348
артуынан, өлім-жітімнің
көбеюінен және отбасы, үй ішіндегі
қайшылықтардың өршуінен байқауға болады. Пародиялық мем көмегімен
авторлар COVID-19 вирусының таралуына шек қою үшін сатиралық
хабарлама жеткізуді мақсат етеді. COVID-19
мотивациясы пандемия
жағдайында адамды орынды әрекетке, жақсы іске ден қоюға үндейді.
Карантин кезінде пайдалы іспен айналысуға, осы уақытқа дейін қол
тимей, кейін қалдыра берген жұмыстарға кірісуге мүмкіндік туды.
COVID-19 мемдерінде көрініс тапқан
әлеуметтік проблемаларды
сипаттаудың мағынасы да айқын. Аталған проблемаларға:
жұмыссыздардың көбеюі, қалыпты өмір салтының бұзылуы, білім
беру жүйесінің өзгеруі, қоғамдық жерлердің жабылуы және әлеуметтік
арақашықтық сақтау талабы сияқты мәселелер жатады. Осы
проблемалардың бәрі әлеуметтік желілердегі COVID-19 туралы мемдерде
визуалдық әрі вербал таңбалар арқылы көрсетілген.
Жоғарыда
атап өткеніміздей, біз бұл зерттеуде Қазақстандағы
интернет пайдаланушылары жасаған мемдерді талдаймыз. Қазақстанның
интернет-сегментінде наурыз бен қазан аралығында жарық көрген
мемдерді төмендегідей жіктеп беруге болады.
Интернет-мемдердің тақырыбы
Саны
2020 жыл
8
Жұқтырғандар
4
Вакцина
3
Карантин
13
Медициналық бетперде
12
Өз бетімен емделу
5
Қашықтан оқыту
2
ПТР-тестілері
2
Саясат
19
Мемлекет қабылдаған шаралар
3
42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік
төлем
21
Той
14
Фейк жаңалықтар
3
Басқа
21
Достарыңызбен бөлісу: