Үлгілі ауылындағы орта мектеп Ақдала бастауыш мектебімен кмм бастауыш сынып мұғалімдерінің ӘБ отырысы



бет13/16
Дата11.12.2021
өлшемі206 Kb.
#99156
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін белсендендірудің педагогикалық жағдайлары

3.ТӘЖІРИБЕ БӨЛІМІ
3.1. Математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар
Математика пәні бойынша ең бастысы - оқушылардың ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру деп ойлаймын. Сондықтан да санмен және сәйкес цифрлармен таныстыра отырып, сол санның құрамын жаттату ауызша есептеуге көп септігін тигізеді. Бұл кезеңде сан сызғышпен жұмыс көп көмегін тигізеді.

Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғаның дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шындай түсетіні белгілі. Математика сабағында қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «Ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған ойын есептерін алып, тек қана оқушының орындай алатын іс-әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі.

Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптары оқушылары ой-өрісін дамытатын «Құлпынай теріп алайық», «Араларға бал жинауға көмектес», «Қалқанқұлаққа көмектес», Сақина тастау ойындары. Мысалы, Сақина тастау ойынының дидактикалық мақсаты: 20 көлеміндегі сандарды қосу және азайтуға берілген мысалды тақтаға шығарып, сақинаны өзі қалаған оқушыға салады. Ойын осылайша жылдам түрде жалғасады. Ойынды басқара жүріп, мұғалім баланың жеке басының ерекшелігіне, оның сапасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез құлқына ықпал жасайды.

Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп білеміз.

Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Атау ұйқастарын санау арқылы оқушылар Сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды танып біледі. Санамақтар сан үйретеді, әрі дүние танытады,әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады.

Санамақтың түрлері өте көп. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтымал.

Ойын – балалардың негізгі іс-әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы балалардың көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданылатынын байқау қиын емес. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. «Көрші-көрші»ойынының мақсаты 10 көлеміндегі сандардың ретін меңгеру яғни, мұғалім бір санды атайды,«Жеті» дейді, жеті саны тағылған бала ілгері шығып, балалардың алдына тұрады .

Сонан соң, мұғалім бұл санның көршілері қатарына тұрыңдар дейді. 6,7,8 Сандарын құрады. Одан соң 6 және 7 сандары салыстырылады. 6-ның 7-ден біреуі кем, 6-ға 1-ді қоссақ 7 болады. 6 саны 6 бірліктен тұрады. Одан соң 7,8 т.с.с



«Шырша құру» ойыны арқылы да сан құрамын оқушыларға жаттатуға болады. Шыршаның сол жағына сандарды өсу ретімен, ал оң жағына кему ретімен жаз дей отырып, сол санның құрамын шығаруға болады.

8

0 8

1 7

2 6

3 5

4 4
Ауызша есептеуге төселдіру үшін сандар құрамы кестесін жаттап алуға тапсырмалар беремін:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет