Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


Үйлену тойларының жергілікті медиадағы репрезентациясы



Pdf көрінісі
бет32/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар
лекция 5, ССиМ 20-11 лабка 14
Үйлену тойларының жергілікті медиадағы репрезентациясы
Мақаланы пандемия кезінде жергілікті телеарнаның эфиріне шыққан ең 
тиімді үйлену тойының мысалымен бастадық. Үкімет пен жалпыға ортақ 
қауіпсіздік талаптарына сай, ең тиімді үйлену тойы жоғарыдағы мысалда 
айтылғандай барынша аз қонақ келген той еді. Алайда ол мысалымыз 
өте сирек кездесетін позитив жаңалықтың бірі ғана болып, одан кейін 
әлеуметтік және қоғамдық медианың екеуіне де жарияланған контенттің 
басым бөлігі коронавирус карантиніндегі үйлену рәсіміне салынған 
шектеулерді бұзу мен шектеулерді бұзғандарға қолданылған шаралар 
туралы болды. 
Мұны «карантиндегі үйлену тойы» сынды негатив сөз тіркестерінен 
байқауға болады (Nege media, 2020), тіпті жаңалық порталдарының бірі 
жас жұбайлар ғана қатысқан және екеуі де маска киіп отырған ең тиімді 
той мен жүзден астам қонақ келген ауладағы палаткада өткен тойды 
салыстырып көрсеткен. Жаңалықтың соңында қауіпсіздік нормаларына 
қайшы келетін мұндай тойға шара қолданылатынын ескерткен. 
Сөзбе-сөз келтірсек, «Үйлену тойын жасасаңыз, қамалуыңыз мүмкін» 
(Tengrinews, 2020). «Той жасағаны үшін айыппұл салды (sputnik.kz, 2020), 
«Той жасағаны үшін қамалды» (tengrinews.kz, 2020) деген тақырыптар 
медиа платформасы контентінде жиі қолданылып, мұндай жаңалық тез 
таралғаны, соның ішінде Instagram желісінде тез таралғаны байқалды.
Сонымен қатар медиахабарда салт жораларын вирустың таралуына 
әкеліп соғатын жол ретінде көрсету ұстанымы байқалған. Оған Алматы 
мен Шуда өткен құдалыққа барғаннан кейін COVID-19 вирусынан 
қайтыс болған солтүстік қазақстандық әйел туралы жаңалық мысал бола 
алады (holanews.kz, 2020). «Hola news» уеб-сайтында жарияланған бұл 
жаңалықта Алматы облысы әкімшілігінің баспасөз хатшысына сілтеме 
жасалғаны – тосын жайт. Полиция департаментінің уеб-сайтында салт-
жоралғы жиындарын өткізгені үшін айыппұл салғаны, қамағаны немесе 
жиын-тойдың алдын алғаны туралы ақпараты бар басқа да мысалдар бар 
(polisia.kz, 2020).
COVID-19 кезіндегі үйлену тойы туралы осыған ұқсас контенттерді 
зерттей келе, үкімет пен медиа вирустың таралуы мен ауру 
жұқтырғандардың саны көп болғанына халықтың өзін кінәлауға 
тырысқанын байқаймыз. Үкіметті қоса атап отырған себебім: жоғарыдағы 
мысалдарда кей медиаплатформалар үкімет өкілдерінің мәліметіне 
немесе сөзіне сілтеме жасаған, кейде үкімет өкілдері де медиадағы 
жаңалықты қайталап айтқан кезі болған. Осы тұрғыдан коронавирус 
індеті кезінде қоғамдық және әлеуметтік медиа платформаларының 
екеуі де үкіметтің насихат құралы болған деген пайым жасауға болады. 
Алайда үкімет халықты үйлену тойын онлайн жасауға немесе мүлде 
жасамауға шақыра алмады. Бұл стратегияны жиын-той өткізгені үшін 
жаза қолданатынын медиадан көрсету арқылы немесе жергілікті полиция 
уеб-сайттарында халыққа жиын-той ұйымдастырмау жөнінде ескерту 
жасау арқылы мүлде қарама-қарасы стратегияға ауыстырып алғанына 
алда көз жеткіземіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет