ТҮРКІ ƏЛЕМІНІҢ БЕСІГІ Бұл тау жоталары шамамен 500 миллион жыл бұрын пайда болды. Жалпы аумағы 2 мың шақырымға созылған. Осы тау жүйесінің бір бөлігі Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының маңында орналасқан. Бұл аумақта шамамен 15 тау тізбегі бар. Ең биік шыңы – Мұзтау (Белуха). Ол қарлы беткейлерімен, өткір шыңдарымен, көркем көлдерімен және мұздықтарымен ерекшеленетін Қатын таулар тізбегінде орналасқан. Әлемнің түкпір-түкпірінен келетін альпинистердің негізгі бөлігі осы шыңды бағындыру үшін келеді. Эвересттен екі есе төмен болғанына қарамастан, бұл тауға көтерілу өте қиын және қайғылы оқиғаларға жиі әкеледі. Алтай жері өзен-көлдерге бай. Осы жерде Шүй және Қатын өзендері пайда болып, қосылу арқылы Ресейдегі ең ірі өзендердің бірі Обь қалыптасады. Сондай-ақ, Ертіс, Ұрсұл, Арғұт, Чуя, Шұлышман сияқты өзендер бар. Оның көлдерін де ерекше атап өту керек, олардың саны 20 мыңнан асады және әр көлдің өзіндік бояуы бар. Алтайда жабайы табиғат сақталған, бұндай жерлер әлемде аз. Мұнда өндірістік кәсіпорындар жоқ. Тау шыңдарына тек жаяу жете аласыз. Адамдардың аздығына байланысты, ол ең таза аймақтардың бірі болып саналады. Бұл өлкеде жабайы өгіз (зубр) немесе қар барысы сияқты өте сирек кездесетін жануарларды кездестіруге болады. Сонымен қатар, Алтайды аю, марал, сілеусін, қасқыр, түлкі және түрлі жыртқыш құстар мекен етеді.