Лидерге қажетті 21 қасиет
Адамдардың көшбасшының артынан ілесуіне не себеп болады? Неліктен адамдар кей көшбасшылардың үндеуіне үн қатпай, ал басқалардың ізінен қалмайды? Теорияшыл көшбасшылар мен тиімді түрде артынан ілескен адамдары бар іскер көшбасшылардың айырмашылығы неде? Себебі нақты адамның жекелеген және ерекше қасиетінде.
Адамдарды өзіне тартатын және сол арқылы маңызды істер шешетін адамдар санатынан болу үшін шынайы көшбасшыға керек қасиеттерді өз бойыңыздан іздедіңіз бе? Менің айтқалы отырғаным келесі: егер сіз уақыт бөліп, ішкі дүниеңізде өзіңіз қалағандай, тіпті ешкімге айтпаған ең батыл армандарыңызды орындайтын, қаншалықты дәрежеде керекті қасиеттеріңізді өз бойыңыздан табалар едіңіз? Бұл әркім өзіне қоюға тиіс шынайы сұрақ және әркім оған шынайы жауап беру керек! Егер толық деңгейде өзінің шынайы әлеуетін жүзеге асырғысы келсе.
Көшбасшылық жөнінде Америкада ғана емес, басқа да елдердегі атақты сарапшы, INJOY GROUP – жеке және көшбасшылық қасиеттерді барынша жоғарлатуға көмектесетін ұйымның өкілінің бірі Джон Максвеллдің «Көшбасшының 21 міндетті қасиеті» атты кітабында жоғарыдағы сұрақтарға толық жауап аласыздар. Барлық шарықтау мен құлдыраулар көшбасшылықпен анықталады. Ал ол қасиеттер шынымен іште қалыптасады. Егер ішіңізде сіз қалағандай көшбасшы болсаңыз, өмірде де дәл сондай көшбасшыға айнала аласыз. Адамдар сіздің артыңыздан еруді қалайтын болады. Ал бұл жағдай орнаған кезде, сіз әлемдегі адам жасай алатын бар мәселені шеше алатын адамға айналасыз!!!
Достарыңызбен бөлісу: |