Ұлы Отан соғысы тарихында партизан қозғалысы маңызды орын алады. Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес Одағының батыры атағы 11527 жауынгерлер, партизандар мен астыртын қимыл жасағандарға берілген екен



Дата31.05.2022
өлшемі18,65 Kb.
#145646
Байланысты:
Партизан соғысы


Ұлы Отан соғысы тарихында партизан қозғалысы маңызды орын алады. Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес Одағының батыры атағы 11527 жауынгерлер, партизандар мен астыртын қимыл жасағандарға берілген екен. Оның 194-і осы атақты екі мәрте алғандар.
Неміс-фашист басқыншыларына қарсы Кеңес халқының қаhармандық күресі тек майдан даласында ғана емес, жау тылында да жүріп жатты. Жауынгерлермен қатар партизандардың да қосқан ерлігі ерен.
Жау тылында партизан отрядтарының құ­рылуы әскерге баға жетпес көмек көр­сетті. Олар жасырын жүріп, оз­быр ойлы басқыншылардың үрейін ұшырып, табаны тиген жер­ле­рінде, оларға қарсы ажал төніп тұр­ды. Жаудың жолына тоқсауылдар қойып, фашистердің ең мықты деген әс­кер­лерінің мыңдаған солдатта­ры мен офи­церлерінің көзін жойды, темір жол және тас жол бой­ларындағы стратегиялық маңызы бар көпірлерді қиратты, жарылғыш зат­тармен күлін көкке ұшырып, істен шы­ғарып тастады. Фашистердің көп­теген жоспарлы операцияларын үлкен шығынға ұшыратты. Жергілікті бейбіт халықтың жақындарын жұбатты, қор­ға­ды, қаhармандық пен ерлік­тің, табан­ды­лықтың асқан үлгісін көрсетті.г
Партизандардың ішінде көптеген қаhар­­ман қазақстандық қыздар мен жігіттер болды.Тек Белоруссияның 65 партизан құрамасында 1500-ден ас­там қазақстандық, Ленинград және Смоленск облыстарында 500-дей, ал Ук­раинаның территориясында партизан отрядтары мен құрамаларына елдің 62 ұлтының өкілдері қатысқан. Оның 1500-і қазақ партизаны болды. Аласапыран соғыста қар төсеніп,мұз жас­танған, батырлық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен, кейбір қазақ­стандық партизан батыр аталарымыз­ды атап өтейін, олар: Қасым Қай­се­нов,Тоқтағали Жангелдин, Ғалым Ахмедияров, Үсенбай Тастанбеков, Әбдіғали Төлегенов, Қабыш Ахметов, Әлімбай Тілеулин, Жұмағали Саин т.б. сынды батыр аталарымыз баға жет­пес ерліктің асқан үлгісін көрсетті.
БК(б)П ОК 18 шілдедегі «Герман әскерлерінің тылында күрес ұйымдастыру туралы» қаулысында жау басып алған аудандарда партизан қауымын ұйымдастырудың бағдарламасын көрсетіп берді. Соның нәтижесінде 1941 жылдың жазынан бастап жау тылында жабдықтала бастаған партизан ұйымдары құрамындағы жауынгерлер саны 1943 жылдың соңында 1 миллионға жетті. 1942 жылдың мамырында Қызыл Армия мен партизан қозғалысының ұштасуын қадағалайтын Орталық, кейінірек республикалық және облыстық партизан қозғалысы штабтары құрылды.
Соғыстың басында партизан қозғалысын ұйымдастыру үшін совет тылынан арнайы дайындықтардан өткен коммунистер мен комсомолецтер жау тылына жіберілді. Мұнымен қатар әскери қызметкерлер мен чекистерден құралған топтар жіберу тәжірибесі кең қолданылды. Осындай арнайы топтардың негізінде партизан отрядтары пайда болды. Мұндай топтар әсіресе Украина мен Белоруссияның батыс аудандарында, Молдавия мен Балтық жағалауларында зор рөл атқарды. Мұнда ерлермен бірге әйелдер де, қарттармен бірге жастар да, көптеген өкілдердің өкілдері болды
Қазақстандық партизандар жаумен шайқаста үлкен ерлік танытты. Мысалы, Чапаев атындағы ірі партизан құрамасы жасақтары ішіндегі біреуінің командирі Қасым Қайсенов бір өзі 30 жау солдаты мен офицерінің көзін жойған. Отанын қорғаудағы асқан ерлігі үшін Қ.Қайсеновке “Халық Қаһарманы” атағы берілді. Қасым Қайсенов, Сәтімбек Төлешов, Ғалым Омаров, Тоқтағали Жанкелдин, Әди Шәріпов, Ғалым Ахмедияров, Нұрым Сыдықов сынды батыр партизандармен қатар Нұрғаным Байсейітова, Тұрғаш Жұмабаева, Жамал Ақәділова есімді қазақ қыздары да жау әскеріне қарсы күресті.
Соғыстың кейінгі жылдары орталық партизан штабының шешімімен тәжірибелі партизандарды шетел мемлекеттері территориясына аттандырды. Оларға партизан отрядтарын ұйымдастыру тапсырылды. Осы мақсатпен Қ.Қайсенов Румыния мен Чехословакияны, ал А.С.Егоров Словакияны, С.О.Төлешов, Н.Супронов, Сарсенгалиев, А.Г.Акимин – Польшаны жаудан азат етуге ат салысты. Сондай ақ тарихшылардың мәліметіне сәйкес, Франция, Бельгия, Италия аумағындағы партизан құрылымдары қатарында 180 қазақстандық болған.
Толық емес деректер бойынша, кеңестік партизандар мен астыртын жұмыс жүргізушілер жаудың əскери техникасы мен əскерлері бар поездардың 21 мыңнан астамының аударылуын ұйымдастырған, 1618 паровозды істен шығарған, 170,8 мың вагондарды, 12 мың темір жол жəне тас жол көпірлерін жарған жəне өртеген, 1,6 миллионнан астам гитлерлік солдат, офицерлер мен олардың қолдаушыларын тұтқынға алған жəне көзін жойған, Қызыл Əскердің басқармасына көптеген маңызды барлаушылық мəліметтер əкелген.
Қорыта келе, неміс-фашист əскерлерімен басып алынған территориядағы партизандардың күресі ауқымы, саяси жəне əскери нəтижесі бойынша фашизмді талқандаудың маңызды əскери факторы мағынасына ие болды. Қазақстандықтар басқа ұлт өкілдері қатарында соғыс жүріп жатқан аумақтың қай бөлігінде соғысса да, Отан алдындағы борышын абыроймен атқара білді. Біздің мыңдаған жерлестеріміз партизан қозғалысында өз парыздарын қаһармандықпен орындап, Жеңіс жолында жанқиярлықпен күресті.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет