ИЛЬДАР ДАМИНОВ
Вена Дипломатия академиясының түлегі. Қазіргі кезде Вильнюс
(Литва Республикасы) қаласында орналасқан Visionary Analytics
жекеменшік консалтинг фирмасында ғылыми қызметкер және
сарапшы болып жұмыс істейді. Ильдар Орта және Шығыс Еуропа,
сондай-ақ Орта және Шығыс Азияны зерттеуге ынталы. Зерттеу
-
лерінің басым бөлігі Еуроодақ және посткоммунистік елдердегі
саяси үдерістерді салыстырмалы талдауға; Еуропадағы әлеумет
-
тік және білім беру саясатына; саяси коммуникация және кон
-
тент-анализ; авторитарлық режімнің жұмысы мен эволюциясына
арналған.
КРИСТОФ П. МОР
Қазақстандағы және Өзбекстандағы Фридрих Эберт қорының
аймақтық директоры. Саяси ғылымдар және халықаралық қа
-
тынас (Марбург университеті) бакалавры, басқару және мемле
-
кеттік саясат магистрі (Дармштадт Технологиялық университеті
және Сабанчи Стамбул университеті). Халықаралық қатынас са
-
ласының докторы. «Қашу, миграция және Еуропадағы солшыл
-
дар» (Dietz 2017) басылымының бірлескен редакторы. Ол сыртқы
және қауіпсіздік саясатына, жаһандану және қоғамдар мен тех
-
нологиялардың тоғысы мәселелеріне қызығушылық танытады.
Орта Азияға келмес бұрын Берлиндегі (Германия) және Найро
-
бидегі (Кения) Қорда жұмыс істеген.
МАЙРА ЖОЛШАЕВА
Филология ғылымдарының докторы, доцент. Әл-Фараби атын
-
дағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін
(1991-1996), аспирантурасын (1996-1999) бітірген. Қазір Су
-
лейман Демирель атындағы университеттің «Тілдік білім беру»
кафедрасының профессоры. 2016 жылғы «Жоғары Оқу орнының
үздік оқытушысы» атағының иегері. Айналысатын бағыттары:
синтаксис, морфология, семантика, функционалды грамматика.
2009 жылы «Қазақ тіліндегі аспектуалды семантика: форма және
мазмұн» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
Достарыңызбен бөлісу: