Ұлы Отан соғысы Орындаған: Елемес Дінмұхаммед


КСРО КСРО-ның жалпы жағдайы



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі337,62 Kb.
#94031
1   2   3
Байланысты:
ұлы отан Елемес

КСРО

КСРО-ның жалпы жағдайы

  • КСРО болашақта болатын жойқын соғысқа 30-шы жылдардың басынан бастап дайындала бастаған болатын. Тек ауыр өнеркәсіп қана емес, өмірдің түрлі-түрлі жақтары, идеология, бұқаралық ақпарат құралдары, тіпті орта білім беру салалары да милитаризацияланды.
  • Жеделтелген индустриализацияның арқасында 30-шы жылдары КСРО-да қуатты ауыр өнеркәсіп пайда болды. Ол жедел түрде қару-жарақ өндірісіне ауыса алатындай етіп ұйымдастырылды. Бірақ соған қарамастан болат, шойын қорыту, көмір, электр энергиясын, химиялық өндіріс сияқты салаларда Кеңес Одағы Германиядан артта қалып отыр еді. Үшінші Рейхтың қолына бүкіл Батыс және Орталық Еуропаның өнеркәсібі түскен соң бұл артта қалу тереңдей түсті. Кейбір техникалық бағыттарда да Кеңес Одағы Германиядан артта қалған еді. Әсіресе байланыс құралдарын және автомобиль көліктерін жасап шығару жағынан. Кеңес халқының басым көпшілігі (66 пайызы) білім деңгейі төмен дәрежедегі шаруалар болатын, ал Германия әлдеқайда урбанизацияланған, индустриализацияланған ел еді. Көптеген өнім түрлерін жасап шығарудан Кеңес Одағы Германияны артта қалдырған болатын (танкілер, ұшақтар, артиллериялық қару-жарақ, минометтер, оқ атар қару сияқтылар). Кеңес Одағының осал жағы — әскердің байланыс және басқару құралдарымен жарақтануы төмен деңгейде болды. Бұл жағынан Германиядан артта қалу елеулі болатын.
  • Бір айта кетерлігі — КСРО-да негізгі өндірістік қорлары мемлекеттік меншікте болғаны себебінен және КСРО экономикасы мемлекеттің қатаң қадағалауында болғандықтан өнеркәсіптің милитаризация деңгейі мен соғыс жағдайында жұмыс атқаруға қабілеті Германия экономикасына қарағанда әлдеқайда жоғары болатын. Ал Германияның экономикасы жұмылу деңгейі жағынан 1944 жылы «тотал соғыс» жарияланғаннан кейін ғана кеңес экономикасына жақындай алды. Сондықтан соғыстың басында КСРО экономикасының тиімділігі жоғарырақ деңгейде болды.
  • КСРО-ның партиялық жетекшілігінің Азаматтық соғыс кезінде қалыптасып, төтенше жағдайларда шаруашылық және әскери басқарудың мол тәжірибесіне ие болғанын да естен шығармау керек. Экономикасы қатаң орталықтандырылған, жетекшілігі «төтенше» шаралар арқылы іске асырылатын, жеке меншік атымен жоқ КСРО соғысқа Германияға қарағанда әлдеқайда ұтымды жағдайда болды. Осы себептер КСРО-ның сол соғыста жеңіске жеткенінің себептерінің бірі болды.
  • Соған қарамастан ЖШҚӘ өзінің жерінде ірі қорғаныс соғысын жүргізуге дайын еместігін көрсетіп алды. Кейінірек кеңестік тарихнамада бұл «әскери құрылыста, соғыстың басталу уақытын анықтауда жіберілген қателік, әскерді мемлекеттік шекараның маңында орналастыруды кешеуілдету» деп аталды[5].
  • 1937-1938 жылдары орын алған жаппай қуғын-сүргіннің нәтижесінде ЖШҚӘ-нің басқару буыны ауыр шығынға ұщыраған болатын. 5 маршалдың 3-еуі, 15 армия генералының 13-і, 9адмиралдың 8-і, 57 комкордың 50-і, 186 комдивтің 154-і, 16 әскер комиссарының 16-сы, 28 корпус комиссарының 25-і атылу жазасына кесілді. Әскери округтар мен әскери құрамалардың басына жас, тәжірибесіз басқарушылар тағайындалды. Мысалы, соғыс басталған кезде 17 әскери округ басшыларының 7-еуі, 17 округ штаб басшыларының 4-еуі өз қызметтеріне тағайындалғандарына жарты жыл толмаған еді. 20 армия қолбасшыларынан 13-інің тағайындалғандарына жарты жыл толмай, тек 2-еуі ғана жылдан астам уақыт бұрын тағайындалды. Командирлердің 70%-ының (полк командирінен жоғары) және сол деңгейдегі саяси жұмысшылардың 75%-ының жұмыс стажы (өтілі) жылға жетпеген еді[6][7] .
  • Зерттеушілердің пікірінше, қуғын-сүргін әскердің қорғаныс қабілетіне кері әсерін тигізді[8]. Олардың пікірінше кадр «тазалаулары» әскердің моралдық жағдайына кері әсер етіп, кейбір азаматтардың Ұлы Отан соғысы кезінде жау жағына өтулерін қуғын-сүргінмен жуып-шаюларын мүмкін етті.[9]
  • 30-шы жылдардың жаппай қуғындарына тікелей қатысқан Молотовтың пікірінше, егер 30-шы жылдардың оқиғалары орын алмағанда соғыстың кезінде сатқындар мен коллаборационистердің саны әлдеқайда көп болар еді[10].
  • 30-шы жылдардың аяғында өткізілген ЖШҚӘ-нің инспекторлық тексерістерінің нәтижесінде ондағы әскери тәртіп пен әскери дайындықтың өте төмен деңгейде болғаны анықталды. ЖШҚӘ-нің басқарушы буынының білім деңгейі де төмен болғандығы анық болды. Кеңес өнеркәсібі қамтамасыз еткен қуатты әскери техниканың көптігі де осы кемшіліктердің орнын толтыра алмады. Қару-жарақтың, әсіресе танк және ұшақ соққы қосындарындағы қару-жарақ мөлшері бойынша КСРО 30-шы жылдардың ортасында-ақ барлық басқа елдердің әскерлерінен де көп еді. Бірақ соғыстың басында ЖШҚӘ-нің әскери дайындығы оның қару-жарағының молдығына сай келмеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет