Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет37/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚ 
МЕДИАМӘТІНІНДЕГІ КӨРІНІСІНІҢ 
ЛИНГВОПРАГМАТИКАCЫ
Майра Жолшаева & Айман Жаңабекова
Кіріспе
Бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) негізгі қызметінің бірі – 
қоғамдағы түрлі оқиғалар мен құбылыстарды саралау, талдау, іріктеу 
және осы процестерден өткен өнім – медиамәтінді қалың жұртшылыққа 
дер кезінде ұсыну, ақпараттандыру. Бағдан Момынова БАҚ-қа тән 
мынадай функцияларды да атап көрсетеді: «Ақпаратты жеткізудегі 
комментарийлік-бағалауыштық қызмет; қабылдаушының таным-
түсінігін, білім-білігін арттыруға септесетін – ағартушылық-танымдық 
қызмет; қоғам мүшелерінің дүниетанымына әсер ету қызметі; ақпаратты 
жеткізуде жағымды эффектілер тудыру үшін тиімді тәсілдерді пайдалану 
қызметі» (2003: 4). 
БАҚ-тың аталған функциялары медиамәтінге адресант 
(автор)
пен 
адресат 
(оқырман)
тұрғысынан қарап, олардың өзара қарым-қатынасынан 
туындайтын жағдаят арқылы анықталады. Бұл – медиамәтінді 
лингвистикалық прагматика тұрғысынан қарастыру деген сөз. 
Мерзімді баспасөз тілін, оның ішінде қазақ газеттерінің тілін зерттеу 
Бабаш (Бабанияз) Әбілқасымовтың еңбектерінен бастау алады. «Алғашқы 
қазақ газеттерінің тілі» атты монографияда 1870-1883 жж. жарық 
көрген «Түркістан уәләятінің газеті» және 1888-1902 жж. шыққан «Дала 
уәләятінің газеті» басылымдары тілінің фонетика-орфографиялық жүйесі, 
лексикасы, грамматикалық ерекшеліктері талданған (Әбілқасымов, 
1971). Әр кезеңдегі қазақ мерзімді баспасөз тілінің лексикасы бірнеше 
зерттеуге нысан болды. Мысалы, газет тіліндегі байырғы сөздер мен кірме 
сөздердің қолданысы, сөз жасау үдерісі, көне тілдік тұлғалардың жандану 
себептері мен газет тілінің синтаксистік құрылысы (Исаев, 1983), 1970-
1990 жж. арасында жарық көрген мерзімді басылымдар тіліндегі жаңа 
сөз қолданыстары (Алдашева, 1991), «Қазақ» газетінің қоғамдық-саяси 
лексика қабаты (Момынова, 1998) арнайы зерттеудің нысаны ретінде 
қарастырылды. 
БАҚ-тың жазба тілді дамытуға, тілдің лексикалық қабатын байытуға 
қосар үлесі зор. Осы тұрғыдан, БАҚ тілінің бірінші кезекте лексика-
грамматикалық құрылымы жағынан арнайы зерттеуге нысан болуы 
заңды құбылыс.
Қазіргі кезде медиамәтін ғылыми зерттеудің антропоөзекті 
парадигмасына сәйкес прагматикалық тұрғыдан қарастырылуда. Чарльз 
Морристің таңбалар теориясынан бастау алатын прагматика бағыты 


90
таңба мен оны қолданушы арасындағы қатынасты зерттеуге негізделген 
(1983: 62). 
Лингвистикалық прагматика – «тілді өз ішінде және өзі үшін» 
емес, адамның оны әрекет барысында қолданатын құралы ретінде 
қарастыратын пән. Бүгінде прагматика барлық лингвистикалық, көптеген 
логика-философиялық, социологиялық, психологиялық, этнографиялық 
бағыттар тоғысқан пәнаралық сипатқа ие болып келеді (Маслова, 2014: 
29).
Жалпы «прагматика» сөзі грек тілінен аударғанда «іс», «әрекет» деген 
мағынаны білдіреді. ХІХ ғасырдың соңғы онжылдығында философиялық 
тағылым ретінде пайда болған прагматизм мақсатқа айрықша мән 
беруімен ерекшеленеді. Мақсаттың адамда сенім болып орнығуына, 
белгілі бір әрекетте табысқа жеткізетін қозғалыс болып орындалуына 
айрықша назар аударады. Лингвистикадағы прагматика туралы түсінік те 
осы аталған прагматиканың жалпы мәнімен сабақтас. 
Зәуреш Ерназарова прагмалингвистикаға қатысты пікірін: 
«прагмалингвистика – тілдің негізі қызметі – қарым-қатынас құралы 
қызметін сөйлеуші және тілдік таңба арасындағы байланысты басшылыққа 
ала отырып зерттейтін тіл білімінің саласы» деп тұжырымдайды (2001:34). 
Қарым-қатынас пен сөйлеу əрекеті – прагматиканың ажырамас бөлігі. 
Прагматикалық сөйлеу əрекетінің негізінде адамдардың бір-біріне тіл 
арқылы ықпал ету, əрекетке итеру ұғымдары жатады. Бұл ұғымдар қарым-
қатынасқа қатысушы коммуниканттардың мақсатынан туындайды. 
Демек, сөйлеу əрекетін сөйлеушінің мақсаты тудырады. Жалпы қай 
сөйлесімнің прагматикасы болмасын, нақты жағдайдағы адамдардың 
қандай мақсатпен сөйлеп тұрғанын анықтауды мақсат тұтады (Тяжина, 
2006: 57). Сонымен, прагматиканың міндеті − тікелей адресатқа ықпал 
етуге бағытталған тілдік қатынасты түсіндіру.
Лингвистикалық прагматиканың қызметі нақты емес, оған сөйлеуші 
субъект пен адресаттың өзара қарым-қатынасынан туатын мәселелердің 
бәрі кіреді (Қалиев, 2005: 253).
Прагматика тілдік коммуникацияда адресатқа бағытталған 
заңдылықты қалыптастырып, оны реттеп отырады. Осымен байланысты 
Николай Алефиренко коммуникативтік-прагматикалық лингвистиканың 
пәні мен нысаны тілдік бірліктердің прагматикалық сипатын зерттейтінін 
айта келе, оның сөйлеудің субъектісіне, адресатқа және олардың өзара 
қарым-қатынас жасауға ұмтылысы мен қарым-қатынас жағдаятына 
байланысты бірнеше аспектіде қарастырылатынын атап көрсетеді (2005: 
221). 
Тілдің прагматикалық аспектісі сөйлеуші не тыңдаушының айтылған, 
естіген нәрсені түсіну, ұғынуымен де байланысты. Интерпретация, 
түсіну ұғымдары тілдік таңбаның қолданылуымен, оның прагматикалық 
аспектісімен байланысты дискурс, пресуппозиция, жасырын мән, 
астарлама сияқты жаңа мәселелердің шешілуіне әкеледі (Ерназарова, 
2001: 13).
Қазақ медиамәтінінің прагматикасы туралы еңбектер арасында 
БАҚ тілін адам факторымен бірлікте қарастырған зерттеулер де бар 
(Жақсыбаева, 2000; Ихсангалиева, 2000; Кенжеқанова, 2015; Сейдалиева
2017; Есенова & Дюсембина, 2020). Осы бағыттағы «Медиалингвистика: 
мерзімді баспасөз тілін зерттеудің прагматикалық аспектісі» атты 


91
еңбекте медиамәтіндегі субъект категориясы, қазақ медиамәтінінің 
прагматикалық ерекшеліктері талданып, медиамәтінді адресанттың 
прагматикалық ұстанымын жеткізуде қалай пайдаланғаны анықталған, 
сол арқылы қазақ тілінің қазіргі жайына лингвопрагматикалық тұрғыда 
баға берілген (Есенова, 2015). 
Прагматикалық тұрғыда зерттеу нысанына алынған медиамәтін 
коммуникативтік тұлға факторының төңірегіне шоғырланған ақпараттық 
кеңістіктің материалдық көрінісі ретінде анықталып, жазба мәтіннің 
тілдік, тілдік емес құралдарының қызметі оларды пайдаланушы 
субъектілердің мақсат-мүддесі мен прагматикалық интенциясын 
жеткізуші тәсілдер ретінде қарастырылады (Есенова, 2007: 5).
Бұл мақаланың мақсаты – COVID-19 пандемиясының қазақ 
медиамәтініндегі көрінісіне лингвопрагматикалық талдау жасау. 
Бұл, 
адресант факторы
– адресанттың мақсаты, интенциясы, сөйлеу 
тактикасы, бағалау, адресатқа әсер ету, әрекетке итермелеу; 
адресат 
факторы
– адресаттың ақпаратты қабылдауы, көзқарасы, эмоциялық күйі, 
реакциясы; жағдаят факторы – коммуникацияға қатысушылар арасында 
қарым-қатынас кезіндегі жағдаяттар, олардың коммуникация формасы 
мен тақырыбына ықпалы сияқты мәселелерді қарастырады.
Дүниені дүрліктірген COVID-19 пандемиясы бұқаралық ақпарат 
құралдарында өзекті тақырып болды және БАҚ халыққа дер кезінде індет
туралы ақпараттарды жеткізудің басты құралына айналды. Осы тақырып 
аясындағы газеттің басты қызметі – індеттің таралу аймағы және 
статистикасы жөнінде ақпарат беру, ауру белгілері мен одан сақтанудың 
жолдарын көрсету, індетке қарсы қолға алынған іс-шаралар туралы, 
мемлекеттің халыққа берген жәрдемі, әлеуметтік қолдаулар жөнінде 
ақпарат беру; сондай-ақ пандемия кезінде халықты үрейге бой алдырмай, 
бірлесе күресу мен сабырға шақыру болды. Пандемия туралы мәтіндердегі 
ақпараттар осы жағдайда қоғамда туған әлеуметтік, экономикалық, саяси, 
рухани проблемаларды да нақты анықтап көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда, 
алғаш рет зерттеу нысаны болып отырған COVID-19 пандемиясының 
қазақ медиамәтініндегі көрінісінің лингвопрагматикалық аспектісі өзекті 
тақырып болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет