Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет202/269
Дата25.04.2022
өлшемі3,08 Mb.
#140773
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   269
Байланысты:
Жұбанов Қ.
тарих, Practise Test 3 Module 2 TI
...Қапа боп, қайғы шекпе, қайран анам.
Елдегі қатар-құрбы болсын аман.
Мал ұрлап, кісі өлтірген жазығым жоқ,
Тағдырдың зорлығына бар ма шарам
?


292 
Мұңайған сәттердің күңгірт көлеңкесі былайша суреттеледі:
...Бір басты, екі аяқты болсаң адам,
Кез келмек бірде жақсы, бірде жаман. 
Бұл күнде тозған-озып, толған-солып, 
Түсіп тұр басымызға қыңыр заман

Енді бірде, шаттық сәулесі сығыраяды, алдан үміт күтіп, өзін ширата 
түседі: 
...Ойлама «су түбіне кетті енді» деп, 
«Қайтпайтын сағатына жетті енді» деп. 
Тәңірім өміріме саулық берсе, 
Жақсылық Күн барына етпеймін шек. 
Бұл өлең жолдарынан рухы күшті азаматтың өзіне тән нәзік лиризм 
мен өршілдік қасиеті, оптимизмге құштарлығы аңғарылады. 
Зерттеуші Ә.Ұлықпанованың пайымдауынша, Қ.Жұбановтың махаббат 
лирикасына жататын «Сәлем хат» түріндегі бірер ғана өлең шумағында екі 
жастың сүйгеніне деген ыстық ықыласы, жүрегін өртеген сағынышы, 
ардақтау сезімі қатар астасады (142). 
Қ.Жұбановтың баспа бетінде толық нұсқасында жарияланбаған 
өлеңдерінің бірі – «Жайлауда». Аталмыш өлеңнің жазылуы туралы кезінде 
ғалымның інісі Ахмет Жұбанов Есет Құдайбергенұлына: «Өмірінің қиын сәті 
басына тап келіп, ауыл-елі бір үлкен жұтқа ұшырап, жаз жайлауға көше 
алмай қалғанда тарығып жүрген кезінде жазғаны еді», – деп сыр ақтарады. 
Қ.Жұбанов бұл өлеңде ел көшінің керемет суретін табиғатпен 
ұштастыра былайша бейнелейді: 
Жаздың айы келгенде,
Қызғалдақ, түрлі жапырақ, 
Көрінбей жерден топырақ,
Өсіп, көрік бергенде.
Көшуші еді тамам ел,
Түрлі жайлау жерлерге

Көз алдындағы көш лирик ақынның балалық шағының сағынышты 
сәттерін де еске салады: 
Тоғыз-оннан түйе артып, 
Түйеге өңшең үй артып. 
Асушы еді белдерге 
Жас балалар тай мініп, 
Нені ойласын қайғырып, 


293 
Жұмыртқа іздеп тергенде

Өлең бойынан қазақ өмірінің дәстүрлі этнографиялық суреттері – көш 
басындағы ақсақалдардың қарекеті, құрығын шаншып қонысты бейнелеуі 
т.с.с. айқын көрінеді: 
Ақсақалдар ілгері, 
Қоныс іздеп озады. 
Көш келгенде жақындап 
Құрығын шаншып тұрғаны

«Бағлан сойып, бас салып, ерулік беру», қонақ күту, «табағын кұр 
қайтармай, сақина-жүзік салу» сияқты салт-дәстүр де қазақ өмірінің осы бір 
шат-шадыман сәні ретінде өлеңмен өріледі: 
Бұрын қонған ауылдан
Қыз-келіншек киініп.
Үй тігісе келеді,
Бағылан сойып, бас салып,
Ерулік берер сүйініп,
Қонағын күткен бәйбіше
Сақина-жүзік салады,
Табағын құр қайтармай,
Құрметті біліп түйініп
... 
Көшке байланысты, жайлау өміріне қатысты сән-салтанат, мереке-
думан жыр бойында қалтқысыз үйлесім тапқан: 
Қыз-бозбала жиналып, 
Көтеріп көңіл, сергіп ой. 
Той десе қу бас домалап, 
Көңілденіп, өсіп ой. 
Палуан түсіп күресіп, 
Мереке сәні айқай ғой. 
Келіншек, кемпір, жігіт, қыз 
Қалушы еді бір жасап, 
Әңгіме шертіп тынымсыз

Жүректің қылын шеткен сөз құдіреті жайлаудағы кешкі сауық-
сайранның шаттығын былайша өрнектейді: 
Кешкітұрым болғанда,
Жел басылып тынғанда,
Қыбырлаған адамзат,


294 
Сауық-сайран құрады.
Қырдың арғы жағынан 
Дауысы шешен сыбызғы.
Үндеріне қосылып,
Малшының үні шығады,
Тамылжыған бұлақ ауасы,
Кім-кімге де ұнады
... 
Иә, өзінің ой-сезімін өлеңмен өрген Қ.Жұбановтың ақындық ізденістері 
де қаламгер қуатының молдығын дәлелдейтіндігінің айғағындай бұл (5). 
Сондай-ақ құдыреттің Қ.Жұбановқа суретшілік пен оюшылық өнерін 
де нәсіп еткендігі төмендегі деректерден байқалады. «Құдайберген сурет 
өнеріне өте шебер болды. Ол майлы бояумен, қарындашпен, тіпті көмірмен 
де әдемі суреттер сала беретін. Суретпен қатар ою өнерімен де айналысатын. 
Ағашқа, тасқа небір тамаша оюлар салатын», – деп Абдолла Беркінов еске 
алса (7, 301), ағасы туралы шағын мақаласында Ахмет Жұбанов та оның 
суретті майлы бояумен де сала бастағанын, бұл өнерде әуесқой болғанмен, өз 
бетімен шимайламай, маман суретшілерден консультация алып та жүргенін, 
Құдайберген ойған құлпытастар Темір, Жұрын аудандарының бейіттерінде 
осы күнге дейін ұшырасатынын айтады (9). Елдің айтуына қарағанда, әкесі 
Қуанның басындағы құлпытасқа Құдайберген өз қолымен ойып жазған. 
Қ.Жұбановтың суретшілік өнері туралы Ә.Ермеков айтқан сөздің де 
жөні бөлек: «Орхоншаның түпнұсқасында «аяғы» сорайған қиқа-шиқа 
таңбалар біздің профессордың қолынан мүсінді болып шыға келеді: 
Құдайберген аға керемет сұлу жазатын. Оның қолымен жазылған харіптер
жібекке тізген лағыл моншақтай төгіліп тұратын. Ал оның суреткерлігі 
профессионал-суретшіден бір де кем емес еді: жалпы тіл білімінен, мәселен, 
жазу тарихын сөйлеп тұрып, торғайдың, қаптесердің, қару-жарақтың суретін 
тақта бетіне бормен мінсіз түсіретін. Сонда жаңағы нәрселердің суреттерін 
ол қынап-мінеп жатпайды, бір-ақ тартады. Профессордың бұл өнерінің де 
өз шәкірттеріне игі әсері болып еді. Мәселен, Ошан Сатыбалдин, Абдол
Медетов ұстазымыздың ықпалымен сурет өнеріне әбден жетіліп алып 
еді» (143). 
Тіл зерттеушілері үшін Қ.Жұбановтың үлгі боларлық тағы бір қасиеті – 
оның полиглог болғандығы жайлы жоғарыда да сөз еткенбіз. Әсіресе неміс 
тілі мен көне түркі тілдерін жақсы білсе керек. Немісше цитатаны ойша 
келтіруіне, неміс авторларына көбірек сілтеме жасауына қарағанда, немісше 
еркін оқи алғаны байқалады. Ғалымның араб, парсы, неміс, ағылшын, 
француз, көне түркі, монғол тілдерін, қазіргі өзге түркі тілдерін әжептәуір 
меңгергені, тіпті қытай тілін меңгеріп, сол тілде жазылған мұралармен 
танысу үшін жапон тілін зерттей бастағаны белгілі. Алайда бұл мақсатына 
ғалым, өкінішке қарай, жете алмады.
Десек те, халқымыздағы «Орнында бар – оңалар» деген терең мағыналы 
бір ауыз сөздің өмір тәжірибесінен алынғандығына көзіміз тағы бір жетіп 


295 
отыр. Құдайберген Қуанұлының кенже ұлы Асқар Құдайбергенұлының 11 
жасар кенже қызы – Еңлік Асқарқызы атасының жете алмаған арманын 
аманаттай арқалап, жапон тілін үйренуді бастап кетті. Ұрпақ жалғастығы 
деген осы болар!
Сонымен қатар ғалымның «ұйғыр халқының республикалық мәдениет 
съезінде қаралған емле, термин мәселелеріне аянбай ат салысқанын, талай 
ғылыми түйіндерді (әрине, ұйғыр тіліне қатысты) шешіп бергенін; сол жылы 
ұйғыр тілі грамматикасын жазып беруге кіріскендігін» айта келе, Ғ.Орманов 
«ол дунган халқының тіл маманын әзірлеуге ат салысып жүр» деп жазады 
(144). Демек, бұл да ғалымның қазіргі түркі тілдерін жақсы меңгергенін 
дәлелдейді. Осының бәрі, әрине, лингвист үшін аса қажет те, қызығарлық та 
қасиет. 
Көз көрген замандастары мен шәкірттерінің айтуларына қарағанда, 
Құдайберген Қуанұлы күнделікті тұрмыста, жолдас-жораларымен қарым-
қатынаста аса бір кішіпейіл, ақкөңіл, әңгімешіл адам болған. Қ.Жұбановтың 
«кескін-келбеті, түр-тұлғасы қандай сұлу болса, жүрегі де сондай кіршіксіз 
таза, мінезі жұмсақ, сабырлы, кішіпейіл жан болды» дейді ол туралы 
көзкөргендер. Жайымен сөйлегенімен, әрбір сөзін, ой-пікірін тұжырымды, 
нақты дәлелді айтатын болған. Елдің сыртынан сөз айтып, ойланбай 
сөйлейтіндерді жақтырмай, ондай жерлерде қабағын сәл шытып, үндемей 
орнынан тұрып, кетіп қалады екен. Ғылым-білімге байланысты сұраған 
адамға оны әбден толық жауап бермейінше, оның түсінгеніне өз көзі 
жетпейінше қанағаттанбаған. Ғылыми әңгімелер кейде сағаттап созылып,
одан басқа көптеген жайлардың мән-сырын ашуға алып келеді екен. Ұсақ-
түйек күнделікті күйкі нәрселерге бола ешкіммен ұрсыспаған, өтірік-айлаға 
жаны қас, турашыл, бірақ сол туралықтың өзін сыпайы жеткізе білген ғалым-
азамат көз көргендердің жүрегіне жылы ұялаған және келешек ұрпақтың 
жадында осы мінезімен сақталмақ. 


296 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет