Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің



Pdf көрінісі
бет22/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар
лекция 5, ССиМ 20-11 лабка 14
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 
ақпараттық саясаты: тәуелсіздік алған кезден бергі даму 
трендтері
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік 
ақпараттық саясатын сөз еткенде, оның қалыптасуы мен іске 
асырылуындағы трендтерге көңіл бөлген жөн. Бұл сала егемендік алып
мемлекет тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап дамудың ұзақ жолын 
жүріп өтті, осы бағытта алғашқы қадам денсаулық сақтаудың посткеңестік 
жүйесін түпкілікті қайта құру басталғанда жасалған еді. Сол үрдістегі 
бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін айтпай кетуге болмайды. 
Журналистика мен БАҚ-қа коммуникация стратегиялары мен ақпараттық 
күн тәртібін уақыттан қалмай жаңарту міндеті жүктелді. Қоғам әлеуметтік 
институттар мен денсаулық сақтау саласының жария сфераға өтуімен 
қатар жүрген жүйелік трансформацияларды реформалаудың қиындығын 
көрсеткен әлеуметтік қайта құрудың медиатизациясына куә болды.
Бұған денсаулық сақтау саласын реформалаудың медиатизациясын 
мысал ретінде атап өтуге болады. Қазақстан Республикасының денсаулық 
сақтау жүйесіне 2005 жылдан бастап бүгінге дейін реформа жасалуда, 
әр 5 жыл сайын ҚР денсаулық сақтауды дамытудың жаңа мемлекеттік 
бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырылады. БАҚ әр бағдарламаны 
іске асыру барысында оның мақсаты, нәтижесі туралы ақпарат таратып, 
бағдарламаның негізгі ережелеріне түсінік береді. Соған қарамастан, 
денсаулық сақтау саласы ең күрделі әрі проблемасы көп сала болып 
қалуда. Жүргізілген зерттеу нәтижелері көрсеткендей, масс-медиа мен 
қоғамды алаңдатқан бірқатар мәселе әлі де өзектілігін жоғалтпаған: тегін 
медициналық көмек көлемін азайту, міндетті әлеуметтік медициналық 
сақтандыру енгізу, денсаулық сақтау саласының коммерциялануы, төсек-
орын қорының азаюы, білікті медициналық кадрлардың аздығы, жоғары 
технологиялық диагностика мен терапия түрлерінің емделушілерге 
қолжетімді болмауы (Жузжанов и др., 2007; Киялова, 2010; Жузжанов, 
2007). 
Қазіргі реформалардың мынадай мақсаттар үдесінен шығуды 
көздегені медиада көп айтылып жүр: негізгі критерийлері мен 
көрсеткіштері бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы тәжірибелерінен кем 
түспейтін, әлеуметтік мемлекет парадигмасына сай келетін денсаулық 
сақтау жүйесінің тиімді, заманауи, технологиялық моделін құру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет