Лидерге қажетті 21 қасиет


Бесінші қасиет. Құзыреттілік: егер сіз өзіңізде оны ашсаңыз, адамдар сізге келеді



бет6/22
Дата07.02.2022
өлшемі199,5 Kb.
#97465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
2 5237962004748043678

Бесінші қасиет. Құзыреттілік: егер сіз өзіңізде оны ашсаңыз, адамдар сізге келеді.
Біз жоғарғы құзыретті адамдарға сүйсіне қараймыз, іскерліктің ұсталары болсын, әлемдік деңгейдегі спортшылар болсын немесе іскер бизнесмендер болсын. Алайда басқаларды құзыреттілік жағынан басып озу міндетті түрде Фаберже, Майкл Джордан немесе Билл Гейтс болу қажет емес. Егер шынымен құзіреттілік қасиетін дамытқыңыз келсе, мыналарды істеулеріңіз міндет:
Әр күн сайын құзыреттілігіңізді көрсету. Бірдеңені күткенде, жауапты адамдар қол қусырып отырмайды, өздерін көрсете бастайды. Бірақ шынайы құзырлы адамдар бір қадам алда жүреді. Олар өз ниеттерін көрсетіп қана қоймай, кез-келген жағдайға дайын екенін айқындайды.
Әрқашан мінсіздікке ұмтылыңыздар. Адам әрқашан оқып, өсіп, өркендеуі керек. Мінсіздікке жету үшін «Не себепті?» деген сұраққа жауап іздеп отыру керек. Соңында, нені және қалай істеу керектігін білетін адамның, әр кез жұмысы болады. Ал не себепті істеу керек екендігін білетін адам, әр кез бастық болады.
Кез-келген шаруаны ойдағыдай асыратын болыңыз. Бастаған ісін соңына дейін апармайтын адам, құзыретті бола алмайды. Көшбасшы ретінде біз адамдарымыздан істі аяғына дейін істейтінін күтеміз. Ал өз кезегінде олар бізден дәл осыны және бұдан да жоғарғы нәтижені күтеді.
Сізден күтілетін нәрседен көбірек істеңіз. Шынына келгенде, құзыретті адамдар күтілуге тиіс нәтижеден асып түсетін істер жасайды. Көшбасшылар өзінің жұмысын аяқтап, басқа қосымша жұмысты істеулері міндетті. Тіпті сирек емес, күнделікті.
Басқаларды жігерлендіріңіз. Көшбасшылар артынан ергендерді жігерлендіріп, оларға мотиватор болады.

Қиын жұмыс кезіндегі сіздің психологиялық дайындығыңыз қалай? Іске бар ынтаңызбен және мүмкіндігіңіздің жоғарғы деңгейімен қимылдайсыз ба? Әлде сіз кейде жақсы ғана жұмыс істей аласыз ба? Сіз кімсіз: ойшыл, қызметкер әлде сенім артуға болатын ойыншысыз ба?


Жеке стандарттарыңыз қаншалықты жақсы болса, сіз де соншалықты жақсы боласыз!!!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет