Екі жүргізуші бірге: Әумин!
І жүргізуші: Қазақтың мың бұралған биі қандай,
Әсемдік әлемінен құйылғандай.
Сахнаға шыққанда сұлу қыздар,
Тағаты көрерменнің тиылғандай.
ІІ жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Қыздарымыз өнерлерін көрсетуде,-
алдарыңызда «Қыздар-ай» бишілер тобының орындауында «Қамажай» биін қабыл алыңыздар.
Екеуі бірге: Мерекелеріңіз құтты болсын!
(Баяу әуен ойнап тұрады, 4 қазақ көйлектегі қыздар шығады. Сахнаға Жер-Ана үлгісінде жасыл матадан кең әрі сәнді тігілген ұзын көйлек киген, басында әр түрлі гүлдер мен өсімдіктер бейнеленген биік бас киім бар Жер-Ана бейнесін жасайтын қыз шығады. Жер-Ана келіп сахна төрінде жұртқа қарап тұрады.)
Достарыңызбен бөлісу: |