Мемдердің шығу тарихы және олардың жанрлары
Докинз сипаттап берген мем (Докинз, 2016) соған ұқсас баламадан өзгеше.
Атап айтсақ, ғалым мемді – тіршілігін жалғастыру мақсатында өсіп-өнуге,
көбеюге ұмтылатын мәдени бірлік деп таныған. Докинзтің түсінігіндегі
мемдер жаратылысынан өзімшіл әрі зәрлі келеді, олар жекелеген ақыл
иелерін улап үлгеріп, сол ақылды өзінің өсіп-өнуіне қажетті құрал ретінде
қолдану жолында бәсекеге түседі. Докинзтің мемдері қарапайым әрі
түсінікті: мысалы, ұрандар, тірек сөздер, дағдылар және т.с.с. Эволюцияға
қажетті гендер сияқты, олар да мем метафорасына барабар (Докинз, 2016).
Келесі онжылдықта сол ген жай ғана метафора болудан қалды.
Докинзтің теориясын негізге алған Дуглас Хофштадтер оның әлдеқайда
практикалық сипаттағы нұсқасын жасады.
Мемдерге дыбыстық әрі визуалдық бәсеке тұрғысынан назар аударған
ғалым мемдердің гендерден ерекшелігі сол – «радио, телевизия, жарнама
баннерлері, газеттер мен журналдардың» бәсекелесіне айналады деп
топшылаған (Hofstadter, 1983).
Мемнің лингвистика, психология және философиямен сабақтасқан
тарихы өте терең. Ал заманауи мағынасы бұрынғысынан айтарлықтай
өзгеше жанрды сипаттайды. Соңғы кезде мем ұғымы академиялық
ортадан тыс салаларда жиі ұшырасатын болды. Интернет мәдениетінің
дамуы мен әлеуметтік желілерде (Twitter, Facebook, Instagram) интернет-
мемдерді үздіксіз тарату үрдісі қатар жүрген. Instagram мен Facebook
пайдаланушыларының көбі мемдерді күнде көреді немесе өзі таратады.
Маңғаз Вонка (Redditor chicagowillbeours, 2011. 2-сурет.) мен Ойлампаз
Раптор (blog Smosh, 2010, 3-сурет.) – адамға «сөзшең вирус» жұқтырмайтын
макро мемдер. Олар Докинз сипаттаған мемдерден ерекше, мәдени
дамудың катализаторы қызметін атқарады (Wiggins & Bowers, 2014).
Интернет-мемдерді зерттеуге қызығушылық танытқан ғалымдар
оларды өз алдына бөлек қызмет саласы әрі әлеуметтік желілерге (Twitter,
Facebook, Instagram) тән жанр деп біледі. Біраз ғалым мемдерді цифрлық
мәдениетті түсіну үшін зерттеп жүр. Алайда олардың талдауына арқау
болған мемдер Докинз пен Хофштадтер суреттеген, зерттеген мемдерге
ұқсамайды. Лимор Шифман атап өткендей, мем «қазіргі заманғы цифрлық
мәдениеттің қараңғы қалтарыстарына жарық түсіретін призма ретінде»
жұмсалуда (Shifman, 2012).
2-сурет. 3-сурет.
339
Цифрлық және интернет-мәдениетті зерттеушілер қолданатын мем
эволюционист биолог ғалымдар қолданатын мемге біршама ұқсас.
Дегенмен бұл екеуінің айырмашылығы да бар. Цифрлық сала зерттеушілері
мемді Докинз айқындап берген мағынада – метафора ретінде жұмсайды
(Wiggins & Bowers, 2014). Шифманның (Shifman, 2012) пайымынша, «адам
факторы – мемдерді концептуализациялаудың ажырамас бөлігі, олар
адам жасаған технологиялық, мәдени және әлеуметтік таңдауға жауап
ретінде таралады».
Кейбір мем жанрлары (www.thedailystar.net , 2018):
1. Классикалық мемдер: аса өзекті болғандықтан немесе ерекше
эмоциялық әсерге бөлейтін, ешқашан ұмытылмайтын фраза немесе
кескін.
2. Трендерлер: біздің дәуірге тән мемдер. Мұндай мемдердің ғұмыры
бір айдан аспайды, тез ұмыт болып, құрдымға батқандай жоғалып
кетеді.
3. Ғажап соққы: бір-ақ рет болатын мемдер, ерекше көрікті, алайда
кейін бұл мемді тағы да көруіңіз екіталай.
4. Әлеуметтік желілер: бұл да мемнің бір жанры – мысалы, Twitter-дегі
әзіл-қалжыңның скриншотын жасап, оны Facebook, Instagram не
басқа әлеуметтік желі парақшасында қайта жариялау.
5. Сериялар: бір образға не тақырыпқа сай құрылған мемдер жиынтығы.
6. Текше (ниша): белгілі бір аудитория ғана көре алатын жасырын
мемдер.
7. Белгісіздік: ешқандай мағынасы жоқ. Мұндай мемді көргенде күлкіңіз
келеді, бірақ неге күлгеніңізді білмейсіз.
8. Ерсі әзіл, фарс: трендердің өз-өзінен жалыққаны соншалық – күлкілі
көріну үшін неге болса да әзір. Мысалы: менде ұлдың басының
орнына фотошоппен әкесінің басы қойылған және «Папа, менің
атым неге____?», «Папа, мен неге папамын?», «Өйткені папа»,
«Рақмет, папа», «Қош келдің, папа» деген мәтін жазылған мем бар.
Тіпті орынсыз нәрсе, ақымақтық десек те болады, алайда еріксіз
күлкі тудырады.
9. Комикстер: интернет-комикстер – бұларға әдетте қандай да бір
қызықты оқиғаны суреттейтін 2–4 кескіннен тұратын, креолданған
қысқаша мәтіндерді жатқызады.
10. Фанбаза: нақты бір телешоудан алынған каламбур немесе «Тақтар
таласы», «Гарри Поттер», «Кеңсе» сияқты фильм кейіпкерлері бар
бірдей кадрлар қолданылған мемдер.
11. Пайда: пайдалы мемдер жасауға бейім болу.
12. Білім беру: сапалы білім алудың өзі проблемаға айналған заманда
адамның үш таңдауы бар: коучингке бару, өз бетімен оқып-үйрену
немесе кәсіпкер жасөспірімдерге арналған икемді экономикалық
мемдер немесе логарифмдік шкаласы бар математикалық мем
сынды мемдер парақшасына жазылу.
340
Кең тараған интернет-мемдердің түрлері (memepedia.ru, 2020):
1. Визуалдық – барынша бұқаралық сипатта. Бұларға суреттер,
макростар, демотиваторлар, эдвайстар, комикстер, құрбақа
(фотожаба), фейстер мен т.с.с. жатады.
2. Аудиалдық – әндер, слогандар, ұрандар.
3. Мәтіндік – мәтін түріндегі кез келген сөз тіркестері, неологизмдер,
тақпақтар, слогандар.
4. Аралас интернет-мемге визуалдық әрі аудиалдық белгілері бар
видеомемдерді жатқызуға болады. Кейбір деректерге сай, аралас
(креолданған) мемдерге мәтіні бар суреттер де жатады, өйткені олар
визуалдық және вербалдық контентті бірдей қамтыған.
Бұл жұмыста тек визуалдық және мәтіндік мемдер ғана қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |