Лицензиялау және сертификаттау негіздері



бет2/6
Дата19.07.2020
өлшемі226,5 Kb.
#74844
1   2   3   4   5   6

1. Жалпы мағлұматтар



1.1. Оқытушы және пән туралы жалпы мағлұматтар

Карымсакова Индира Бекеновна, Ақпараттық жүйелер магистрі

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасы

Байланыс ақпараты – тел.: 35-26-22, оқу корпусы №1, кабинет № 1104

Сабақ өткізу аудиториясы - аудитория № 1104;

Кредиттер саны — 2;

1.2. Жұмыстық оқу жоспарынан көшірме (кесте 1):

Кесте 1 - Жұмыстық оқу жоспарынан көшірме



Курс

Семестр

Кредиттер

Дәр

(сағ.)


Пр

(сағ.)


СОӨЖ

(сағ.)


СӨЖ

(сағ.)


Барлығы

(сағ.)


Қортынды бақылау формасы

4

7

2

15

15

30

30

90

Емтихан


1.3. Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуының қазіргі этаптағы негізгі есептеріне жататыны мемлекеттік басқару мен реттеу әдістерін құру.

Дамыған нарық бірігей нормалар, ережелер және заңдар болмай дұрыс қызмет атқара аламайды. Нарықтық қатынастарға қатысушылар «ойынның» ережелерін біліп, соны қолдауы керек.

Мемлекет автокөліктік қызметтерді қолданатын қоғамның, өндірушілердің және пайдаланушылардың қызығушылықтарын қорғайды. Бұл сферадағы мемлекеттік реттеу формаларына тауарларды (жұмыс, қызмет көрсету) сертификаттау мен лицензиядан өткізу жатады.

Білім алу үрдісінде студенттер өнім, сапа жүйесі және өндіріс (үрдістер), жұмыс және қызмет, соның ішінде Қазақстан Республикасындағы транспорттық құралдар мен өнімдерге қолданылатын құқықтық нормаларға байланысты сұрақтарға толық жауап алу қажет.

1.4. Курстың мақсаты:

Болашақ мамандарды автомобильдік траспорттарды лицензиядан өткізу және сертификаттау жүйелерімен таныстыру, сонымен қатар автотраспорттық қызметті орындауға және транспорттық құралдар мен олардың қосымша бөліктерінің сәйкестік сертификатын алуға дайындау, дағдысын қалыптастыру.



1.5. Пәнді оқудың негізгі міндеті:

Қазақстан Республикасындағы және шет елдегі, сонымен қатар осы облыстағы халықаралық және аймақтық ұйымдардың қызметін сертификаттау және лицензиядан өткізу бойынша ұйымдастырушылық, әдістемелік құқықтық дағдыларын қалыптастыру, теориялық білімді оқу мен меңгеру.



1.6. Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі және меңгеруі керек:

лицензидан өткізу және сертификаттау талаптары мен мақсаттарын білу;

лицензиядан өткізу мен сертификаттау бойынша заңдылықтар мен нормативтерді білу;

қызметтерді лицензиядан өткізу және транспорттық құралдар, қосымша бөлшектерін, материалдарын және қызметтерін сертификаттау түрлерін білу;

лицензиядан өткізу мен сертификаттауды өткізудің әдістері мен ретін білу;

әртүрлі автотранспорттық қызметтерді лицензиядан өткізудегі ерекшеліктерін білу;

сертификаттық сынамаларды өткізудің реті мен түрлерін білу;

лицензияны алуға қажетті құжаттарды дайындауға машықтану.



1.7. Курс пререквизиттері:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет