Құрлымы бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктеуге болады:
1. Сюжеттік-рөлдік ойындар.
2. Жаттығу ойындары.
3. Шығармашылық ойындар.
4. Драмалық ойындар.
5. Әдеби-музыкалық ойындар.
Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі бар:
1. Білім беретін ойындар.
2. Тәрбиелейтін ойындар.
3. Дамытатын ойындар.
4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар.
5. Диагностикалық ойындар.
Халық ойынының келелі бір мақсаты – баланы жан-жақты тәрбиелеу болғандықтан, бір ойын түрліше ойналуы мүмкін, сондай-ақ, ойлануға берілген сұрақтың түрліше жауабы болуы мүмкін.
Ойын ережелерінде тәрбиенің үлкен маңызы жатыр. Олар ойынның барысын белгілейді, балалардың тәртібі мен әрекеттерін, олардың қарым-қатынасын бақылайды, жігерінің қалыптасуына ықпал етеді.
Ойынға қызығуы үшін ойын өмірмен ұштастырыла алынып, оның қажеттілігін бала сезінуі тиіс. Сондай-ақ, ойын тұжырымы әдеттегіден бөлектеу, түсінуге жеңіл, мақсаты айқын болуымен бірге, есептеуі аз, ойлану арқылы тез табылатын болуы қажет. Әрбір ойын ойналып болғаннан кейін, қорытындыланып отырылса пайдалы болады.
Ұлттық-дидактикалық ойындарды оқыту мен тәрбие құралына айналдыру үшін бір қатар әдістемелік талаптардың қатаң сақталуы тиіс:
Тәрбиеші ұлттық дидактикалық ойындардың неғұрлым көп түрін білуі тиіс.
Ұлттық дидактикалық ойындарын балалардың жас ерекшеліктеріне және қызығушылығына байланысты іріктей білу.
Ойын ережесін өзі жете біліп, балаларға да түсінікті етіп жеткізе білу.
Барлық ойындардың тәрбиелік мақсатын анықтап алу.
Ойын барысында ережені сақтауды қатаң түрде қадағалау.
Ойынға арналған құрал-саймандарды даярлау. Қажет болған жағдайда өз қолымен даярлау немесе басқа құралдармен алмастыру.
Бұл жерде атап айтатын бір нәрсе, дидактикалық ұлттық ойындарды бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда ол сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырады, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жандандыра түседі.
Жоғарыда көрсетілген жіктемелердің барлығының мазмұны өте қызық және өзіндік ерекшеліктерге толы. Олар дидактикалық ойындардың жалпы мақсаты мен мазмұнынына сәйкестендірілген. Бұл ойынның түрлерін бастауыш сыныптың оқу үрдісінде кеңінен пайдалануға болады.
Ойындарды қолдауда мыналарды ескерген жөн.
-балалардың тұлғалық шығармашылық белсенділігін дамыту үрдісі циклды, оны құрастырушы циклдер ахуал мен үрдіс ретінде ситуативті шығармашылық белсенділіктің туындауымен және бар болуымен байланысты. Шығармашылық белсенділікті дамыту циклы ойындық іс-әрекет құрылымына енгізіліп жекелеген ойын немесе ойындар кешені шеңберінде жүргізіле алады.
-құрылымында оқушылардың ситуативті шығармашылық белсенділігі циклы айналымға түсетін жүйе ретіндегі ойынның жетекші функциялары: ситуативті шығармашылық белсенділікті іске қосу, шығармашылық белсенділіктің берілген циклын аяқтауда тиімді нұсқа және келесі циклдарды іске қосудың алғышарты ретіндегі ойындық шығармашылық табыс жағдаятын құру.
Достарыңызбен бөлісу: |