Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет26/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар
лекция 5, ССиМ 20-11 лабка 14
Материалдар және әдістер
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі – ҚР Денсаулық сақтау 
министрлігінің ақпараттық саясатындағы проблемаларды 
шешудің әлеуметтік-коммуникативті, саяси-информациологиялық 
(ақпараттанымдық), жүйелік және әлеуметтік-информациологиялық 
әдістері. Теориялық-әдістемелік негіздің осындай болуы зерттеудің 
пәнаралық сипатымен байланысты. Бұл еңбекте ақпарат теориясы 
мен әлеуметтік информациологияның, қазіргі заманғы азаматтық 
және ақпараттық қоғам теориясының классикалық қағидалары ерекше 
маңызға ие; олар ақпараттық-коммуникациялық фактордың қоғам 
денсаулығын сақтаудағы және оны басқарудағы рөлін айқындауға, 
зерттеу тақырыбының ерекшеліктеріне сай теориялық қағидалар мен 
концептуалдық дәйектерді қолдануға мүмкіндік береді.
Зерттеудің мақсаты – COVID-19 пандемиясы тұсында ҚР 
ДСМ ақпараттық саясатының Шымкент қаласында коронавирус 
инфекциясының таралуына тигізген ықпалын анықтап, COVID-19 
пандемиясы кезінде тиімді ақпараттық саясат қалыптастыруды көздейтін 
ұсыныстар әзірлеу.


54
Зерттеу міндеттері:
1. Халықаралық тәжірибеге талдау жасау. 
2. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі таратқан жаңалықтар мен 
хабарламалар көлемінің Шымкент қаласында коронавирус 
инфекциясының таралуына қалай ықпал еткенін бағалау.
3. 
Халықаралық тәжірибе мен талдаулар негізінде COVID-19 
пандемиясы тұсында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тиімді 
ақпарат саясатын қалыптастырып, іске асыруға бағытталған 
ұсыныстар әзірлеу.
Жұмыс барысында сандық және сапалық талдау, контент-анализ, 
әдебиетке шолу, салыстыру, қорыту және аналогия әдістері, 
гипотетикалық-дедуктивті әдіс, салыстырмалы әдіс сияқты әдіс-тәсілдер 
қолданылды. Ресми статистикалық деректерді талдау компьютерлік 
бағдарламалар көмегімен эпидемиологиялық ахуалды жедел талдау 
арқылы жүзеге асырылды.
Зерттеу материалдары ретінде халықаралық библиографиялық және 
реферативтік дерекқорларда (Scopus, PubMed) жарияланған мақалалар; 
Шымкент тұрғындарының COVID-19 дертіне шалдығуы туралы ресми 
статистикалық деректер; ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайтынан 
алынған ресми ақпарат және медиада ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне 
сілтеме беріліп жарияланған жаңалықтар, хабарламалар мен өзге де 
мәліметтер пайдаланылды. Медиа ретінде мынадай БАҚ зерттелді: 
Шымкент қаласының Instagram аккаунты – @shymkent.online (2020 
жылғы қыркүйектегі дерек бойынша, шамамен 300 000 жазылушысы бар) 
және TengriNews атты ең ірі республикалық порталы.
COVID-19 пандемиясы кезінде ҚР ДСМ ақпараттық саясатының 
Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының таралуына 
тигізген ықпалын бағалау үшін, ең алдымен, COVID-19-ға қатысты 
эпидемиологиялық ахуал жедел талданды. Шымкент қаласында 2020 
жылғы 6 сәуір мен 17 тамыз аралығында COVID-19 дертіне шалдыққандар 
туралы ресми статистикалық деректер сараланды. Осы кезеңнің таңдалу 
себебі: 4 сәуірде Шымкент қаласы аумағында қатаң карантин енгізіліп (әр 
апта деректері талданғандықтан, бастапқы күн ретінде 6 сәуір – дүйсенбі 
күні таңдап алынды), 17 тамызда шектеулердің көбі күшін жойған еді.
Эпидемиологиялық ахуалды жедел талдау мынадай кезеңдерден 
тұрды:
1. Талдауға алынған кезеңдегі әрбір аптадағы сырқаттанғандар саны 
мен эпидемиологиялық шекті мәннің қарқынды көрсеткішін 
есептеп табу. Сырқаттанғандардың қарқынды көрсеткіші мына 
формула бойынша есептелді:
Z = DZ/N*100%
мұндағы:
DZ
– зерттеу кезеңі ішінде жаңадан тіркелген сырқаттар саны;
N
– халықтың жылдық орташа саны.
Талдау жүргізілген кезеңдегі әр аптаның эпидемиологиялық 
шекті мәні – зерттеу кезеңіндегі Шымкент қаласы халқының 
жылдық орташа санының 5%-ы деп алынды, бұл шама әмбебап 
эпидемиологиялық шекті мәнге сәйкес келеді. Мұны инфекцияның 
жаңа және қазіргі кезде бірнеше жыл бойғы бақылау арқылы 


55
анықталатын эпидемиологиялық шекті мәнді есептеудің мүмкін 
болмауымен түсіндіреміз.
2. Таңдап алынған кезеңде талдау жүргізілген аптадағы сырқаттар 
көрсеткішін (қарқынды көрсеткіш) осы апта үшін есептелген 
эпидемиологиялық шекті мәнмен (жалпы халық арасында) 
салыстыру.
3. Талдау жүргізілген аптада, одан бұрынғы аптамен салыстырғанда, 
қарқынды көрсеткіштерге сай сырқаттанғандар санының арту 
қарқынын мына формула бойынша анықтау:
Pi — Pi-1

Pi-1
. 100
%

мұндағы:
Pi
 – 
талданатын аптадағы сырқаттанғандар саны;
Pi-1 
– 
өткен апталарда сырқаттанғандар саны.
Содан кейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында және 
медиада ҚР ДСМ-ға сілтеме жасай отырып, COVID-19 туралы ақпарат, 
хабарламалар мен жаңалықтар жариялаудың ықпалына талдау жасалды. 
Талдау барысында жарияланған ақпарат көлемі мен бір күнтізбелік апта (А 
аптасы) ішінде COVID-19 дертіне шалдыққандардың қарқынды көрсеткіші 
А аптасынан 14 күн өткен соң басталған аптадағы (В аптасы) COVID-19 
дертіне шалдыққандардың қарқынды көрсеткішімен салыстырылды (14 
күн COVID-19-дың инкубациялық кезеңіне сай). Нәтижелер 2-кестеде 
көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет