АҢ СТИЛІ Аң стиліндегі бұйымдар — Үйғарақ пен Түгіскеннің жерлеу мүліктерінің ішінде бейнелеу өнерінің көз тартар үлгілері де кездеседі. Бұлар - ер-тұрмандағы, алтын қаптырмалардағы, алтын шеттіктердегі хайуандардың бейнелері. Хайуанаттар бейнелерінің арасында бұғы, киік, жылкы, таутеке, қабан, арыстан, барыс не қабылан, жыртқыш құс, түйе бар. Бұл заттардың жасалу әдістері мен стилі Арал өңірі сақтарының мәдениетін скифтік-сібірлік өнер дүниесіне енгізеді.
Жинақтарда осы өнердің тым ертедегі үлгілерінің, ең алдымен I Петр коллекциясындағы дөңгелене бүктетіліп жатқан барыс не қабылан түріндегі қола қаптырмалардың болуы мәнді.
Құйрығының ұшы мен аяқтары иілген, құлағы айқын көрінбейтін, көзі мен мұрны бір сызық бойында жатқан концентрациялық шеңберлер түріндегі, денесінің бұлшық еті білемделген Үйғарақ тоғалары — Еуразияның ежелгі аң стилінің үлгілері, олардың скиф өнері заттарына ұқсастығы байқалады. Үйғарақта бейнелеу қағидаларын сақтай отырып, тек өз ерекшеліктерін енгізу ғана байқалады.
Арыстанды бейнелеу Арал маңы сақтарының өңіріндегі тұрақты такы- рыптардың бірі болып табылады. Оңтүстік Түгіскеннің № 45 обасындағы б. з. б. VII—VI ғасырларға жататын кешеннен отырған арыстанның бейнесі салынған тартпаның екі тоғасы (дәл сондай тоға Үйғарақта да бар), басы артына қарай бұрулы отырған арыстандарды ойып салған төрт алтын тілік табылды. Аңның басы арыстанның басына оңша ұксамайды, шеберге бұл бейне таныс болмаса керек, бірақ стиль әбден ұстамды әрі дәстүрлі. 31-обадан Алдыңғы Азиядағы ежелгі түріне ұқсас түрегеп тұрған арыстан мүсіні бар алтын қаптырма табылды. Арыстанның кұйрығы ширатылған, бірақ аяқтары нағыз реалистік тұрғыда берілген, мысық көзді және жалы бар. 53-обадан табылған жүріп келе жатқан арыстандардың мүсіндері осындай үлгіге еліктелінгені анық, бірақ аң мүсінін орналастыруда өзгеріс бар, көздерін дөңгелек дерлік етіп жасаған, жалы жоқ. Ақырында, арыстан бейнеленген тағы бір нүсқа — Түгіскендегі 53-обадан табылған қорамсақтың қарсы ілгек-қапсырмасында тұмсығын аяғының үстіне салып жатқан жыртқыштың бейнесі өте табиғи түрде берілген.
АЛТЫН АДАМ
Бұл адамның жасы – 16-18, ал бойы – 165 см болған.
Табылған қорған – ерте темір дәуіріне (б.з.б. VII–III ғасыр) жатады. Зерттеушілердің айтуынша, бұл жерлерде сақ тайпалары өмір сүрген.
Зиратта 4000-нан астам алтын заттар, қылыш, қыштан жасалған 31 ыдыс, күміс табақтар, ағаш қасық, қола айна болды.
Ғалымдар Алтын адамның қалай қайтыс болғандығын анықтады. Оның арқасына пышақ немесе қылыш соққысы жасалған.
Оның бас киімінде төрт жебе бар, бұл әлемнің төрт жағын және ол адам, билеуші әулетке жататындығын білдіреді.
Күміс ыдыстағы жазбалар, қай тілде жазылғаны әлі күнге дейін белгісіз. Зиратта табылған адамның қалдықтары әйелдікі болуы мүмкін.
Биіктігі 70 сантиметр бас киім, сәукелеге өте ұқсайды. Кейбір мәліметтер бойынша, ол сақтардың патшайымы Тұмар (Томирис).
Жауынгердің саусақтарында екі сақина киілген.
Сақинадағы суретте, ежелгі Күн құдайы – Митра бейнеленген деген ақпарат бар.
Алтынның жалпы салмағы қанша екені белгісіз.
Қазба жұмыстары аяқталған соң, қорғанның орнына автобаза салынды. Қазіргі уақытта ол – Қазақстан Республикасының алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайында орналасқан. Сондай-ақ, Нью-Йорк қаласының мұражайында, осы археологиялық табыстың көшірмесі бар.