ІІІ.Қызығушылықты ояту
ІV Мағынаны тану.
Жаңа тақырып (20 мин)
|
«Цирк,киоск,танк» сөзіне қосымша жалғау.
Дауыссыз дыбыстар тіркесіне аяқталған кірме сөздердің жазылу Қазақ тіліне басқа тілден енген сөздердің жазылуы белгілі бір емле заңдылықтарына бағынады. 1.рк, рг ,ск, кт, кс, нк, нт, лк, нкт дауыссыз дыбыстар тіркесіне аяқталған сөздерге қазақ тілінің қосымшалары жіңішке жалғанады: циркке, киоскіден, фактіге, танкілер, полкке, пунктті, цементке, Фениксті 2.нд ,нз, нк, нг, мп, мб, мт, кт, ск, вт,фт,пт дыбыстар тіркесінеаяқталған кірме сөздердіңқазақ тілінің қосымшалары ы, і дәнекер дыбыстары (әріптері)арқылы жалғанады: пудинг+і+ге, бумеранг+і+нің, субъект+імен 3. сс, лл, тт, пп, мм, ст, кст, сть, зд, кк дыбыстар тіркесіне аяқталған басқа тілден енген сөздерге қосымша жалғанғанда,соңғы дауыссыз дыбысы түсіріліп жазылады: кросс-кросы, грамм-грамдап, повесть-повестке, съезд-съезі, тест-тес+ке,тес+тер. 4. кль,бль секілді дауыссыз дыбыстар мен жіңішкелік белгі тіркесіне аяқталған сөздерге және жіңішкелік белгісіне аяқталған бір буынды сөздерге (ось,тюль) қазақ тілі қосымшалары әрдайым жіңішке жалғанады.Егер қосымша дауыссыз дыбыстан басталса,жіңішкелік белгісі сақталады,ал қосымша дауысты дыбыстан басталса,жіңішкелік белгі түсіріліп жазылады: бинокль-бинокль+дің, бинокл+і; ансамбль- ансамбль+де, ансамбл+ін; 5.соңы ий қосарлы дауыссыз дыбысқа аяқталатын кірме сөздерге қазақ тілі қосымшалары әрдайым жіңішке жалғанады және қосымша дауыстыдан немесе дауыссыз дыбыстан басталса да, олар түбір қалпын сақтайды: критерий-лер; критерий+і; Маяковский+мен, Маяковский+ін; 6. см,мм,км,кг,га сияқты қысқарған белгілерге жалғанатын қосымшалар дефис арқылы жазылып,сөздердің соңғы буынының жуан –жіңішкелігіне қарай жалғанады: 20 см-ге,15 км-ден,100 га-дан, 40 кг-ға.
|
Тапсырманы қызығушылықпен орындайды
Оқушылар мысалдар арқылы,тақырыпты оқулықтан оқып, меңгергендерін пысықтап,қорғайды.
|