесінің өтгізгіштігінің бұзылуының барлық жағдайлары; жақ-бет операциясы және жарақаоты; ауыз қуыс, жұтқыншақ және өңештің жарақаттануы; бас-ми жарақатында, қатерлі ісіктерде зақымдануында жұтынудың бұзылуы; өңештің күйігінде.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: шыны құйғыны, резеңке түтікті, сүрткілерді (500 мл көлеміндегі), 35-45 С дейін жылытылған ыдысты, сұйық тамақ пен қысқышты пластырьді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысың түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Науқасты алда болатын тамақтандыруға дайныдаңыз.
35-45 С дейін жылытылған жартылай сйұық тамақты даярлаңыз.
Науқасқа жоғары Фаулер қалпын беріңіз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
Кіретін тесікті жабатын салфетканы және қысқышты резеңке түтіктен алыңыз.
Резеңке түтікке шыны құйғыны жалғастырыңыз.
Құйғыны сәл қырына науқасқа қарай еңкейте отыра, жоғары көтеріңіз.
Даярланған тамақты аз порциямен асқазанға құйғы арқылы енгізіңіз.
Шайды ішкізіп болған соң құйғыны және резеңке түтікті жуыңыз.
Құйғыны алып, залалсыздандыру ерітіндісі бас ыдысқа салыңыз.
Резеңке түтіктін шетіне залалсыздандырылған сүрткіні салыңыз, қысқышпен қысыңыз.
Гастромаға күтімді жүргізіңіз (гастроманы күту стандартын қараңыз)
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
ГАСТРОСТОМАНЫ КҮТУ
Мақсаты: емдік
Қолдану көрсетілімдері: операциядан кейінгі жағдай.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 3-4 дана пинцеттерді, Кунер қайшысын, таңғыш материалды, қолғапты, лотокті, жане шприцін 0,5% калий перманганат ерітіндісі бар флаконды, шпательді, жылытылған түрдегі Лассар пастасын; лейкопластерьді, пайдаланған таңғыш материалдарға арналған лотокті, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюғңа арналған контейнерді.
Достарыңызбен бөлісу: |