Ұлы күні ұлыстың, басы болсын ырыстың! Дайындаған оқытушылар: А. Н. Баримбекова: А. М. Азанбаева Талдықорған 2016ж



бет1/7
Дата15.09.2017
өлшемі3,75 Mb.
#33771
  1   2   3   4   5   6   7
Талдықорған агротехникалық колледжі

«КЕЛІСЕМІН» «БЕКІТЕМІН»

Топ жетекшілер әдіскері Директордың тәрбие ісі

____________________ жөніндегі орынбасары

Ғ.Н.Тойлыбаева ____________________

Е.Ж.Канапиев

Тақырыбы:

Ұлы күні ұлыстың, басы

болсын ырыстың!

Дайындаған оқытушылар:

А.Н.Баримбекова: А.М.Азанбаева

Талдықорған 2016ж

Ұлы күні ұлыстың, басы болсын ырыстың!

Мақсаты:

Білімділік – оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету;

Дамытушылық – оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезім ұялату, өнерін, мәдениетін қастерлеу дамыта оқытып үйрену;

Тәрбиелік – мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағнасына қарай оқушыларды адамгершілікке, елін, Отанын сүюге, ұлттық салт – дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.

Оқытушы: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді. Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлыс мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Талдықорған агротехникалық колледжі

Тәрбие сағатының технологиялық картасы

Күні:____14.04.2016________________________________________________
Дайындаған: Бәрімбекова А.Н.(351-топ); Азанбаева А.М.(335-топ)______
Тақырыбы: «Ұлы күні ұлыстың, басы болсын ырыстың!»




Мақсаты: білім алушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету, оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезім ұялату, өнерін, мәдениетін қастерлеу дамыта оқытып үйрену, мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағнасына қарай оқушыларды адамгершілікке, елін, Отанын сүюге, ұлттық салт – дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының материалдары: шарлар, слайдтар, қосымша мәліметтер.
Тәрбие сағатының барысы: 22-наурыз Ұлыстың ұлы күніне арналған «Ұлы күні ұлыстың, басы болсын ырыстың!» атты тәрбие сағаты.
Қорытынды: қорыта келгенде білім алушылар наурыз мейрамы туралы кең, ауқымды мәліметтер алды.
Топ жетекшілер: ___________А.Н.Баримбекова

___________ А.М.Азанбаева

Кіріспе

Наурыз мейрамы – бұл қөқтем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiрлiкте болады. 


Ынтымағы жарасқан көп ұлтты елiмiздiң осы бiрлiгiн Құдай ұзағынан сүйiндiргей! Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын!  Ұлыс келер түнi Қызыр бабаға арналып әр үйдiң төрiнде қос шырақ жағылатын болған. Үй иелерi бар ыдысты аққа, суға, «ырыс толсын» деп дәнге, «жауын-шашын көп болсын» деп бұлақ суына толтырады. 
   Ұлыс келер түнi Қызыр бабаға арналып әр үйдiң төрiнде қос шырақ жағылатын болған. Үй иелерi бар ыдысты аққа, суға, «ырыс толсын» деп дәнге, «жауын-шашын көп болсын» деп бұлақ суына толтырады. Жылдың алғашқы күнiнде қар жауса «ақша қар», жаңбыр жауса «нұр жауды» деп шаттанған. Ертеректе ауыл адамдарын ұйқысынан тұрғызу үшiн қолданылған мынадай қызық дәстүр болған. Жастар асау тайыншаны құрықтап, оған ерттелген ашамайға зор қуыршақты таңып байлап, ауыл iшiне бос жiбередi. Мөңкiп тулаған асау ауылды азан-қазан етсе де, ешкiм бұған өкпелемеген. Күлiмдеп көрiнген күнге сәлем берiп, шаруаға кiрiседi. Наурыз күнi көзi ашылған бұлақтың суы сарқылмайды, ал егiлген талдың саясы мен жемiсi мол болады деп сенген. Жаңа сап түзеген шыбықтарға ақ шашу да жақсыырым. 
   Ұлыс - жақсы тiлектер күнi. Араздасқандар төс қағысып, татуласқан.

Ұлы күні ұлыстың, басы болсын ырыстың!
Сахналық көрініс (Наурыз туын көтерген бір ер бала, ұлттық киім киген 4 ұл бала сөйлейді, арттарынан 4 қыз бала гүл шоқтарын ұстап шығады.)

Наурыздың сәнді-салтанатты «Көш-керуені». Сахна төріне жеткенше жол бойына жаршылар жар салып, халықты тойға шақырады:



1-жаршы:

- Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!



Босқа қарап тұрмаңыздар.

Наурыз тойы басталды.

Көргендер де арманда,

Көрмеген де армандар,

Қызықтан тыс қалмаңдар!

2-жаршы:

Ата салтын бабамның,

Алып келіп Ұлыс күн.

Бір анадан туғандай,

Бір ұядан ұшқандай,

Бір аспанның астында,

Бір дастархан басында,

Бірлік болсын қасымда.

3-жаршы:

Көп көжеден дәм татып,

Күшейтейік бірлікті.

Еңбек пенен тірлікті.

Салт-дәстүрмен жараса,

Қайта құрып жаңаша,

Жарыса өнер көрсетіп,

Той тойлайық тамаша!

4-жаршы:

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Ұлыс тойы басталды.

Наурыз туын көтеріп,

Жар салайық әлемге.

Көрмегендер көріңдер,

Естімеген естіңдер,

Дабылын оның қағайық,

Шақырамыз бәріңді

Ұлы тойға халайық...

(Жүргізушілер сахнаға шығады)

І жүргізуші: Армысыздар наурыз тойына жиналған қауым! Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні – ата-баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы – бұл қөқтем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.

ІІ жүргізуші: Иә, наурыз сөзі нау - «жаңа» - «күн» деген сөзден шыққан! Яғни бұл қазақша күнтізбеде жаңа жыл мейрамы. Жыл басы Наурызда айтылған ақ тілектің бәрі толық орындалады деп ата-бабамыз айтып кеткен. Сол секілді баршаңызға жаңа бақыт, жаңа шаттық, жаңа өмір, жаңа қуат тілейміз.


І жүргізуші: Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып!

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым,

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.



ІІ жүргізуші: Аспанымда ақша бұлттар аунайды,

Наурыз тойы көңілімді баулайды!

Тебіренген табиғат та мәз-майрам,

Аңқылдаған қазағымнан аумайды!

Бұл күні алдағы күндерге арналған ізгі ой, арман-мақсаты айтылып, ізгі тілектер тіленеді.

І жүргізуші: Бүгін бізде той-думан,

Ортамызды ашайық,

Ән мен күйді шалқытып,

Інжу-маржан шашайық!

Жиналған халық таң қалсын,

Өнерден күмбез жасайық.



ІІ жүргізуші: Уа, халайық, халайық,

Ақ сандықты ашайық.



Екеуі бірге: Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық.




Хабарландырусыз «Наурыз - думан» әні орындалады.

(Ортаға ұлттық киім киген екі қыз шашу шашады)
І жүргізуші: Наурызым – бабамның сөзі,

Наурызым – анамның сөзі,

Ғасырдан ғасырға жеткен,

Даламның сөзі.



ІІ жүргізуші: Уа, халқым!

Қазір өздеріңізбен жүздесуге ақ баталарын беру үшін ХҮІІ ғасырда ел басына күн туып, етегімен су кешкен, жау жағадан алып, бөрі етектен шалған алмағайып заманда халықтың бірлігі мен тұтастығына ерен еңбек сіңіріп, түнектен шығар жол нұсқап, көшбасшы болған әз бабаларымыз: асу бермес Төле би, қазып айтқан Қазыбек би мен әділ үнді Әйтеке билеріміз келе жатыр.



(Сахнаға Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би келеді. Ортаға келіп алақандарын жайып кезекпен – кезек бата береді.)

Төле би: Сұрасаң, бата берейін,

Үстем болсын мерейің!

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Дастарханың мол босын,

Абыройың зор болсын!



Қазыбек би: Өрендерің ер болсын,

Көре алмаған бағыңды,

Сындыра алмай сағыңды,

Бетін басып жер болсын!

Қара ниет жауларың,

Ит пен құсқа жем болсын!



Әйтеке би: Жарылқа, алла қабыл ет,

Жарылқаудың қамын ет,

Ізет-абырой, бақ-дәулет.

Қызыр қарап, бақ қонып,

Не тілесең,

Сонын бәрін қабыл ет! (үшеуі бірге): ӘУМИН!



І жүргізуші: - Берген баталарыңыз Қызыр ата құлағына шалынып, қабыл болғай.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет