ТЕРІ АСТЫНА ИНЬЕКЦИЯНЫ ОРЫНДАУ
Мақсаты: емдік – тері асты майлы тіндерге дәрілік ерітіндіні енгізу , жергілікті
жансыздандыру.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы
Қарсы көрсетілімдері: дәрілерге аллергиялық реакциясының болуы, иньекция
жасайтын жерде терінің және тері асты майлы тіндердің зақымдануы.
Асқынулары: жергілікті қабыну процесі инфильтрат дәрілерді қателесіп енгізу,
вирустық гепатит АҚТҚ , аллергиялық реакция , анафилактикалық шок, сепсис,
Енгізілетін жерлері: иықтың сыртқы бетінің жоғары бөлігі санның алдыңғы бетінің
ортаңғы бөлігі, іш перделік бетінің алды , жауырын асты аймағы.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған сыйымдылығы 1-2 мл бір рет қолданылатын
шприцті , ұзындығы 20 мм инені , мақта шариктерін , қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні , тері антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс – әрекет алгоритмі
Науқасқа ем-шара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті хабарлаңыз.
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз, оларды тері антисептигімен өңдеңіз.
Бір рет қолданылатын орауды ашып шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз).
Шприцке дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз .
Науқасты отырғызыңыз және жатқызыңыз.
Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.
Тері антисептигімен суландырған екі мақта шаригімен иньекция жасайтын жерді
реттілікпен тазартыңыз. Ең алғаш үлкен көлемді, сосын тұп-тура иньекция жасайтын жерді. (мақта шариктерін контейнерге салыңыз).
Сол қолдың 4 және 5 саусақтар арасында тері антисептиктерімен суландырған үшінші мақта шаригін салыңыз.
Оң қолға шприцті алыңыз , оң қолдың 2 саусағымен иненің канюлясынан , 5 саусақпен шприцтің поршеннен , 3,4,1 саусақтармен цилиндрден ұстаңыз.
Иньекция жасайтын жердің терісін сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен үшкілдің негізгі төмен қараған үш бұрышты түрдегі қыртысты жинаңыз.
Тері қыртысынын негізіне инені 45 градус бұрышпен ұстап , иненің ұзындығын 2\3 тереңдікке енгізіңіз, қолдың сұқ саусақпен иненің канюлясынан ұстаңыз.
Сол қолды поршенге ауыстырып бір қолдан екінші қолға шприцті ауыстырыңыз.
1 және 2 саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып ұстап саусақпен поршенді басып дәрілік ертіндіні енгізіңіз.
Тері антисептигімен суландырған мақта шаригін иньекция жасаған жерге
қойыңыз.
Иненің канюлясынан ұстап отырып, жылдам қимылмен шығарыңыз.
Теріден мақта шаригін алмай, иньекция жасаған жерді жеңіл уқалаңыз.
Инеге қалпағын кигізбей шприцті, мақта шариктерін және қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Қолыңызды жуып құрғатыңыз.
Науқастың хал-жағдайын сұраңыз
Достарыңызбен бөлісу: |