Үлгілер альбомы кодтық белгіленуі: 05/12–14 атауы: іс-әрекет



бет84/143
Дата11.04.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200753
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   143
Байланысты:
Алгоритм мейірбике

Іс-әрекет алгоритмі
1. Науқасқа ем шара мақсаты мен барысын түсіндіріп , оның келісімін алыңыз. Дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті беріңіз.
2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз , тері антисептигімен өңдеңіз, демперде мен қолғапты киіңіз.
3. Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз .
4. Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз.
5. Науқасты отырғызыңыз немесе кушеткага жатқызыңыз.
6. Науқастың шынтақ астына кленкалы валикті орналастырыңыз .
7. Резеңке бұрауды иықтың ортаңғы бөлігіне салфетканы немесе ішкі киімінің үстінен байлаңыз.
8. Бұрауды былай байлаңыз оның бос ұштары жоғары қарай бағытталған болады, ал ілгегі төмен, қаржілік артериясында тамыр соғуы өзгермеуі керек.
9. Науқастың жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын, сосын оның қысуын сұраңыз.
10. Науқастың білегін қол ұшынан , шынтақ бүгілісіне қарай бағыттап уқалаңыз, қолдың ұшымен сәл ғана шапалақпен шынтақ шұңқыры аймағын ұрыңыз (көк тамырдың толуын күшейту үшін)
11. Көк тамырды зрттеңіз. Қолмен сипалап, ең көп толған көк тамырды табыңыз.
12. Қолғапты тері антисептигімен тазартыңыз.
13. Тері антисептигімен суландырған мақта шариктерімен 2 реттазартыңыз, үшінші мақта шаригін сол қолдың ІV және V саусақтар арасына салыңыз.
14. Оң қолға шприцті алып: ІІ саусақпен – иненің канюлясын, V саусақпен – шприцтің поршенін, ІІІ, ІV, І – саусақтармен цилиндрді ұстаңыз.
15. Шприцте ауаның жоқтығын тексеріңіз.
16. Сол қолдың үлкен саусағымен шынтақтың бүгілген аймағының терісін біраз қозғалтып, шетіне қарай тартыңыз, көк тамырды бекітуге және қолдағы шприцтің қалпын ауыстырмай отыра, иненің қиығын жоғары қаратып ұстап, көк тамырға қатарластыра ұстап, көк тамырды тесіңіз, сосын абайлап иненің үштен бір ұзындығын «қуысқа» түскенін сезгенше көк тамырға енгізіңіз.
17. Поршенді өзіңізге қарай тартқанда шприцте қан көрінуі керек, иненің көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.
18. Сол қолмен бұраудың бір бос шетін тартып шешіңіз, науқастан жұдырықты ашуын сұраңыз.
19. Ине көк тамырда екеніне қайтадан көзіңізді жеткізіңіз.
20. Шприцтің қалпын өзгертпей отыра, сол қолдың бірінші саусағымен поршенді басып, шприцтің поршенін тірелгенге дейін жібермей, жайымен дәрілік ерітіндіні көк тамырға енгізіңіз.
21. Залалсыздандырылған, спирттелген 3-ші мақта шаригін тесілген жерге басып, инені шығарыңыз.
22. Тесілген жерді тері антисептигімен суландырған мақта шаригімен 3-5 минуттай басып, науқастан қан толық тоқтағанға дейін шынтақ бүгілісінен қолын бүгуін сұраңыз.
23. Мақта шаригін контейнерге салыңыз.
24. Шприцті инесімен, иненің қалпағын кигізбей қолғапты арнайы контейнерге салыңыз.
25. Қолыңызды жуып құрғатыңыз.
Ескерту: арнайы венозды манжетканы қолданғанда ондағы клапынды тарс еткізіп ілгешегін жабады және венозды қанағым тоқтағанға дейін оның бос шетін тартады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет