Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


Қайта карантин жарияланған сәтте медиа ұсынған әлеуметтік



Pdf көрінісі
бет19/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар
лекция 5, ССиМ 20-11 лабка 14
3. Қайта карантин жарияланған сәтте медиа ұсынған әлеуметтік 
Қазақстан бейнесі
Карантин талаптары жеңілдетілгеннен кейін елдегі эпидемиологиялық 
жағдай күрт нашарлап кетті. Мемлекеттік денсаулық сақтау басқармалары 
науқастарды симптомды-симптомсыз деп екі топқа бөлді. Бұл әрекеті ін-
дет статистикасының бұрмалануына жол ашып берді. Дүниежүзілік 
Денсаулық сақтау ұйымының ұстанымы бойынша, ағзасынан коронавирус 
жұқпасы анықталып қайтыс болған барлық науқас коронавирустан 
қайтыс болды деп жазылуға тиіс-тін (who.int). Бірақ Денсаулық сақтау 
басқармалары қайтыс болған ковид-науқастардың әрбіріне жеке 
сараптама жасап, өлім себебін анықтауға тырысты. Осының нәтижесінде 
коронавирус жұқтырып қайтыс болған адамдардың саны шынайы өмірдегі 
статистикадан әлдеқайда аз болып көрінді. «МВК по нераспространению 
COVID-19» Telegram-арнасында маусым айынан бастап науқастар мен 
сауығып шыққан адамдар жөніндегі ақпараттың ұсыну формасы өзгерді: 
науқастар санын симптомды және симптомсыз деп бөліп көрсете бастады. 
Соңғы тәулікте неше адамнан коронавирус инфекциясы анықталғаны 
туралы хабар тәулігіне бір мәрте – таңертең , ал сауыққан адамдар 
туралы хабар – түстен кейін бірнеше сағат сайын жарияланып отырды. 
Науқастанғандар жайлы хабар таңертең, инфекциядан айыққандар туралы 
хабар күні бойы жарияланғандықтан, емделіп шыққан адамдардың саны 
аз болғанмен, науқасқа шалдыққандардан көп секілді көрінді. Мысалы, 
8 маусым күні Telegram-арнада таңертең 165 симптомды (жарияланған 
уақыты – 08:00) және 313 симптомсыз (жарияланған уақыты – 08:59) 
науқас анықталғанын хабарлады. Ал 3 мәрте: түс ауа (жарияланған 
уақыты – 15:59) – 108 адам, кешкі уақытта (жарияланған уақыты – 19:14) 
– 73 адам, түнге қарай (жарияланған уақыты – 21:39) – 180 адамның 
сауыққанын жазды.
Деректердің бұрмалануы, Денсаулық сақтау саласында дұрыс 
басқару жүйесінің болмауы – індеттің таралуын бақылаудан 


39
шығарып алуға негіз болды. Осы кезеңде Қазақстанда «беймәлім» 
пневмония таралып жатқаны туралы алдымен Қытай елшілігі 
хабарлап, кейін ДДСҰ назар аударып, алаң білдірді (dw.com, 2020).
14 маусым күні денсаулық сақтау министрі Ержан Біртановтан 
коронавирус инфекциясы анықталып, ауруханаға жатқызылды (inform.
kz, 2020). Ал 25 маусымда оның орнына Алексей Цой Денсаулық 
сақтау министрі болып тағайындалды (primeminister.kz, 2020b). Осы 
сәтте ауруханаларда орын тапшы, ал дәрі-дәрмек пен медицина 
қызметкерлерінің жетіспейтіні – бұрын көлегейленіп келген мәселелер 
су бетін көлкіп шыққан май секілді көрініп қалды. Тіпті ауруханаларда 
ауызсу мен оттегі баллондарының жеткіліксіз екені белгілі болды. Мұндай 
ауыр жағдайдан кейін Қазақстан билігі 5 шілдеден бастап ел аумағында 
екі апталық карантин жариялады. Ал 13 шілдені күнтізбеде қаралы 
күн деп белгіледі (dw.com). Біз зерттеуімізде 2-9 шілде аралығындағы 
мемлекеттік медиада жарияланған хабарламаларды қарастырдық.
Қазақстанда карантин шаралары қайта қатаңдатылатынын президент 
Тоқаев Twitter парақшасында хабарлаған болатын. Кейін мемлекеттік 
медиада Президенттің бұл шешімі – ең дұрыс шешім деген сарында 
сарапшылар мен қоғам қайраткерлерінің пікірі жарияланды. Qazaqstan 
арнасының 3 шілде күнгі жаңалықтар бағдарламасында «Қоғам 
белсенділері қатаң карантин шараларын қолдайды» тақырыбымен сюжет 
берілді. Бұл сюжетте еңбек сіңірген қоғам қайраткерлері – Роза Рымбаева, 
Жұбаныш Жексенұлы, Ұлжан Байбосынованың, «Өмір тынысы» қоғамдық 
бірлестігінің төрағасы – Жәнібек Оспановтың халықты карантин 
талаптарын сақтауға шақырып, үкімет шараларын қолдаған пікірі 
берілген. «Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың карантинге қатысты 
қабылдаған шешімі өте орынды, дұрыс және уақытылы деп ойлаймын» – 
дейді Жұбаныш Жексенұлы. 
Дегенмен мемлекеттік медиа бұл кезеңде елде болып жатқан 
жағдайды барынша шынайы көрсетті: Ауруханадағы орын тапшылығын, 
жағдайдың қиын екенін, дәрі-дәрмек жетіспеушілігін ашық баяндады. 
Бірақ бұл мәселелерді айтқаннан кейін немесе айтпас бұрын мемлекеттің 
проблеманы бақылауға алғанын, індетпен күресіп жатқанын да 
білдіріп отырды. Qazaqstan телеарнасының 3 шілде күнгі қорытынды 
жаңалықтарында «Дәрігерлер жұмыс істеуден бас тартты» тақырыбында 
бір сюжет көрсетіледі. Бұл сюжетте ауруханада санитария нормаларының 
сақталмауы мен қорғаныш костюмдерінің жарамсыздығына байланысты 
дәрігерлердің жұмыстан кетіп жатқаны айтылған. Телеарна мәселені 
көрсеткенмен, бұл мәселеге тікелей жауапты Денсаулық басқармасы 
өкілдерін тергемейді, оларға сұрақ қоймайды. Оның орнына келесі сюжетте 
ауруханалардың жас мамандарды жұмысқа алып жатқанын көрсетіп, 
проблеманы шешілгендей сипата көрсетеді (Qazaqstan телеарнасы, 3 
шілде қорытынды жаңалықтары). Осылайша медиа індетпен күресіп, 
алайда проблеманы шеше алмай жатқан, азаматтарының қауіпсіздігін 
ойлайтын әлеуметтік мемлекет образын қалыптастырды. Мысалы, 
Егемен Қазақстан газетінде жарияланған «Ауру асқынды: дәрі жоқ, 
маска қымбат» атты мақаланың кіріспесінде мынадай сөйлем кездеседі: 
«...Жер шарын мазасыз күйге түсірген атышулы індеттің алдын алу 
мақсатында мемлекет тарапынан тиісті шаралар қабылдануда. Алайда 
соған қарамастан елімізде індет жұқтыру дерегі көбейіп отыр…» (7 шілде). 


40
Мемлекеттік медиа COVID-19 індетінің ушығуының себебі ретінде 
атқарушы биліктің сақтық шараларын дұрыс ұйымдастыра алмауы, 
пандемияға жоғары деңгейде дайындық болмағаны деп көрсеткен жоқ. 
Оның орнына карантин талаптарына бағынбайтын, дәрі-дәрмекті қажет 
мөлшерден артық сатып алатын, сонымен қатар алыпсатарлықпен 
айналысатын халықты айыптады. Мысалы, Егемен Қазақстан газетіндегі 
«Жау жағадан алғанда... Жағдайды алыпсатарлар да ушықтырып отыр» 
атты материалда бар ауыртпалыққа алыпсатарлар кінәлі секілді (8 
шілде). ШҚО әкімі Даниал Ахметов «мәселе – өзімізде» деген эмоциялық 
сөзімен (Qazaqstan арнасы қорытынды жаңалықтар, 8 шілде) індеттің 
кең таралуына «тәртіпке бағынбаған өзіміз кінәлі» деп, өзін де халықтың 
бөлшегі ретінде көрсетіп, отандастарын айыптайды. Qazaqstan 
арнасының 7 шілдедегі қорытынды жаңалықтар анонсын жүргізуші 
мынадай сөйлеммен бастайды: «Ақша – бар, дәрі – жоқ, тест – тапшы. 
Неге?» Артынша алыпсатарлардың ұсталып, жазаға тартылғаны туралы 
сюжет көрсетіледі де, жоғарыдағы риторикалық сұраққа өзінше жауап 
береді: Бәріне халық ішінен шыққан алыпсатарлар кінәлі. Бірақ медиа 
кәсібилері Қазақстандағы ірі дәріхана желілеріне кімдер иелік ететінін 
тергеп, олардың кім екенін анықтамайды.
Саяси билік иелері осы сәтте мәселені шешуші тұлға ретінде көрсетілді. 
Мысалы, Денсаулық министрінің дәрі бағасын бақылауда ұстап отырғанын 
айтуы (Qazaqstan арнасы жаңалықтары, 2 шілде), Казахстанская Правда 
газетіндегі «Ответственность правовая и моральная» (Құқықтық және 
моральдық жауапкершілік) атты мақалада құқық қорғау органдарының 
алыпсатарларды анықтап, жазалай бастағанын хабарлауы (Казахстанская 
правда, 8 шілде) осы сөзіміздің айғағы іспеттес.
Қазақстанда наурыз айында төтенше жағдай енгізілген сәтте мемлекет 
азаматтарға көбіне экономика мен қаржыға байланысты уәде берді (азық-
түлік бағасының тұрақтылығы, салықтан босату, т.б.). Ал шілде айындағы 
карантинде Денсаулық сақтау саласына байланысты көп уәде беріп, тиісті 
шаралар қабылданатынын айтумен болды (тегін дәрі, тапшы медицина 
құралдарын жеткізу, дәрі бағасын тұрақтандыру, т.б.). Сонымен қатар бұл 
аралықта мемлекеттік медианың күн тәртібінде індеттен басқа тақырып 
– Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Ұлттық Қауіпсіздік 
Кеңесінің төрағасы Н. Назарбаевтың туған күні тақырыбы да көтерілді. 
Қазақстандағы індет салдарынан туған аса ауыр жағдайға қарамастан,
6 шілде күні мемлекеттік медиа пандемия тақырыбын жауып қойғандай 
болды. Дәл осы күні бұрынғы президент Н.Назарбаевтың туған күні өткен 
болатын. Егемен Қазақстан газетінің 5 шілде күнгі санында коронавирус 
сөзі 37 рет, covid-19 сөзі 8 мәрте кездессе, 6 шілде күнгі санында корона-
вирус – 3 рет, ал covid-19 сөзі бір де бір рет кездеспеді. Керісінше, бұл 
күнгі санда Н. Назарбаевтың саяси қайраткерлігі туралы материалдар 
мен құттықтау хаттар жарияланды. 3 рет кездескен «коронавирус» сөзінің 
біреуі «...коронавирус инфекциясымен күрескен Елбасы Нұрсұлтан 
Əбішұлы азаматтық ерліктің үлгісін көрсетті. Карантин жағдайында 
оқшаулануға қарамастан, ол елдегі жағдайды жіті бақылауда...» деген 
мадақ сөздер арасында беріліп, Н.Назарбаевтың бейнесін ашу үшін 
пайдаланылған. Ал Qazaqstan арнасының 2 шілдедегі қорытынды 
жаңалықтары 30 минут көлемінде болса, соның 10 минуты Қ. Тоқаевтың 
Тұңғыш Президент Н. Назарбаевқа арналған мақаласын көрсетуге арнал-
ған. Осылайша, Қазақстан мемлекеттік медиасы елдегі қиын ахуалға 
қарамастан, Тұңғыш Президенттің маңызды образын көрсетуді ұмытқан
жоқ.


41
Бұл кезеңде мемлекеттік медиа шетелдегі індет туралы да хабарлап 
отырды. Мұндай хабарлардың көп бөлігінде пандемиямен тиімді күресіп, 
жетістікке жеткен елдер емес, Қазақстан сияқты ауыр жағдайға тап бол-
ған мемлекеттер көрсетіледі. Мәселен, Бельгиядан жасалған репортажда 
жергілікті тұрғынның дәріханада бетперде болмағандықтан, қолдан маска 
тігіп алғанын хабарлайды (Qazaqstan арнасы жаңалықтары, 3 шілде).
7 шілде күнгі жаңалықтарда Өзбекстан мемлекет шекарасын жауып, өзбек 
азаматтарының Қазақстан аумағында қалып қойғаны, ол азаматтарға 
Қазақстан үкіметінің қамқорлық көрсеткені айтылады. Мұндай сюжеттер 
көмегімен Қазақстандағы жағдай басқа елдерде де болып жатқаны, 
пандемия зардабын өзге елдер де тартып жатқаны көрсетіліп отыр. 
Зерттеуші Теун ван Дейк медиа мәтіндеріндегі нәсілшіл дискурстардың 
жасалу әдістерінің бірі ретінде өз-өзін мақтау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет