81
тоқталып өттік, сондықтан медиазерттеуге қатысты антропологиялық
ұстаным туралы бірер сөз ғана қосамыз. Соңында медиаға және оның
үйлену тойына қатысты
контентіне тоқталып өткесін, мақаланың соңында
үйлену тойын антропологиялық ұғым ретінде қарастырамыз.
1.1-сызба
Бұл мақалада Миллердің 10 антрополог әріптесімен бірге әртүрлі елдер
мен әлеуметтік орталардағы әлеуметтік медиа жөніндегі зерттеулер легін
жариялағандағы ұстанымын басшылыққа алдық (Ed. Miller, 2020). Миллер
Англия ауылындағы әлеуметтік медиа (Social media in an English village)
атты зерттеу мақаласында әлеуметтік медианың контентіне мән берудің
маңызын былай түсіндірген:
Платформа әлеуметтік медианың көлігі іспетті. Әлеуметтік
медианы
түсіну үшін контентіне үңілуіміз керек, контент көбіне меншік құқығының
түріне қарамастан, әртүрлі платформалар арасында ауысып жүре береді
(2016: 1).
Бұл ұстанымды медиаплатформалардың бәріне қолдануға болатыны
сөзсіз, себебі интернетте жаңалық платформасына
жарияланған жаңалық
бірер секундтың ішінде-ақ әлеуметтік медиа желілерінде тарап кетеді.
Сондықтан интернеттегі жергілікті жаңалық платформасы мен телевизия
сияқты әлеуметтік медиа және қоғамдық телерадио контентін зерттеуге
тырысайық. Осы зерттеу жобасында контент деп қоғамдық және
әлеуметтік медиалардағы COVID-19 кезінде өткен үйлену тойы туралы
жаңалықтарды атаймыз.