Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


Әлеуметтік ортақ тәжірибе: Балкон концерттері



Pdf көрінісі
бет146/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар
лекция 5, ССиМ 20-11 лабка 14
Әлеуметтік ортақ тәжірибе: Балкон концерттері
Әлем елдері карантин жариялаған соң, көп ұзамай Италия қалаларында, 
дәлірек айтсақ, 13 наурыз күні сағат 18:00-ден бастап, кейін «балкон 
концерттері» деп атала бастаған феномен пайда болды. Италия халқы 
осы бір әлеуметтік музыкалық тәжірибеге қосылу үшін балкондарына, 
терезелері алдына, үйлерінің шатырына шығып, ән айтты, ән тыңдады. 
Видеоға түсіріліп алынған бұл әлеуметтік тәжірибелер әлемді бір-бірімен 
жалғап отырған әлеуметтік медианы шарлады. Артынша Германия мен 
Франция халқы да осыған ұқсас шаралар «ұйымдастыра» бастады. Қиын 


330
жағдайдағы Италия халқына қолдау білдіру мақсатында болса керек, Bella 
Ciao ең көп айтылған әндер қатарын бастап тұр. Испанияда фламенко 
көшені жаңғыртты, ал Голландия халқының балконынан әрі қуанышты 
әрі классикалық композициялар шарықтады (Schaap, Vandenberg & 
Berghman, 2020). 
Еуропада бастау алған балкон концерттері Қазақстанда да жалғасты. 
Бұл концерттерде – рок, рок-н-ролл, классика, халық әндері, патриоттық 
әндер, тіпті Қазақстан Республикасының әнұраны – барлық жанр 
шығармалары шырқалды (Қара., Azattyq TV, 2020 & Матаева, 2020). 
Қорытынды
Пандемия кезінде, 2020 жылдың наурыз айынан бастап музыкалық 
тәжірибе тұрғысында пайда болған немесе осы кезеңде бастау алған 
музыкамен тығыз байланысты әлеуметтік шараларды тізбектеп шығар 
болсақ былай болар еді: 
- Instagram, Facebook және Youtube-та тікелей эфирде концерттер 
өтті;
- Spotify Қазақстанда қолданысқа енді;
- Zoom арқылы жанды немесе алдын ала жазылған концерттер 
қойылып, музыканттар репетиция жасады;
- Балкон концерттері болды;
- Виртуал фестивальдер өтті;

Даталар базасы мен танымал музыка архивтері көпшілікке 
қолжетімді болды (опералар, музыканттардың деректі фильмдері, 
кітапханалар және т.б.);
- Ескі концерттік жазбалар көрсетілді (Берлин филармониясы, 
Метрополитен операсы, Корольдік опера театры сынды әлемдік 
маңызды мәдениет пен өнер орындары архивтерін онлайн 
платформаға ашты. Осының арқасында қазақстандық әнші-
композиторлардың ХХ ғасырда Еуропаға жасаған гастрольдерінде 
жазылған перформанстарын тыңдау мүмкіндігі туды);
- Интернет арқылы музыкалық білім беру үдерісі пайда болды;
- Онлайн түрде тікелей эфирде ұйымдастырылған, көбіне жас 
музыканттар қатысқан концерттер (Қазақтелеком коцерттері, 91 
тобы баста әр түрлі әншілер мен топтардың 
Instagram, Facebook, 
Youtube 
арқылы берген концерттері т.б.) өтті.
- Музыка қосымшалары шектеулі түрде ақысыз қолжетімді болды; 
(
Steinberg #StayHome Elements Collection 
және т.б.);

Музыка саласы бойынша әзірленген диссертациялар онлайн 
қорғалды;
- Музыкант 
challenge
-дері іске асты;
- Музыканттармен виртуал кездесулер өтті;
- Музыкатану және музыка мамандары онлайн түрде симпозиум, 
конференция және сұхбат өткізді; жтб.


331
Бұлардың ішінде, әсіресе COVID-19 пандемиясын тақырып етіп алған 
шығармалардың назар аударарлық маңызға ие болғанын айту керек. Бұл 
композициялардың ұжымдық сананы қалай қалыптастырғаны немесе 
ұжымдық санадан қандай әсер алғанына келер болсақ, жалпы пандемия 
кезеңіндегі Қазақстан халқының сезімі мен ойын, тәжірибесі мен 
қайғысын нақты айшықтай алды деуге болады.
Өкінішке қарай, классикалық жанрдағы музыканттар COVID-19 
індеті туралы композициялар тудырған жоқ. Сондықтан да Адорноның 
тұжырымындағы техникалық дамуды көру мүмкін болмады. Бұл, әрине, 
уақыттың еншісінде. Дегенмен елдегі популяр музыка саласы пандемия 
жағдайына қатысты реакциясын анағұрлым жылдам көрсеткенін айтып 
өткен жөн. Еңбегіміздің теориялық бөлігінде айтылған көзқарастардың 
ішінде, әсіресе Дүркхеймнің теориясында айтылған мәселелердің іске 
асқанын байқадық. Басқаша айтар болсақ, музыканың тотемдік сипат 
арқылы әлеуметтік функциясын атқарғанын байқадық.
Бұл жерде Ирина Кайратовна тобының 5000 атты әні мен клипіне, 
Хабар және Qazaqstan телеарналары тапсырысымен өндірілген әндер мен 
клиптерге Адорноның мәдениет индустриясы тұрғысынан қарау керек деп 
білеміз. Ирина Кайратовна тобының бұрынғы мизогиния мен хомофобияға 
толы скетчтері мен вайндерінен топ мүшелерінің қоғамдық пікірді үнемі 
қадағалайтынын, қоғамдық пікір қандай болса, топтың контентті де солай 
қарай бейімдейтінін байқауға болады. Соңғы жылдары айтылып жүрген 
қоғамдық пікірден көпшіліктің Совет кезеңінде ел басқарған Дінмұхамед 
Қонаевты әділ, ұлтын сүйген көшбасшы деп білетінін, ол туралы жағымды 
дискурс қалыптасып келе жатқанын аңғаруға болады. Сонымен қатар 
Алаш Орда көсемдерін ұлт көсемдері ретінде көретін ұстаным да жиі 
байқалуда. Яғни Ирина Кайратовна тобының қоғамның барлық тобында, 
мейлі демократтар, мейлі ұлтшылдар немесе либералдар болсын, қоғамда 
жағымды түрде қабылданатын тақырыпты тауарға айналдырғанын, 
осылайша құндылықтарды тауар ретінде сатқанын байқауға болады. 
Сондықтан отшашу оқиғасына білдірген реакциялардан топтың 
позициясын емес, қоғамның бұл оқиғаға деген реакциясының тауарға 
айналған популист халін аңғару қиын емес. Бұл тұрғыдан қарасақ, Ирина 
Кайратовна тобының мизогиния және хомофобияға толы еңбектерінің 
себептері – патриархал қоғамның құндылықтарын тауарға айналдыру 
әрекеті де анық көрінеді.
Ал Хабар және Qazaqstan телеарналарының арнайы тапсырысымен 
жасалған «Біз біргеміз» ұранындағы әндер мен клиптерден аталған 
телеарна мекемелерінің пандемия кезеңіндегі Президент пен үкіметтің 
саяси дискурстарын популяр музыканың, яғни мәдениет индустриясының 
қолына тапсырып, идеологияға айналдыру талпынысын көруге болады. 
Қазақстандағы дәстүрлі және жаңа медиа қолданысы мәселесіне 
келер болсақ, музыкалық шығармалардың телевизия арналары және 
жаңа медиақұралдар арқылы тарап жатқанын айта кеткен жөн. Ендеше 
Қазақстанда пандемия кезеңінде дәстүрлі медиа да, жаңа медиа да бірдей 
маңызға ие болған деп тұжырымдауға болады.
Сонымен қатар COVID-19 әлем елдеріне тарала бастағанда, 
эпидемияның қаупін сезген үкіметтер қауіптен сақтану шараларын қолға 
алып, қоғамнан белгілі бір талаптарды ұстануды талап етіп, орындалуына 
күш жұмсады. Мұндай шаралар Қазақстанда да қабылданды. Қазақстан 
қоғамы әртүрлі реакциясын білдіріп жатты. Бұл реакцияларды вирус 


332
қауіпті, сол үшін де сақтану керегінен вирус қаупін ескермеуге дейінгі; 
әлеуметтік күйзеліске ұшырату уайымынан Тәңірдің жазасы деп 
түсінуге дейінгі; адамның қоршаған ортаға қарым-қатынасынан рухани 
деградация сындарына дейінгі деп, бірнеше типке бөлуге болады. 
Бұл реакциялар әртүрлі деңгейде, түрде байқалып жатты. Музыка осы 
реакцияны білдірудің бір тәсілі ретінде қызмет етті.


333
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Adorno W. Theodor (1964). Versuch über Wagner, Münih & Zürih: Knaur.
2. Adorno, Theodor (2009), “On Popular Music”, Cultural Theory and Popular 
Culture: A Reader ішінде, 4-басылым, John Storey
(Құраст.), Harlow: Pearson 
Education, 197-209. 
3. Adorno, Theodor W. (1975). “Culture Industry Reconsidered.” Anson G. Rabinbach 
(Ағыл. ауд.), New German Critique, 6 (Autumn): 12-19.
4. Adorno, Theodor W. (1978). “On the Social Situation of Music.” Wes Blomster (Ағыл. 
ауд.), Telos, 35: 128-164.
5. Ayas, Güneş (2015). Müzik Sosyolojisi: Sorunlar-Yaklaşımlar-Tartışmalar, İstanbul: 
Doğu Kitabevi. 
6. Azattyq TV (2020). Алматылықтардың балкондағы концерті. https://www.azattyq.
org/a/kazakhstan-almaty/30505092.html 
7. Bourdieu, Pierre (1989). “Social Space and Symbolic Power”, Sociological Theory, 
7(1), 14-25.
8. Bourdieu, Pierre (1993). Sociology in Question. Richard Nice (ауд.), London, 
Thousand Oaks, New Delhi: Sage Publications. 
9. Buchanan, Ian & Lambert, Gregg (2005). Deleuze and Space. Edinburgh: Edinburgh 
University Press.
10. Butler, Judith & Yancy, George (2020). “Interview: Mourning Is a Political Act Amid 
the Pandemic and Its Disparities (Republication)”. Journal of Bioethical Inquiry, 17: 
483–487. 
11. Castells, Manuel (2004). “An Introduction to the Information Age”, The Information 
Society Reader ішінде, Frank Webster (құраст. ред.), London: Routledge.
12. Castells, Manuel, (2009). “The Rise of the Network Society : Volume I: The 
Information Age: Economy, Society, and Culture”, London: Blackwell Publishing
13. Çoker, Çağatay (2020). “Görüş III. Salgın Zamanlarına Psikoloji İçinden ve Ötesinden 
Bakmak: Farklı İsimler, Farklı Perspektifler.” Psikoloji ve Toplum, 10 (Мамыр): 17-
20.
14. Durkheim, Emile (2005). Dini Hayatın İlkel Biçimleri. Fuat Aydın (Түрік т. ауд.), 
İstanbul: Ataç Yayınları.
15. Ergur, Ali (2018). “Büyü Unsuru Olarak Müzik.” https://www.sanattanyansimalar.
com/yazarlar/ali-ergur/buyu-unsuru-olarak-muzik/1754/ Қаралған күн: 02.06.2021. 
16. Gane, Nicholas & Beer, David (2008). New Media: The Key Concepts. Oxford & New 
York: Berg Publishers.
17. Gürdal, İrfan (2020). Biz Beraberiz. https://www.youtube.com/watch?v=e-vr_Jsdy9o 
Қаралған күні: 09.06.2021
18. Güven, Uğur Zeynep & Ergur, Ali (2014). “Dünyada ve Türkiye’de müzik 
sosyolojisinin yeri ve gelişimi.” Sosyoloji Dergisi, 3. Dizi, 29. Sayı, 2014/2: 1-19 
19. İnan, Abdülkadir (1986). Tarihte ve Bugün Şamanizm: Materyaller ve Araştırmalar. 
3-басылым, 2-том, Анкара: Türk Tarih Kurumu Basımevi.
20. Lefebvre, Henri (1991). The Production of Space. Donald Nicholson-Smith (ауд.), 
Oxford (UK) & Cambridge (USA): Blackwell.
21. Lefebvre, Henri (2004). Rhythmanalysis: Space, Time and Everyday Life. Stuart Elden 
& Gerald Moore (ауд.), New York: Continuum.
22. MnogoNotka. Com (2020). Коронавирус! Кет, кет, кет. https://www.youtube.com/
watch?v=S10un3gn7wA Қаралған күні: 09.06.2021


334
23. Nussbaum, Charles O. (2007). The Musical Representation: Meaning, Ontology, and 
Emotion. Cambridge & London: The MIT Press. 
24. Qazaqstan телеарнасы (2020). Біз біргеміз. https://www.youtube.com/
watch?v=eM3BBoG9KPQ 
25. Saldanha, Arun (2017). Space After Deleuze. London: Bloomsbury Academic.
26. Schaap, Julian., Vandenberg, Femke & Berghman, Michaël (2020). “Balkonconcerten, 
lockdownsessies en quarantunes: muziek als sociale geleider tijdens de COVID-19-
pandemie”. Tijdschrift Sociologie, 1: 101-114.
27. Schopenhauer, Arthur (1969). The World as Will and Representation, Vol. I., E.F.J. 
Payne (ауд.), New York: Dover. 
28. Storey, John (2018). Cultural Theory and Popular Culture: An Introduction. 
8-басылым, London and New York: Routledge.
29. Walter, Benjamin (2007). “The Work of Art in the Age of Mechanical Reproduction.” 
Illuminations ішінде, Hannah Arendt (Құраст.), Harry Zohn (Ағылш. т. ауд.), 
2-басылым, New York: Schocken Books, 217-252. 
30. WHO. Constitution of the World Health Organization https://apps.who.int/gb/bd/
PDF/bd47/EN/constitution-en.pdf?ua=1 
31. Yergebekov, Moldiyar (2011). “Klasik Batı Müziği Bağlamında Theodor Wiesengrund 
Adorno’nun Müzik Estetiğinin Türkiye’de Alımlanması”. Zamanın Tozu: Frankfurt 
Okulu’nun Türkiye’deki İzleri ішінде, D. Beybin Kejanlıoğlu (құраст), Ankara: De Ki 
Yayınları, 497-524.
32. Балмырза, Марат (2020). Төтенше жағдай. https://www.youtube.com/watch?v=E-
8jvzSB5E0 
33. Вебер, Макс (1994). “Рациональные и социологические основания музыки”. 
Макс Вебер: Избранное. Образ общества ішінде, А.В. Михайлов (ауд.), Москва: 
Юристъ, 469-550. 
34. Гайденко, Пиама (1976). “Идея рациональности и социология музыки М. 
Вебера”. Кризис буржуазной культуры и музыка ішінде, Лев Раабен (құраст.) 
Мәскеу: Музыка, 7–48.
35. Жексенұлы, Жұбаныш & Жәутіков, Мақсат (2020). Дімкәс қала. https://www.
youtube.com/watch?v=ffW9vL43cNg Қаралған күні: 09.06.2021
36. Ирина Кайратовна (2020). https://www.youtube.com/watch?v=Jk7Ff9s2nkw 
Қаралған күні: 09.06.2021 
37. Матаева, Райхан (2020). Дариға-дәурен. https://www.facebook.
com/100015077494827/videos/849109598934949 Қаралған күні: 09.06.2021
38. Нұрлыбек, Әлжан (2020). Мың алғыс дәрігерлерге. https://www.youtube.com/
watch?v=qCaO_rwrjWA Қаралған күні: 09.06.2021
39. Омаров, Марат (2020a). Коронавирус! Кет, кет, кет. https://www.instagram.com/p/
B9tubJLFvF-/ Қаралған күні: 09.06.2021 
40. Омаров, Марат (2020b). Коронавирус! Кет, кет, кет. https://www.instagram.com/p/
B9qBabJFBAZ/ Қаралған күні: 09.06.2021
41. Омаров, Марат (2020c). Коронавирус! Кет, кет, кет. https://www.instagram.com/p/
B9yOGJ_Fgn_/ Қаралған күні: 09.06.2021
42. Пердешов, Асан & Жұманов, Жандарбек (2020). Қара маска. https://www.
youtube.com/watch?v=LHYs-FXhWpc Қаралған күні: 09.06.2021
43. Пердешов, Асан (2020). Дәрігерлерге мың алғыс. https://www.youtube.com/
watch?v=OLDpMfoA7uU Қаралған күні: 09.06.2021 
44. Сапарбай, Исраил (2020). “Жүрегімнің түбінде шүкіранам...” Egemen Qazaqstan. 
https://egemen.kz/article/231952-israil-saparbay-zhuregimninh-tubinde-
shukiranam Қаралған күні: 09.06.2021


335
45. Сейдіғали, Саян (2020). Өтірік. https://www.youtube.com/watch?v=VX2O8fCc3eo
Қаралған күні: 09.06.2021
46. Тоқаев, Қасым-Жомарт (2020a). «Қазақстан Республикасында төтенше 
жағдайды енгізу туралы» Қаулы, 2020 жылғы 15 наурыз, https://www.akorda.kz/
kz/legal_acts/decrees/kazakstan-respublikasynda-totenshe-zhagdaidy-engizu-turaly 
Қаралған күні: 09.06.2021
47. Тоқаев, Қасым-Жомарт (2020a). «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 
телевизиялық үндеуі». 2020 жылғы 16 наурыз, https://www.akorda.kz/kz/
speeches/internal_political_affairs/in_speeches_and_addresses/memleket-basshysy-
kasym-zhomart-tokaevtyn-televiziyalyk-undeui Қаралған күні: 09.06.2021 
48. Төлепберген, Айқын (2020). Сендей ауру жоқ. https://www.instagram.com/p/
B9uRDRXlxLe/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=embed_video_watch_again 
Қаралған күні: 09.06.2021
49. Ұлттық статистика бюросы (2020). Мәдениет статистикасы. https://stat.gov.kz/
official/industry/21/statistic/6 Қаралған күні: 09.06.2021
50. Хабар агенттігі (2020a). Біргеміз. https://www.youtube.com/
watch?v=Oukm9aiCZFw Қаралған күні: 09.06.2021
51. Хабар агенттігі (2020b). Түркияда «Біз біргеміз» әні жаңа форматта орындалды. 
https://www.youtube.com/watch?v=MKQX5cMokzA Қаралған күні: 09.06.2021
52. Хабар агенттігі (2020c). Біз қазақтың баласы. https://www.youtube.com/
watch?v=-FPlh6DjBn4 Қаралған күні: 09.06.2021
53. Хабар агенттігі (2020d). Мы вместе. https://www.youtube.com/
watch?v=RkXI3KBSxU4 Қаралған күні: 09.06.2021


336


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет