Үлгілі ауылындағы орта мектеп Ақдала бастауыш мектебімен кмм бастауыш сынып мұғалімдерінің ӘБ отырысы



бет16/16
Дата11.12.2021
өлшемі206 Kb.
#99156
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін белсендендірудің педагогикалық жағдайлары

«Бос шаршыны толтыр» ойыны. Суреттегі шаршылардың бос тор көздеріне сандарды таңдап қою керек. Мұнда кез келген бағытта орналасқан үш санның қосындысы қандай да бір алдын ала белгіленген сан болуы керек.
15 саны




1

6



5




4







39 саны





1

16



13




10








4. ҚОРЫТЫНДЫ
Әдістемелік әдебиеттерде берілген және мұғалімдердің тәжірибесінде пайдаланып жүрген дидактикалық ойындар өте көп. Алайда олардың бәрі дерлік бүгінгі күннің талаптарынан туындап отырған білім мазмұнының өзгерістеріне, сондай-ақ оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейді. Сондықтан мен белгілі ойын түрлерін сұрыптап, ой елегінен өткізе отырып, ғылыми тұрғыдан негізделген дидактикалық ойындар мен қызықты жаттығулар жүйесін пайдаланамын. Дидактикалық ойындарды шығармашылықпен түрлендіре отырып, оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құрамды бөлігіне айналдырамын. Бірақ ойын процесі мен оқыту процесін бір-біріне етене ұластырып ұйымдастырған жөн. Оқушы ойын іс-әрекеті үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу процесінің өзінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және оқу іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Осы шарт орындалған жағдайда дидактикалық ойын шын мәнінде оқыту әдісі деңгейіне дейін көтеріледі.

Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңдегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын-ала дайындап алуға, ойын процесіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты.

Бастауыш сыныптардың математика сабақтарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысуы қажет.

Ойындар оқушылардың ой - өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.

Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі.
Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.
Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді.
Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн. «Ойыннан басталады»,- десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің басты қолданатын тәсілі - ойын.
Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірбесін жинақтауға көмектеседі. Ойынның кәсіптік, әуестену, оқу-жаттығу ойындары сияқты түрлері бар. Ол дем алу, көңіл көтеру бола тұра оқуға, шығармашылыққа, емдеуге, адам қарым-қатынасының типтерінің модельдеріне, еңбекте көрініс табады.

Ойынды ерте заманнан үлкендердің іс-тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған. Ойын халық педагогикасында, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдаланылады. Қазіргі мектепте ойын әрекеті ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін өздік технология ретінде, жалпы технологияның элементі ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде, сыныптан тыс жұмыстың технологиясы ретінде қолданылады.

Сонымен, ойын технологияларын бастауыш сынып сабақтарында қолдана отырып, төмендегідей нәтижелерге қол жеткізуге болады:
1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.

2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.

3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.

4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.

5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.

6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.

7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.
8. Оқушылар үшін қауіпсіз.

9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.

10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.

11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.

12. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.

Қорыта келгенде, ойын – балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл – өмірдің заңдылығы. Сондықтан да бастауыш сынып сабақтарында ойын элементтерін пайдаланудың оқушылардың ой белсенділігін арттырудағы маңызы зор.



5. ҰСЫНЫС

Бастауыш мектептегі математика сабағында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін оқушылардың ой-өрісін дамыту мақсатында қолданудың әдістемесін теориялық-әдіснамалық және тәжірибелік-сараптамалық зерттеу нәтижелері төмендегідей қорытынды және ұсыныстар жасауға мүмкіндік туғызды:

1 Психология мен педагогикада ойындарды қолдану теориясы мен парктикасы мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу жөнінде толықтай баяндалған. Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым білім беру барысында дидактикалық ойындар ұғымы пайда болған. Бірақта төменгі сыныптарда әртүрлі пәндерді (соның ішінде математиканы) оқытуда олар өздерінің толықтай қолданысын таппаған. Бұл сыныптарда дидактикалық ойындардың ролі мен атқаратын қызметтері анықталмаған және де оларды сабақта қолданудың әдістемесі жасалмаған.

2. Оқушылардың ой-өрісін дамытуда ұлттық және дидактикалық ойын есептерін қолданудың әдіс-тәсілдері анықталып, олар теория тұрғысынан негізделсе.

3. Сонымен қатар, ұлттық және дидактикалық ойындардың оқушылардың ой-өрісін дамытудағы атқаратын қызметінің ерекшеліктері айқындалса.

4. Бастауыш мектептегі математика сабағында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолданып оқушылардың ой-өрісін дамыту әдістемесі жасалып, оның тиімділігі тәжірибелік-эксперимент жұмыстарын арқылы тексерілсе.

5. Бастауыш мектепте қолданылатын ұлттық және дидактикалық ойын есептерінің математикалық мазмұны ашылып және оларды қолданудың мақсаты анықталса.

6. Ұлттық және дидактикалық ойын есептерін сабақ барысында қолданғанда дайындықтары әртүрлі оқушылардың ой-өрісін дамытудың ерекшеліктері анықталып, сипатталса.


6. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. А. Мустояпова . Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру // Бастауыш мектеп №12 ,2003, 22-23 б.

2. Ә. Мұхамеджанова . Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін қалыптастыру// Бастауш мектеп №1, 2005, 20-22 б.

3. Керімбаева Р. Ойын түрлері және оның ерекшеліктері // Бастауыш мектеп №3, 2008, 11-12 б.

4. Керімбаева Т. Дидактикалық ойындарының түрлері // Бастауыш мектеп №9 2005, 18-19 б.

5. Нагибин Ф. Развивающие игры. М.: Просвещение, 1985.

6. Құлбаева С. Ойын әдісімен // Бастауыш мектеп. №3, 2004, 37-38 б.

7. Математика сабағында дидактикалық ойын есептерді қолдану //«М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ. Шымкент, 2007. (Оқу-әдістемелік құрал) 2,5 б.т. (М.Мұсабековпен авторлық бірлестікте).



8.Бала дүниетанымын-ұлттық ойындар арқылы дамыту //«Ұлт тағылымы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журнал –Алматы 2008 -№1(1) -Б. 20-23.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет