Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет150/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар
лекция 5, ССиМ 20-11 лабка 14
Мемдер семиологиясы
Мемдерді талдаудың бір әдісі – семиологиялық. Бұл ретте мемді, Ролан 
Барт пайымдағандай, миф ретінде қарастыруға болады. Барт озық 
қоғамның, тұтыну қоғамының «мифологиясын» талдауға арналған 
зерттеуінде мифке семиологиялық тұрғыдан баға беріп, құрылымы 
жағынан табиғи тілге ұқсас таңбалар жүйесі деген (Barthes, 1972). Демек, 
мифтің көмегімен кез келген нәрсені белгілеуге болады: «Мен дәл осылай 
болады деп тұжырымдаймын, себебі – әлемнің суггестив қуаты шексіз. 
Кез келген затты оқшауланған, үнсіз тіршілік ортасынан шығарып алып, 
қоғам түсініп қабылдай алатын сөзге айналдыруға болады. Өйткені, 
табиғи болсын не өзге болсын, әлденені сөз етуге тыйым салатын заң жоқ» 
(Barthes, 1972). Р.Барттың пікірінше, фотосурет, хат, кино, спорт, жарнама 
– барлығы да мифтік хабар тасымалдаушы бола алады.
Фердинанд де Соссюр сияқты, Барт та (Saussure, 1916) әлеуметтік-
мәдени символдар құрылымындағы үш басты элементті бөліп 
көрсеткен: таңбалаушы, таңбаланушы және таңба. Ф. де Соссюр ұсынған 
құрамдастардан бөлек, Барт таңбалар жүйесінің құрылымында мағынаның 
екі мәнде (тұрғыда) – детонация мен коннотация – болатынын атап өткен 
(Barthes, 1968). Символдың құрамдас бөліктерінің бастапқы дәрежесін, 
мағыналарын денотатив хабарламалар – символдың «тікелей», «көрінеу» 
мәндері рәсімдейді. Бұл хабарламалар (тіркестер, үзінділер, мәтіндер) 
заттың өзіндік мағынасына келтірілген, әрбір қосымша мазмұннан 
тазартылған. Lay’s чипсыларының «Ойын-сауыққа жол аштың ба, тоқтама» 
(
Once you pop the fun don’t stop
) деген жарнама слоганындағы осындай 
денотатив хабарлама – 
ойын-сауықты аш та, тоқтама
деген фразаның 
тікелей мағынасы. Бұл фраза таңбалаушы (мәтіндердің дыбыстық және 
графикалық тізбегінің бейнесі, қабылданатын фразаның синтаксистік 
нормалары) мен таңбаланушыны (мәтіндер мен қатынастардың тікелей 
мағынасы) қамтыған. Мағыналардың қайталама дәрежесі бастапқы 
(денотатив) дәреже үстіне шығып, коннотатив хабарламалардан құралады, 
олар – оқырман қандай да бір сөздің (фразаның, үзіндінің) кодын ашқан 
кезде пайда болатын әлеуметтік-мәдени әрі жеке ассоциациялар мен 
реляциялар түрінде келетін «символдық» мазмұндар. «Біршама орнықты 
заттық мағынасымен қатар әр сөз өзіне көптеген ауыспалы, ауытқымалы, 
идеологиялық мағыналарды да сіңірген, ол бұларды өзінің қолданыс 


341
контекстерінде иемденеді». Осылайша Lay’s жарнамасындағы «Ойын-
сауыққа жол ашқан соң тоқтама» фразасынан осы жарнаманың түпкі 
мәнін білдіріп тұрған қосымша мағыналарды байқауға болады: Lay’s 
чипсыларының қапшығын ашқан бойда ойын-сауық басталады, слоган 
тұтынушыны бір жапырақ чипсымен не бір қапшықпен ғана шектелмеуге, 
ойын-сауықты тоқтатпауға үндеп тұр. 
Коннотатив хабарламадан таңбаланушы (қосымша мағыналар) мен 
таңбалаушы (стилистикалық амалдар, сөздер мен фразалардың байланысу, 
тіркесу ерекшеліктері, метафоралар, метонимиялар) көрінеді. Десек те, 
коннотатив хабарламаның мағынасын денотатив хабарлама әлдеқашан 
айқындап қойған, ол мұнда екінші реттік таңбалаушы ретінде жұмсалып
қосымша таңбаланушыны жарыққа шығарып тұр, яғни денотацияға 
қарағанда коннотация екінші орында. «Коннотативтік жүйе дегеніміз 
– әлденені айшықтап білдіру жоспарының өзі таңбалар жүйесі болып 
саналатын жүйе» (Барт, 2008). Денотациядан «өсіп шығатын» коннотация 
алғашқысын толық қамтымайды, себебі «денотативтік таңбалаушылар 
коннотативтік таңбалаушылардан қашанда көп (онсыз сөздің болуы да 
мүмкін емес еді)» (Кокарева, 2014).
Тіл
{
1. Таңбалаушы
2. Таңбаланушы
Миф
{
 
3. Таңба
І. Таңбалаушы
ІІ Таңбаланушы
ІІІ Таңба
Кесте: «Таңбаны білдіретін мифтік сызба» (studme.org).
Коннотация елеулі мәнге ие, қоғамда бастапқы жүйелерге (табиғи тілдер) 
негізделген күнделікті таңба жүйелері бар (әркелкі әлеуметтік-мәдени 
түрлері – фотосуреттер, жарнама, кино, киім т.б.): «Біз газет оқығанда, 
киноға барғанда, теледидар көргенде немесе радио тыңдағанда... 
коннотатив хабарламаларды ғана аламыз... деп айтуға да болады», «біз 
коннотатив өркениетте өмір сүріп жүрміз деуге де болады» (Барт, 2004: 
409-415). Коннотатив мағыналардың табиғи тіл символдарына ғана 
емес, сондай-ақ практикалық қызмет атқаратын және таңба-функцияға 
айналатын түрлі заттарға да бекіп тіркелуге мүмкіндігі әбден жетеді 
(қарапайым күрте мен қаракүзенді ішіктің практикалық қызметі ұқсас 
– адамды суықтан сақтау; дегенмен осындай киімдер киген адамдардың 
қоғамдық әрі материалдық жағдайы бірдей емес екенін де аңғаруға 
болады). Коннотатив мағыналар әдетте айқын емес, бұлыңғыр келеді, 
көп жағдайда әлеуметтік-мәдени және тарихи контекстке байланысты. 
Сондықтан түсіндірме сөздіктерде де көрсетілмейді. Демек, олардың 
анықтамасы адамның ой өрісіне, зейініне, аңғарғыштығына тәуелді (Барт, 
2008: 432).
Барт мифтерді талдай келе, олар – коннотативтік таңбаланушылардың 
жиынтығы, демек идеялық иллюзиялардың жасырын деңгейін құрайды
оларды «тұтыну қоғамының билік құрылымдары «жұмсақ» семантикалық 
механизмдер арқылы трансляциялайды» деп қорытынды жасайды 
(Дьяков, 2008). Мифтің негізгі қызметі – шындықты өзгерту, шындықты 
мифтік сана иелерінің, адамның құндылықтары мен үмітіне сәйкес 


342
келтіру. Барт француз журналында жарық көрген бір фотоны мысалға 
келтіреді: онда француздардың әскери киімін киіп, желмен желбіреп 
тұрған Франция туына көз тіккен африкалық жас жігіт бейнеленген. Бұл 
суретте таңбалар жүйесінің мағынасы көрсетілген. Жасырын коннотатив 
таңбалаушылардан тұратын кескіннің мифологиялық мәні «Франция – 
ұлы империя, оның барша ұлы, терісінің түсіне қарамастан, Францияның 
туы астында адал қызмет етеді. Отарлау жүйесін сынағандарға – өзінің 
«қанаушыларына» құлшына қызмет етіп жүрген мына жас африкалықты 
көрсетуден артық қандай жауап керек?» дегенге саяды (Barthes, 1972).
Барт мифке – әлдебір идеяны білдіретін коммуникативті жүйе 
деген анықтама берген, идея – оның формасы. «Миф – екінші реттік 
семиологиялық жүйе. Бірінші реттік жүйенің таңбасы екінші жүйеде 
небары таңбалаушыға айналады». Миф таңбалар арқасында өсіп-өнетін 
паразит іспеттес: таңбаны өз формасына айналдырып, мәнін жұтатып, 
соның есебінен қуат алады. Миф конфигурациясы концептіге ие, концепт – 
шындық туралы бұлыңғыр түсініктер, оларды арнаулы аудитория өкілдері 
түсінуі мүмкін. Концепт таңбаның мазмұндық жағын деформациялауы 
мүмкін (Barthes, 1972). Біз мифтің таңбалаушысын мән мен форманың 
үздіксіз келісімі деп қабылдасақ, миф оқырманына айналып, оны 
концептінің нақты репрезентациясы деп танимыз. Ал мемдерді мифтер 
ретінде талдаған жағдайда, олардың әрқайсысына тиесілі құрылымды 
айқындап алуымыз әбден мүмкін, өйткені мемге өз элементтерінің 
қалыпты бастапқы құрылымын өзгертіп, әлдебір идеяны енгізу арқылы 
жаңасын жасау тән. Семиотикалық амал арқылы мемнің жекелеген 
құрауыштарын, оның формасын, денотатив әрі коннотатив көріністерін 
бөліп талдауға болады. Бұл амал мемдердің идеялық қызметтерін, 
әлеуметтік тұжырымдарға әсерін және мемнің нені көздегенін талдауға 
мүмкіндік береді. Бір кем тұсы – мемдердің таралу, шығу механизмдерін 
айқындап бере алмайды. Редукционистік амалдағыдай, анықтама ауқымы 
мен мемнен шыққан әзіл-қалжың филиалдары, жарнама, идеологемалар 
арасында сәйкессіздік туындайды (Лысенко, 2018).
Әлеуметтік желілердегі деректерден байқағанымыздай, COVID-19 
туралы мемдер әдетте әлеуметтік сын, пародия мен мотивация 
(ынталандыру) түрінде болады. Тиісті хабарламаларды анықтау үшін Ролан 
Барттың таңбалық, денотатив және коннотациялық мәндерді қамтыған 
семиологиялық зерттеуін қолдандық. Бұл зерттеуде қолданылған талдау 
құралы – Ролан Барттың семиология теориясы. 
Ролан Барттың семиологиясында таңбаның құрамдас бөліктеріне, 
коннотацияларға, таңбалау мен мифке баса назар аударылады, өйткені 
деректерді талдау да таңба (COVID-19 туралы мемдердегі кескін, форма, 
түс), коннотация (мәтіннің субъектив мағынасы), денотация (мәтіннің 
объектив мағынасы) мен мифті (хабарлама қалай жіберілген) қамтыған.
Зерттеу нәтижесінде COVID-19 пандемиясы кезінде Қазақстандағы 
пайдаланушылар жасаған мемдердің Ролан Барт теориясымен тығыз 
байланысты екенін анықтадық. Бір қарағанда, мемдер визуал ақпаратты 
жеткізіп тұрғандай, алайда визуал мәліметтің арғы жағында мәтіннің 
шын мәніндегі мағынасы жатыр. Мысалы, ер адам мен шаштараз туралы 
мына мемдегідей.
Бұл мемнің коннотациясынан өсіп кеткен шашын қидыру үшін 
шаштаразға келген адамды көреміз. Дегенмен осы суреттің денотатив 
ойы жалпы әлемде қалыптасқан жағдай туралы кең мәлімет беріп тұр.


343
4-сурет. @muratdilmanov


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет